[29.10.2009.] Шылым шегу харам ба? - 29 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:56
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 685
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 29 » [29.10.2009.] Шылым шегу харам ба?


[29.10.2009.] Шылым шегу харам ба?
13:05
Жақында Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай барлық қоғамдық орындарда шылым шегуге тиым салынған болатын. Ал заңды бұзып, шылым шеккендер 1300-8000 теңге аралығында айыппұл төлейді. Осы орайда біз де шылымның денсаулыққа тигізер зияны туралы айтуды жөн көрдік.

Темекінің зардабы көп

Темекі тарту пайғамбарымыздың, сахабалардың, одан кейін келген төрт мәзһаб имамдарының кезінде әдет болмаған. Сондықтан темекі тартудың адал немесе арамдығына байланысты хадистерден, не төрт мәзһаб имамдарының пәтуаларынан нақты дәлел табу қиын.
Ал темекі алғаш рет XVІ ғасырда пайда бола бастағаннан бері оның адал не арамдығына байланысты ислам ғұламаларының түрлі пікір білдіргенін байқаймыз. Кейбір ғұламалар темекіні нақты харам ететін Құран мен хадистен айқын дәлелдің жоқтығын және сол ғасырларда оның адам ағзасына зияндылығы анық дәлелденбегендігін алға тартып «мәкрүһ» (шексе, күнәһар болмайды) деп үкім шығарса, енді біреулері Құрандағы кейбір аяттарға сүйене отырып «харам» (шексе, күнәһар болады) деп кесіп айтқан.

Бүгінде ислам ғұламалары мен бірқатар ислами ұйымдар оның анық харам екендігін айтып, төмендегі пәтуаларды шығарды:

Бірінші, Құранда: «(Мұхаммед пайғамбар) Оларға пайдалы пәк нәрселерді адал етіп, зиянды нәрселерді харам етеді...», «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!», «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!» (Ағраф сүресі, 157-аят, Бақара сүресі, 195-аят, Ниса сүресі, 29-аят), – делінген. Демек, Мұхаммед пайғамбар әкелген дінде адамға зиянды барлық нәрсе – харам. Шылым шегіп денсаулығына зиян тигізген кісі өз қолымен өзін қатерге итермелейді, әрі өз-өзін ұзақ мерзімде «баяу өлтіруіне» жатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекі шегеді. Сорақысы сол, елімізде жылына – 25 мың, күн сайын 70 пенде темекінің кесірінен туындаған дерттерден көз жұматын көрінеді. Езуіне шылым қыстырған кісілердің тең жартысының ғұмыры 15 жылға кемиді екен.
Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Ал темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық зат барлығы анықталған. Тек бір тал темекі шеккен адамның ағзасында нико­тиннің зардабынан бүйрек үстіндегі бездерден «арденамен» және «норадренамен» деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады. Сондай-ақ ол ең алдымен асқа деген тәбетті қайтарады. Ас қорытуды қиындатады. Тісті сарғайтып, ауызды сасытады. Асқазанда жара пайда болады. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады. Жөтел және қақырық пайда болады. Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады. Тамырды қатайтады. Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол, аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады. Ми қызметін реттейтін тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады. Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады. Есте сақтау қабілетін азайтады. Көңілсіздікке душар етеді. Ұйқыны азайтады. Теріге әжім түсіреді. Тіпті ер мен әйелдің жақындасуына еңжарлықтың басты себебінің бірі – темекі шегу.

Ысырапшылдық – шайтанның ісі
Екінші, Құранда: «...Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырып етпеңдер!», «Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал шайтан болса Раббысына тым күпірлік етуші» (Әл-Имран сүресі, 57-140-аяттар), – деп ысырап етудің күнә екендігін, тіпті, кісіні шайтанға бауыр ететін Жа­ратушыға жағымсыз іс екенін білдіреді. Ысырап дегенде тек ақшаны ойламауымыз керек. Пайғамбар өз хадисінде: «Адамдардың көбі Алланың өзде­ріне берген екі үлкен нығметінің қадірін білмейді. Олар денсаулық пен бос уақыт», – делінеді.
Үшінші, Пайғамбар тағы бір хадисінде: «Пияз, не сарымсақ жеген кісі бізден аулақ жүрсін немесе намаз оқитын жерімізге жақындамасын, үйінде отырсын!» – деген. Неліктен? Себебі көпшілік жиналатын жерге жағымсыз иіспен бару – Ислам этикасына қайшы. Бұл – құлшылығын алаңсыз жасағысы келетін жандардың мазасын қашырып, жеке құқығына қол сұғу, әрі темекінің жағымсыз иісін тұла бойына сіңгізген кісінің мешітке барып құлшылықтағы жамағаттың құтын қашыру, өзгеге жасалған зұлымдық. Өйткені, кез келген шылым шекпейтін кісі темекінің иісін мүлде жақтырмайды, тіпті кейбір жандардың басы айналады.
Құранда: «Сөзсіз Алла-тағала зұлымдық жасағандарды жақсы көрмейді» (Шура сүресі 40-аят), – деп өзгеге зияны тиген адамдардың Жаратқанның махабатынан алшақтайтынын ескерткен. Шылым шегетіндердің айналасындағы бала-шағасы, басқа да адамдар, темекі тартатындарға қарағанда анағұрлым көбірек жапа шегетіндігі анықталып отыр. Сондай-ақ, шылым шегетін әйелдерден туылған сәбилер көп жағдайда аурушаң боп дүниеге келеді. Ата-анасының жауапсыздығы нәтижесінде дүниеге келген аурушаң балалар ертең ақырет күні әкесі мен анасының жағасына жабысып, қиын сұрақтың астына алары сөзсіз.
Төртінші, Исламда: «Бір іске себепкер болған кісі сол істі істегенмен бірдей күнә, не сауап алады» деген негізді қағида бар. Әкесінің, не жақын адамының, тіпті, бейтаныс үлкен кісінің шылым шеккенін көрген бала санасында ол іс өзінің жиіркеніштілігін жоғалтады. Будақтап шыққан темекінің көк түтініне кішкентайынан көзі үйреніп, жан дүниесіне жақын қабылдаған жас жеткіншек темекі тартуға әрдайым құмарланып тұрады. Тіпті шылым шегу олар үшін есеюдің нышанындай боп көрінеді.
Ал кейбіреулер қатты қысылғанда өзгелердің шегіп тастап кеткен қалдығын да қолданып жатады. Кейбір жандар: «Темекі тартсаң жүйкеңді жұбатып, ашуыңды тарқатады» дейтінді желеу етіп, өздерін алдаған болады. Алайда, Хақ пайғамбары ашуланғанда шылым шегуді емес, дәрет алып, намаз оқуды бұйырғанын ұмытпайық.
«Қиямет күні әрбір құл ғұмырын қайда өткізгенінен, алған білімімен қандай амал жасағанынан, мал-мүлкін қалай тауып, қайда жұмсағанынан және дене мүшесін қайда құртқандығынан сұралып, есеп бермейінше орнынан бір қадам алға жылжымақ емес», – деген пай­­ғамбадың тағылымы мол хадисін әркез жадымызда ұстағанымыз абзал.
Ә. КЕМЕЛБЕК. Мақала Замана газетінен.

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 1554 | Ендірген: shamshat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0