[29.10.2010.] Хиджап киеміз бе, жоқ әлде кимешек киеміз бе? - 29 Октября 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 22:57
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 1184
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 29 » [29.10.2010.] Хиджап киеміз бе, жоқ әлде кимешек киеміз бе?


[29.10.2010.] Хиджап киеміз бе, жоқ әлде кимешек киеміз бе?
18:11
Қазақтың арасында кейбіреулер бар, «хиджап» деген сөзге өлердей өш. «Пәленше хиджап киіп алыпты» десе, «бет-аузын тұмшалап алып не көрінді сонша?» деп жақамай, жақтырмай, тіпті жиіркенішпен қарайтындар да бар. Өзерінше бойларына сіңіріп алған «әдеті». Сол «әдеті» қаншалықты жөн, адамшылыққа жата ма, арты опық жегізіп, күнә арқалатпай ма? Онда олардың шаруасы жоқ. Көптің пікіріне көрсоқырлықпен сүңгіп кетеді де, соған ілесіп жүре береді. 
Қуыс кеуделікпен, «араб емес, қазақпыз» деп көкірек кеудесін соғатындарға не айтасың? Ол ол ма, оған тағы «ол – «арабизмнің» нышаны, арабтардың қазақтың ішін ірітуге әкелген экспансиялық саясаты» деп еселей қосады ғой. Негізсіз бөседі. Ол расымен арабизм ба, жоқ па, оның түбінде қаншалықты саясат жатыр, ондай қысыр әңгімеге біз уақыт пен сияны ысырап қылмаймыз. Ысырап қылғымыз да келмейді. Онымен шаруамыз да жоқ. Біз тек өз білгенімізді айтайық. Өз түйгенімізді оқырманмен бөлісейік. Өз пайымымызды қалың қазаққа ұсынайық… Кім қалай қабылдайды, өз еркі.
«Хиджап» арабтың сөзі екен. Рас, біз неге бөтен сөзбен ел арасын былғауымыз керек? Неге қазақтың төл сөзі тұрғанда, «хиджап» сөзімен тілімізді күрмелеуіміз керек? Қазақ арасында осы сөздің атына қарсы адамдарға мен де қосылам. Бірақ затына қарсыларға мен қарсымын. Затына қарсы шығу дегеніміз, қазақтың затын да өзекке тепкенмен бірдей. 
 Қазақта әлгі «хиджап» деп атап жүргеніміздің төл атауы – кимешек. Қазақта «кимешек кигізу» деген салт бар. Қажет десеңіздер «Уикепия» энциклопедиясының келтірген анықтамасын да назарларыңызға ұсынайық: «Жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Перзентті болған соң ауыл әйелдері, бәйбішелері әдейі жиналып келіп, келінге кимешек кигізеді. Бұл келіннің ана болған кезі. Қазақстанның солтүстік аймағында мұны «жаулық салды» деп те атайды. Кимешек те, жаулық та ана болған әйелдің белгісі екендігін көрсетеді. Жас адам болғандықтан бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі». Яғни, кимешекті көз алдыңызға әкелер болсаңыз оның шариғатта «әурет» деп атаған жерлерін жаба тігілгенін көресіз. Яғни, шашты жаба тіккен, омырауға түскен қыздардың бас киімі. Мұны ұзатылған қыздардың барлығы киген. Ұзатылған деуіміздің себебі бар. 
Қазір қазақтың тұрмысқа шықпаған қызы орамал тақпақан, басын байлам жаппаған деп жатады. Онысына дау жоқ. Бірақ, қай заманда? Рас, қазақтың қаймағы бұзылмай тұрғанда, тұрмысқа шықпаған қыздың басына жаулық салынбаған. Өйткені, ол кезде қазақ ру-ру болып қоныстанған. Бір ауыл түгелдей бір атаның елі болатын. Мәселен, «жігітектің ауылы», «тобықтының ауылы», «мамайдың ауылы» деген сияқты. Ал аталастарға бір-бірінен қыз алып, қыз берісуге рұқсат жоқ. Бұл – шариғат заңы! Қазақ сондықтан да, «жеті атаға дейін қыз алысуға болмайды» дейді. Ал бұл – дала заңы! Мұндағы мақсат – туысқандықтың шеңберін кеңейту. Ал туыстық қарым-қатынасты нығайту діндегі ең жауапкершілігі жоғары, сұрауы бар мәселе. Ендеше, туыстарының ортасында жүрген қыздың әуреті шариғат бойынша әурет саналмайды. Сол себептен де қыздың шашы ашық жүрген. Ал қыз ұзатылған соң, басқа бір бөтен ауылға келін болып барған соң ондағы адамдарға әуретін көрсетпеген. Кимешек киген.
Міне, қазіргі қазақтың тарихына терең бойлай білмеген жандардың «қазақтың қызы орамал тақпаған» деуінің негізсіз екенін түсіндік. Ал қазіргі қоғам бір ауыл, ру-ру болып отыратын жағдайда емес. Қала да, ауыл да аталас емес, аралас тұрады. Сондықтан да, Алланың бұйрығын тәрк етуге еш сылтау жоқ. «Есті қыз етегін жауып жүреді» дейді қазақ. Сондықтан да, Алланың парызын өтеп, әміріне мойынұсынып жүрген қаракөздерімізді негізсіз ғайбаттаудан сақтанайық. Арты опық жегізіп жүрмесін! Ары таза, момын қызға жала жабудан сақтанайық. Себебі, Алланың сүйікті Елшісі: «Жеті ауыр күнәдан сақтаныңдар, соның бірі ары таза, мүмин әйелдерге жала жабу», – демеп пе еді?.. Ендеше, сүйрелеңдеген тіліміз отқа сүйремесін, ағайын!.. Ал «хиджап» қарсы, «қазақ» деп жүрегі соғып тұрған, қазақ дәстүрінен басқа ешнәрсені қабылдамайтын қазаққа айтарым… Хиджап кимесең, кимешек ки! Дәстүрден аттама.
Салтан СӘКЕН. "Жүрек сөзі" блогынан.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 510 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
30.Қазан.2010
1. Sailaugazyev Bauyrzhan Sailaugazyul (pende)
ия жақсы жазылған, осыны халықтын құлағына құяберу керек arb

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0