|
|
 |
|
 |
Негізгі бет » Жаңалықтар мұрағаты
| Әлем жаңалықтары [562] ТМД, Европа, Америка, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Араб әлемі және т.б. елдерден хабарлар... | ҚМДБ жаңалықтары. [67] "Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының" жаңалықтары, хаттамалары және қаулылары. | Білгім келген бір сұрақ.... [21] Сайтымызға келген хат қоржын.. | | Еліміздің соңғы жаңалықтары [460] Қазақ Елінің аймақтарынан келген соңғы діни және басқа да жаңалықтар бөлімі.... | Видео жаңалықтар бөлімі [16] Ғаламтордағы вебторабтардың видео жаңалықтары (қазақ, орыс, түрік және т.б. тілдерде) | Хабарландырулар, құттықтаулар [87] Еліміздің телеарналары мен радиотолықандарында берілетін мұсылманша діни бағдарламалар жайлы және басқа да мағлұматтар, құттықтаулар. | | ТМД жаңалықтары [70] Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше елдердің діни және басқа жаңалықтары. | Орта Азия жаңалықтары [14] Өзбек, қырғыз, тәжік, әзірбайжан, түркімен елдерінен келген соңғы жаңалықтар бөлімі | Уағыз-насихат бөлімі [172] Аллаһ тағаланың құзырында қабыл болатын дін, тек Ислам ғана. | | Өзекті мәселе.... [326] Сіз бұған не дер едіңіз? Пікіріңіз құр қалмасын! | ҚазНеттегі діни сайттар [3] Бұл бетте ҚазНеттегі діни сайттар, жаңадан ашылған діни сайттар жайлы біле аласыздар.. | Асыл арна жаңалықтары [4] Сіз мұнда "Асыл арна" ислами телеканалының жаңалықтарын оқи аласыз.. | | Қазақстан және ИКҰ (ОИК) [4] Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын басқарады |
« 1 2 3 4 5 6 ... 182 183 »
|
[28.12.2010.] Роланд Эммерих Қағбаны неге «құлатпады»? | |
Тақырыпты бұлайша қойғаным үшін қорқып та тұрмын. Тырнақша арқылы «залалсыздандырсам» да, артық айтып қоймадым ба деген ой мазамды алып жатыр. Әрине, әңгіменің «2012» фильмі туралы екені көпшілікке түсінікті шығар.
«1. Піл иелерін тәңірінің қалай еткенін көрген шығарсын? 2. Олардың қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпеді ме? 3. Оларға Тәңірі топ-топ құстарды жіберген. 4. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. 5. Сөйтіп оларды дәні желінген сабандай етіп тастады». (Құран Кәрім. «Піл» сүресі) ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[28.12.2010.] Араб тілі қиын тіл емес (мәліметті көшіріп таратыңыздар, бауырлар) | |
Араб тілінің өзіндік графикалық ерекшеліктері бар әріптеріне қарап: "Араб тілі — үйренуге қиын тіл” деп, шорт кесіп шешім айтатындар кездеседі. Бірақ ондай шешімдер мүлдем дұрыс емес.
Арабша әріптердің біздің көзіміз бен қолымыз үйренген латын және кирилл қаріптерінен өзгеше екені анық. Бірақ ол араб тілі қиын дегенді білдірмейді. Тілдің қиындығы әріптерінің немесе таңбаларының күрделілігімен емес, олардың дыбысталуымен, тілдің грамматикасымен өлшенеді.... Жалғасын оқу »
|
|
|
[26.12.2010.] ЖАҢА ЖЫЛ – ҚАРАЛЫ КҮН | |
Жақында жаңа-жыл емес – жаға-жұл басталады. Масайған жұрт бір-бірінің жағасын жұлады. Білесіз, ол – 1 қаңтар. «Исаның туған күні» деп кәпірлер бекіткен мейрам. Бірақ, Исаның туған күнін солардың өздері де нақты білмейді. Алла-Тағалам өз құдіретін білсін деп, барлық өсімдік, шөп атаулы сарғайып кеткен қақаған қыста шыршаны жап-жасыл кейпінде қалдырған. Сол шыршаны шайтан ой салып, адам баласына өз қолымен кескізіп, жаңағы «туған күнге» пайдаланған. Оны кескізудегі мақсат – Аллаһтың шеберлігімен жыл он екі ай жасыл кейпін сақтайтын шыршаға қаскүнемдік жасау. Шайтан жылына 6 миллиард шырша кестірсе де шыршаны жоя алмайды. Бұл – Аллаһтың құдіреті.
Біле-білсеңіз, шайтан өш алуға белсеніп кіріскен. Аспаннан төмен ағып түскен метеорид, періштелерден ақпарат ұрлап қашқан шайтандарға атылған оқ еді. Ал, «... Жалғасын оқу »
|
|
|
[26.12.2010.] Мешіт жанына шырша орнатуға бола ма? | |
Бүгінде Шымкентте алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай қойылған бірнеше алып шыршалар бар. Солардың бірі «Ордабасы» алаңындағы облыстық мешіт алдында тұр. Бұл 20 метрлік шыршаны тамашалаушылар баршылық. Дегенмен осы шыршаның мешіт алдына қойылғаны дұрыс еместігін айтып жүргендер де бар.
«Мешіт – Алланың үйі, мұсылмандардың құлшылық жасайтын орны, ал әл-Қаттани мешіті – Оңтүстік Қазақстан облысының басты ғидабатханасы. Бұл жерге жамағат көп келеді, құлшылықтарын жасайды. Осындай Алла үйінің алдында жаңажылдық шыршаны орнату кімге керек? – дейді облыстық мешіттің баспасөз хатшысы, найб-имам Мұхамеджан Естеміров (суретте). – Былтыр мешіт алдында осы алып шырша айлап тұрды. ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[24.12.2010.] Көшіргіштерге өшіргіш керек. | |
Қазнетте қазақ тілді сайттар көбейсе өз басым қуанамын. Қазақ тілді интернет оқырманының көбейгені жақсы. Қазақ тілді сайттарға сұраныстар, қазақ тілді оқырман болса ғана арта түспек. Менің бұл ретте айтайын дегенім, сол сайттардың ішінде көшіргіштер пайда болып жатыр. Бір адам бірнеше күн мақала жазады, ізденеді. Оны бір сайт алады да көшіріп қояды. Кейде авторында жазбайды. Авторын жазсада мақаланың алынған жері немесе сілтемесі жазылмайды.
www.islamdini.ru сайты туралы айтайын деп едім. Аталмыш сайттан өзімнің жазған бірнеше мақалаларымды көрдім. Пікір ретінде сілтемесін жазсаңыз дұрыс болар деп жазып кеттім. Сайт админіне хат жаздым. Өкінішке орай ешқандай жауап келмеді. ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[24.12.2010.] Мұсылмандар рождество мен жаңа жылды атап өтуіне болады ма? | |
Төл тарихымыздан тағлым алар болсақ, Атырау мен Еділдің, Алтай мен Алатаудың арасын алып жатқан сайын даланы білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап, қорғап қалған. Ұрпағына аманаттаған батыр бабаларымыздың өнегесінен өзгеге еліктеуді, жат қылықты әдетке айналдыруды байқамайсың. ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[24.12.2010.] «MESHET.KZ» САЙТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЗОЛОТАЯ ПАУТИНА» ИНТЕРНЕТ САЙТТАРЫНЫҢ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ | |
Бүгіндері жастардың көбі Интернет желісін пайдаланады. Одан уағыз тыңдайды. Онда айтылған әр түрлі көқарастағы діни пікірлерді талғамай-екшемей саналарына құйып алады. Міне, сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «muftyat.kz» сайты арқылы қазақ тілінде, ал Алматы қаласы орталық мешітіне қарасты «meshеt.kz» сайтында орыс тілінде уағыз-насихат таратуы республика тұрғындары үшін өте тиімді және пайдалы мүмкіндік болды. Бұл сайттардан намаз уақыттарынан бастап, күнделікті болып жатқан жаңалықтар, ақпараттар, аудио, видео уағыздар, намаз тәртібі, тіпті мазмұны терең термелерге дейін табуға болады. Бұл сайттарға тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінен азаматтар кіріп, іздеген діни материалдарын табуд... Жалғасын оқу »
|
|
|
[23.12.2010.] Жаңа Құран Кәрім сайтын зиярат етіңіздер | |
Көпшілікке
белгілі Құран Кәрім сайты (http://kuran.kz) біршама уақыттан бері қызмет етіп
келеді. Аталмыш сайтты жүргізіп отырған бауырларға Аллаһтың нұры жаусын
демекпін. Құрметті оқырман бұл жарнама емес. Жәй ғана жаңадан жасалып жатқан Құран сайтымен
таныстыру. Енді Жаңа Құран Кәрім сайты ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[22.12.2010.] «ҚҰРАН СӨЗДЕРІНІҢ СЫРЛАРЫ МЕН ҚҰПИЯЛАРЫ» АТТЫ КІТАП МЫСЫРДА БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ | |
Аталмыш кітапты мысырлық жазушы, Құран ілімдерінің зерттеушісі Мұхаммед Дауд жазып шыққан. Ол кітабында 14 ғасыр бойы Құран сөздерінің сырлары мен құпиялары еш өзгеріссіз сақталғандығын айтады. Сондай-ақ қасиетті Құран сөздерінің мәңгіліктігін әр түрлі дәлелдер келтіре отырып жазған. Ақпарат көзі: www.muftyat.kz
|
|
|
[22.12.2010.] Кеше Алматыда мұсылман қолжазбалары мен артефактілерді сақтау мен қалпына келтіру мәселелері талқыланды | |
Кеше Алматыда Ұлттық кітапханада мұсылман қолжазбалары мен артефактілерін жинақтау, сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі мамандардың аймақтық кездесуі болып өтті. «Кездесудің мақсаты - мұсылман қолжазбаларын зерттеу жөнінде тәжірибе алмасу, қазақстандық және маманданған мекемелер арасындағы әріптестік шеңберін кеңейту және сондай-ақ осы мәселемен айналысатын шетелдік орталықтармен қарым-қатынасты жандандыру болып табылады», - деді Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітова. Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алуымен мұсылман ескерткіштерін анықтау, зерттеу, санаққа алу және насихаттау секілді жұмыстар жандана түскен. «Сондықтан қазіргі уақытта ғылыми және практикалық мәні бар ең өзекті мәселе туындап отыр, ол - тікелей ұлтт... Жалғасын оқу »
|
|
|
|
|