[28.12.2010.] Араб тілі қиын тіл емес (мәліметті көшіріп таратыңыздар, бауырлар) - 28 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:54
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2174
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 28 » [28.12.2010.] Араб тілі қиын тіл емес (мәліметті көшіріп таратыңыздар, бауырлар)


[28.12.2010.] Араб тілі қиын тіл емес (мәліметті көшіріп таратыңыздар, бауырлар)
11:41
Араб тілінің өзіндік графикалық ерекшеліктері бар әріптеріне қарап: "Араб тілі — үйренуге қиын тіл” деп, шорт кесіп шешім айтатындар кездеседі. Бірақ ондай шешімдер мүлдем дұрыс емес.

Арабша әріптердің біздің көзіміз бен қолымыз үйренген латын және кирилл қаріптерінен өзгеше екені анық. Бірақ ол араб тілі қиын дегенді білдірмейді. Тілдің қиындығы әріптерінің немесе таңбаларының күрделілігімен емес, олардың дыбысталуымен, тілдің грамматикасымен өлшенеді. Мысалы, арабшадағы оп-оңай бір сөздің француз тіліндегі баламасын айту өте қиын болуы мүмкін. Өйткені, француз тілі әріптерімен емес, олардың оқылуымен, сөздерінің дыбысталуымен қиын деп саналады. Тағы бір мысал, күнделікті еститін, бесіктен қабірге дейінгі өмірде естіп жүрген орыс тілін үйрену өте қиын. Бесіктен бастап еститін тіл болғандықтан бізге оның қиындығы біліне бермейді. Орыс тілі әлемдегі қиын тілдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Неміс тілінің грамматикасы да сондай. Ал грамматикасы өте оңай санайтын ағылшын тілі ше? Сөздердің жазылуы мен айтылуы бойынша қиын тілдердің бірі — осы ағылшын тілі. Олай болса, тілдерді әріптеріне қарап оңай немесе қиын деп жіктеуге болмайды.

Араб тілін әріптерге сүйеніп, қиын деп санайтындарға тиісті ой айтылды. Енді "Араб әріптері қиын ғой. Сөздің басында басқа, ортасында және соңында басқаша жазылады. …” дейтіндерге бір-екі ауыз сөз.

Арабша әріптердің сөздегі орындарына байланысты әр түрлі жазылатыны рас. Есесіне, оларда бас әріп, қосарланған әріп дегендер жоқ. Бір буынды бір-ақ әріппен жазуға болады.

Қытайдың иероглифтерін көріп, ол тілді үйренгісі келмейтіндер қаншама. Бірақ ол иероглиф тек бір реттік. Оны үйреніп алғаннан кейін сіз маңызды шаруадан құтыласыз. Егер қытай иероглифтері мен араб әріптерін үйрену қиындықтарын салыстырсақ, араб әріптері баланың ойынындай болып қалады.

ДінИслам.kz сайты мен Мәліметтер.org сайтының бірігіп ұйымдастырып жатқан араб тілін үйрену сабақтарына қош келдіңіздер! 
Араб тілі блогына қош келдіңіздер деген тілекпен Мәліметтер.org сайтының әкімшілігі.  

Категориясы: Хабарландырулар, құттықтаулар | Көрілді: 813 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0