[29.12.2010.] Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты - 29 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 23:00
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 29 » [29.12.2010.] Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты


[29.12.2010.] Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
14:57
Астапыралла, естімеген елде көп деген рас екен. Жүре берсең көре бересің деген қазақ атамның сөзі тура келді. Елорданың сауда орталығының бірінде өткен бір шалбар үшін жұртты тыр-жалаңаш шешіндіру акциясы елді елең еткізді. Мұны жылдың ең жағымсыз жаңалығы деуге болады.
Жыл соңында «батыстың жаппай жалаңаштану» атты қауіпті вирусы бізге де келіп жетті. Мұндай сорақы шара анау-мынау емес еліміздің бас шаһары - Астанада өтті. Тегін киінудің бір ғана шарты бар. Дүкенге тыржалаңаш кіріп, көпшіліктің алдында арлы-берлі ойқастап жүрсеңіз болғаны. Есесіне су жаңа джинсі шалбарын тегін иеленесіз. Бір өкініштісі, мұсылманшылығымызға таңба салатын ұятты істі жаңа жыл қарсаңында су жаңа сыйлық ретінде жасаған өзге емес, өзіміздің қаракөз бауырларымыз. Тұтынушыларды тырдай жалаңаш шешіндірген акцияны ұйымдастырушылар бұл әрекеттерін жастарды белсенді өмірге шақырудың тәсілі, тұтынушы тартудың бір жолы дейді.
 «Кейбір сауда орындары мереке қарсаңында 70 пайызға дейін жеңілдіктер жасайды. Ал біз болсақ «жалаңаштарға» киімді тегін береміз. Тек тұтынушы тыр жалаңаш шешінсе болғаны. Нағыз жеңілдік осы емес пе!» дейді жаппай «жалаңаштарды» жарылқауға көшкен Азия-парк сауда орталығы саудагерлерлерінің бірі. Бір киім үшін арын саудалаған акциядан қандай жастардың өмір сүруге деген белсенділігі мен құштарлығын көруге болады?! Жалғасы мұнда...
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 783 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 3
02.Сәуір.2011
3. Турсынай
Алладан қорықпаған адамнан ұялмайды арсыз,надан

[пікірдің сілтемесі]
21.Наурыз.2011
2. Бауыржан
Азия парк шетел қонақтары мен қала тұрғындары жиі келетін орындардың бірі, яғни қоғамдық орын. Сондықтан бас шаһарымыздың төрінде осындай арсыз ойын ұйымдастырған ұйымдастырушыларды жауапқа тарту керек. Тартқанда, тайға таңба басқандай тарту керек, басқаларға сабақ болсын!

[пікірдің сілтемесі]
21.Ақпан.2011
1. Жандос
Кеңкелес болса дауа бар ма? жастарды малдық кейіпке түсірудің бір амалыда?

[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0