[30.09.2009.] Қазақстандық кришнаитер ЕҚЫҰ-нан араша сұрады
21:02
Орталық Азия бойынша кришна санасы қауымының үйлестірушісі Говинда Свама Қазақстан үкіметі осы қауым мүшелерінің 26 үйін бұзып, соларға тиесілі жер меншігін тартып алды деп мәлімдеді. Сейсенбі күні Варшавада ЕҚЫҰ-ның конференциясында сөз сөйлеген Говинда Свама қазақстандық үкіметтің мүддесін қорғайтын БАҚ-ның қысымы мен биліктің баспаналарды бұзу әрекеті тоқтағандығын, бірақ Кришна санасы қауымының жер мәселесі шешусіз қалғандығын атап көрсетті. Осыған орай, қауым өкілі ЕҚЫҰ-нан осы мәселеге назар аударып, әділ әрі оң шешіп қабылдауға ықпал етуін сұрады деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.