Нартай ауылында имандылық үйі ашылды. Шиелі ауданы Нартай ауылында «Арғын ата» мешіті ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тұрғындар көмегімен кесене тұрғызуға ауыл ағасы Мұхамеджан Әлиев мұрындық болса, имандылық үйін ағайынды Бекет және Болат Сүлейменовтер салдырып, жерлестеріне сыйға тартты.Мешіттің ашылу рәсімінде аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы Халижан қажы Заңқоев, әділет генерал-майоры Айтбай Әлібаев құттықтау сөз сөйледі. Соңынан бабалар рухына арналып ас беріліп, Құран бағышталды. ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.