[28.12.2010.] Роланд Эммерих Қағбаны неге «құлатпады»? - 28 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:54
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 28 » [28.12.2010.] Роланд Эммерих Қағбаны неге «құлатпады»?


[28.12.2010.] Роланд Эммерих Қағбаны неге «құлатпады»?
11:55
Тақырыпты бұлайша қойғаным үшін қорқып та тұрмын. Тырнақша арқылы «залалсыздандырсам» да, артық айтып қоймадым ба деген ой мазамды алып жатыр. Әрине, әңгіменің «2012» фильмі туралы екені көпшілікке түсінікті шығар.  
«1. Піл иелерін тәңірінің қалай еткенін көрген шығарсын? 2. Олардың қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпеді ме? 3. Оларға Тәңірі топ-топ құстарды жіберген. 4. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. 5. Сөйтіп оларды дәні желінген сабандай етіп тастады». (Құран Кәрім. «Піл» сүресі)

Сүренің фильмге, фильмнің сүреге не қатысы бар деген сұрақ бірді-екілі адамда туып та үлгерген болуы мүмкін. Дін маманы емеспін, бірақ ойыма келген осы бір байланысты сіздерге баяндап берейін.

Тарихта «Піл оқиғасы» деген атпен қалған бұл уақиға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған 570-жылы болған. Йеменнің билеушісі Абраһа пілді әскерімен Қағбаны қирату үшін Меккеге келеді. Мақсат тоғыз жолдың торабы, құлшылықтың, әрі сауда-саттықтың ошағы болған қаланы сол мәртебесінен айыру еді. Абраһа Қағбаны қиратқанда ғана Меккега ағылған керуенді тоқтатуға болады деп ойлады. Оның үстіне, мұның алдында өз еліне тағы бір «қағба» салып алған болатын. Бірақ жұрт ол жалған «қағбаға» бармақ түгілі, маңына жоламай қойды. Көпшілігі ашу шақырды. Тіпті, ішін нәжіспен ластап кеткендер де табылды. Ызаланған Абраһа нағыз Қағбаға жорыққа шықты. Тарихшылардың айтуынша, ол заманда пілді әскерге жететін әскер жоқ-тын. Пілді әскер – қарсы келгенді таптап өтетін жойқын күш, танкті армия сияқты еді. Бұл зұлым күшті тоқтата алмасын білген Мекке жұрты қаланы тастап тау-тасқа қашып кетуге мәжбүр болды. Тәпсіршілер осы арада мына бір жайтты баяндайды. Абраһа Меккеге жақындап, жұрттың малын тартып ала бастайды. Сонда оның қосынына келуге меккеліктерден Пайғамбарымыздың атасы Әбдімүтәліптің ғана дәті барған екен. Сұңғақ бойлы, келісті, сұлу жүзді адамның жападан-жалғыз келіп тұрғанына таң қалған билеуші «мына адам Қағбаны қиратпауымды өтінетін шығар, мынадай кісінің бір ауыз сөзі үшін райымнан қайтуға бейілмін» деп ойлаған көрінеді. Бірақ Әбдімүтәліптің аузынан ондай сөз шыққан жоқ. Бар айтқаны: «Менің жалғыз түйем бар еді. Сол түйемді қайтар». Таң-тамаша болған Абраһа: «Сен неге Қағба шабуыл жасама деп өтінбейсің?» деп сұрайды. «Мен – түйенің иесімін, ал Қағбаның өз Иесі бар» деп жауап қатқан екен сонда Әбдімүтәліп. Бұл Қағба Иесінің, яғни, Алла Тағаланың Абраһаға Әбдімүтәліп арқылы жасаған ескертуі еді. Ескертуге мән бермеген бұзақы билеушінің әскерлері Меккеге лап қояды. Сонда аспаннан белгісіз бір құстар пайда болып, олар тұмсықтарына және тырнақтарына қысқан түйіршік тастарды әскерге қарай атқылай бастайды. Соққының жойқын болғаны сондай, пілді әскердің бірі де қалмай қырылып қалады. Қырылу былай тұрсын, «желінген топандай» болады. Ғалымдар осы арадағы «желінген» деген сөздің «желініп, асқазанда қорытылып, қайта шыққан нәрсенің» сыпайы айтылған түрі деп тәпсірлеп жүр. Бұл қырғыннан тек Абраһа ғана аман қалады. Арып-ашып ауылына қайтқан әмір Йеменге жетіп дүние салады. Бірақ жолда оның барлық денесі шіріп, саусақтары, қолдары бөлініп түсіп қалған еді. Алланың қорғауындағы қасиетті Қағбаға қол сұқпақ болған билеуші жұрт алдында қатты азаппен жан тапсырды. Әбәбил аталатын бұл құстар оған дейін болмаған, қазір де жоқ, тек Жаратушының қалауымен сол мезетте жаратылып, бұйрық орындалған соң қайта жоқ болған. Алланың сөзі Құранда келгендіктен біз бұл оқиғаға қалтқысыз сенеміз. Енді Эммерихқа келейік. Әйгілі фильмінде дүниенің түгін қалдырмай қиратқан режиссер Ватиканның да, «Бостандық статуясының» да, Ақ үйдің де, Рио-де-Жанейродағы Иса мүсіннің де «күл-паршасын» шығарды. Әу баста бұл тізімде күллі мұсылманның құбыласы Қағба да болған екен. Бірақ жоспар жүзеге асқан жоқ. Бұл жолғы ескертуші – сценарист Харальд Клозер. Клозер мырза мистер Эммерихқа келіп барша мұсылман әлемін өзімізге қарсы қойып алудан қорқамын дегенді айтыпты. Қасиетті жерді қиратпай-ақ қойсақ деп қиылыпты. Бұл ұсыныс режиссердің де көңіліне қона кеткен. «Біз бәрін де ескеруге тіиспіз. Христиандықтың кез-келген құндылығымен «ойнай беруге» болады. Ал мұсылман әлемімен олай етіп көріңіз… не болар екен?» депті ол бір сөзінде. Сірә, 5 жыл бұрын Данияда болған жағдай Роландтың да есінен шыға қоймаған болу керек.

  Сонымен, режиссерді тоқтатқан қандай ой? Әдетте, амбициялы шығармашылық адамдарын алған бетінен қайтару қиын. Көмекшінің бір ауыз сөзіне бола тоқтай салу қисынға томпақтау. О кісіні «піл оқиғасынан» хабары бар деу күлкілі долбар. Демек, Құдай оның көкейіне қорқыныш салып қойды. Сөйтіп, қияметке дейін өз қорғауындағы Үйдің, шын өмір былай тұрсын, кинода да қиратылуына жол бермеді. Мақалав авторы "Тұспалсөз" блогы.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 1234 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 4.7/3 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 2
21.Ақпан.2011
2. AbdulAZIZ
ALLAH TAGALAGA SAN MAKTAULAR MEN WUKIRLIRTER BOLSIN!!!

[пікірдің сілтемесі]
13.Қаңтар.2011
1. tastulek
jaksi oy eken. Allahti oylagan adam osilay tonka tusinedi

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0