[30.10.2010.] Обращение Главного имама Центральной мечети г.Алматы к Президенту АО "НК «Қазақстан Темір Жолы» Аскару Узакпаевичу Мамину.
Президенту АО "НК «Қазақстан Темір Жолы»
Аскару Узакпаевичу Мамину
Уважаемый Аскар Узакпаевич!
Пассажирские перевозки посредством поезда, как правило, занимают длительный временной отрезок, занимающий, порой, до 5 суток. Это означает, что многие пассажиры, проводят в среднем за одну поездку несколько ночей в поезде. Весь быт человека в это время переносится в небольшой участок его купе.
Как известно наша страна преимущественно исповедует Ислам. Многие мусульмане и мусульманки испытывают серьезное неудобство, когда им, порой совершенно незнакомым людям, приходится находится в одном купе с людьми противоположного пола. Ещё хуже, если едущая компания пассажиров распивает спиртное либо ведет себя довольно свободно с женщинами. Такие и подобные случаи, а также неоднократное обращение прихожан мечети и посетителей нашего портала (http://www.meshit.kz/) приводят нас к необходимости обратится к Вам с просьбой ввести как услугу купе раздельное по половому признаку. ... Жалғасын оқу »
[29.10.2010.] Хиджап киеміз бе, жоқ әлде кимешек киеміз бе?
Қазақтың арасында кейбіреулер бар, «хиджап» деген сөзге өлердей өш. «Пәленше хиджап киіп алыпты» десе, «бет-аузын тұмшалап алып не көрінді сонша?» деп жақамай, жақтырмай, тіпті жиіркенішпен қарайтындар да бар. Өзерінше бойларына сіңіріп алған «әдеті». Сол «әдеті» қаншалықты жөн, адамшылыққа жата ма, арты опық жегізіп, күнә арқалатпай ма? Онда олардың шаруасы жоқ. Көптің пікіріне көрсоқырлықпен сүңгіп кетеді де, соған ілесіп жүре береді. Қуыс кеуделікпен, «араб емес, қазақпыз» деп көкірек кеудесін соғатындарға не айтасың? Ол ол ма, оған тағы «ол – «арабизмнің» нышаны, арабтардың қазақтың ішін ірітуге әкелген экспансиялық саясаты» деп еселей қосады ғой. Негізсіз бөседі. Ол расымен арабизм ба, жоқ па, оның түбінде қаншалықты саясат жатыр, ондай қысыр әңгімеге біз уақыт пен сияны ысырап қылмаймыз. Ысырап қылғымыз да келмейді. Онымен шаруамыз да жоқ. Біз тек өз білгенімізді айтайық. Өз түйгенімізді оқырманмен бөлісейік. Өз пайымымызды қалың қазаққа ұсынайық… Кім қалай қабылдайды, өз еркі. «Хиджап» арабтың сөзі екен. Рас, біз неге бөтен сөзбен ел арасын былғауымыз керек? Неге қазақтың төл сөзі тұрғанда, «хиджап» сөзімен тілімізді күрмелеуіміз керек? Қазақ арасында осы сөздің атына қарсы адамдарға мен де қосылам. Бірақ затына қарсыларға мен қарсымын. Затына қарсы шығу дегеніміз, қазақтың затын да өзекке тепкенмен бірдей. ... Жалғасын оқу »
Жалпы «такфир» немесе «һижра жамағаты» деген (өздерін «мұсылман жамағаты» деп атаушылар) ағым – исламдағы шектен шыққан топ болып табылады. Бұл ағым сенімдерінің негізі хауариж ағымының такфир ұғымына құрылады. Хауариж – Ислам тарихында ең алғаш пайда болған кереғар ағым. Бұл ағымның мүшелері ІІІ Халифа Осман бин Аффанды және ІҮ халифа Әли бин Әбу Талибті қастандықпен өлтірген. Осман және Әли – ұлық сахабалар, Ислам дініне көп еңбек сіңірген тұлғалар. Хауариждер Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларын ғана емес, мыңдаған бейкүнә мұсылмандардың да қанын төккен. Ағым өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Мысыр елінің түрмелерінде жаппай қамауға алынған мұсылмандар арасында бой көтерді. Әсіресе, ол Мысыр студенттері ортасында ерекше қолдауға ие болды. Ағымның дүниеге келуіне түрткі болған жайт, түрмелердегі адам... Жалғасын оқу »
Бірде Омар ибн Хаттаб (р.а.) Абу Муса ал-Ашъариден (р.а.) хат алды. Онда Әбу Мұса ал-Ашъарий: «Омар маған сенен хаттар келеді. Тарихы белгісіз. Мерзімін көрсетіп жазсаң жақсы болар еді»,– деген өтініш білдірді. Сосын, тағы бірде Омар ибн Хаттабтың (р.а.) өзі хат алды. Хатта шағбан айы деген сөз бар еді. Бірақ, қайсы шағбан? Өткен жылғы ма, әлде биылғы шағбан ба? Осыны біле алмай қиналды.
Ата-бабаларымыздан біздерге «Үш қасиетің: дініңді, діліңді, тіліңді сақта!» деген қанатты сөз қалды. Ендеше осынау істің үдесінен шығу – кім-кімге болмасын, кез келген ел жанды азаматқа үлкен жауапкершіліктерді жүктейтіндігі сөзсіз.
Әрбір ұлттың өз тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының болатындығы белгілі. Ал бүгіндері осы құндылықтарымыздың қоғамдық өмірде қолданылу аясы қаншалықты? Біздіңше, мұндай қасиеттерге, парасаттылыққа негізделген құнды дүниелеріміз өз деңгейінде деп ешкім де айта алмаса керек. Түрлі өркениеттер тоғысындағы қазіргі кезеңде осындай асыл қасиеттеріміздің жойылып кетуінен сақтанбасақ болмайды. Ұлттығымызды ұлықтай білуде, тіліміздің терең тамыр жаюы жолында, дін жұмыстарын жүргізуде дәстүрлі дін өкілдерінің орны өлшеусіз... Жалғасын оқу »
Әлемде діндер мен түрлі діни ұйымдар көп болып кеткені көптен бері көз үйренген нәрсе. Алайда солардың ақиқаты мен дұрысы қайсы? Алыстағыны ақтармай-ақ қояйық, өзіміздің 14 ғасырдан бергі мұсылмандар ұстанып келе жатқан қасиетті «Ислам» дініне тоқталайық. Соңғы кездері қыбыласы бірдей, Құраны да бірдей бола тұра мұсылмандар арасында түсінбеушіліктер мен бөлінушіліктер көбейіп кетті. Себебі олардың арасында саяси мүддені көздейтін топтар болса, екінші орында мұсылмандардың арасына іріткі салу арқылы ірітуге бағыттайтын топтар. Бұлардың барлығын да бірденнен білімсіздік пен діни сауатсыздықтан туындаған көрініс десек әбден жарасады. Қайсыбір ағымды мысалға алсаңыз, олардың түпкі мақсаттары басынан-ақ «қайтсек осы мұсылмандарды ойрандатамыз» деген ұранмен құ... Жалғасын оқу »
Жасанды түсік…… Бұл әңгімені бастауыма ауылдағы көлік жөндеп, сырлаушы, жалпақ тілмен айтқанда «костоправ» танысым Зейнулла себепші болды. Бірде көлікпен бірге жол жүріп бара жатып досы туралы айтқан болатын. Зейнулланың үш қызы бар екен. Ал досының бес қызы бар, сол досы әйеліне ренжулі, тек қана «қыз туасың» деп, «ішкен» сайын әңгіме айтса керек. Содан бір күні үйіне барса Аллаһ бір қызынан айырыпты. Зейнулла содан қатты ойланып, тоба барына ризамын деген екен. Аллаһ кейін Зәкеңе ұл беріп қуанышы қойнына сыймай, төбесі көкке жеткендей қуанған еді. Негізгі тақырыбым «жасанды түсік» (аборт) жайлы еді. Біреулер балаға зар болып жүр. Соның бірі өз достарымыз. Отау құрғандарына он жыл болды, Аллаһтың сынағы болса керек, досымыз әлі күнге дейін құрсақ көтермей жүр. Ал біреулер әйелін қы... Жалғасын оқу »
Шырайлы Шымкенттің көшелерінде
жас жігіт келе жатыр жанында сұлу бойжеткен бар. Ай десе аузы, күн десе көзі
бар. Тек қана бір кемшілігі киімінде секілді. Әрине ол менің көзқарасым
бойынша, басқалар үшін олай емес шығар. Осы жерде пайғамбарымыздың мынадай
хадисі есіме түседі. «Егер бір әйел келе жатса ш... Жалғасын оқу »
Соңғы кездерде Қазақстанда мұсылман қыздардың оқу орындарына орамал тағып баруы үлкен дауға айналып отыр. Осыған қатысты дiнтанушы Қайрат Жолдыбайұлымен сұхбаттасқан едiк. Ендi соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.
- Қайреке, елiмiзде қыз балалардың бiлiм беру мекемелерiнде мұсылманша киiнуiне қатысты түрлi дау-дамайлар туды. Дiн маманы ретiнде бұған пiкiр бiлдiрсеңiз? - Қыз баланың шариғат бойынша киiнуiнiң дiнiмiздегi үкiмi - парыз. Құран кәрiмнiң "Нұр" сүресiнде бұл жайлы анық айтылған: "Мүмiн әйелдерге айт, өздерiне харам етiлген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерiн зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрiнген жерлерiнен (бет, екi қол, тобықтан төмен екi аяқ) тыс әдемiлiктерiн көрсетпесiн. Орамалдарын жағаларының ойығын жа... Жалғасын оқу »