[23.12.2010.] Жаңа Құран Кәрім сайтын зиярат етіңіздер
Көпшілікке
белгілі Құран Кәрім сайты (http://kuran.kz) біршама уақыттан бері қызмет етіп
келеді. Аталмыш сайтты жүргізіп отырған бауырларға Аллаһтың нұры жаусын
демекпін. Құрметті оқырман бұл жарнама емес. Жәй ғана жаңадан жасалып жатқан Құран сайтымен
таныстыру. Енді Жаңа Құран Кәрім сайты... Жалғасын оқу »
[22.12.2010.] «ҚҰРАН СӨЗДЕРІНІҢ СЫРЛАРЫ МЕН ҚҰПИЯЛАРЫ» АТТЫ КІТАП МЫСЫРДА БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ
Аталмыш кітапты мысырлық жазушы, Құран ілімдерінің зерттеушісі Мұхаммед Дауд жазып шыққан. Ол кітабында 14 ғасыр бойы Құран сөздерінің сырлары мен құпиялары еш өзгеріссіз сақталғандығын айтады. Сондай-ақ қасиетті Құран сөздерінің мәңгіліктігін әр түрлі дәлелдер келтіре отырып жазған. Ақпарат көзі: www.muftyat.kz
[22.12.2010.] Кеше Алматыда мұсылман қолжазбалары мен артефактілерді сақтау мен қалпына келтіру мәселелері талқыланды
Кеше Алматыда Ұлттық кітапханада мұсылман қолжазбалары мен артефактілерін жинақтау, сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі мамандардың аймақтық кездесуі болып өтті. «Кездесудің мақсаты - мұсылман қолжазбаларын зерттеу жөнінде тәжірибе алмасу, қазақстандық және маманданған мекемелер арасындағы әріптестік шеңберін кеңейту және сондай-ақ осы мәселемен айналысатын шетелдік орталықтармен қарым-қатынасты жандандыру болып табылады», - деді Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітова. Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алуымен мұсылман ескерткіштерін анықтау, зерттеу, санаққа алу және насихаттау секілді жұмыстар жандана түскен. «Сондықтан қазіргі уақытта ғылыми және практикалық мәні бар ең өзекті мәселе туындап отыр, ол - тікелей ұлтт... Жалғасын оқу »
[21.12.2010.] Қазақстан мешіттерінде қасиетті кітаптардың мағыналық аудармаларын тарату мәселесі талқыланды
Үстіміздегі жылғы 19 желтоқсанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Қайрат Лама Шарифтің Король Фахд атындағы Құран басып шығару баспа кешенінің Бас хатшысы доктор Мұхаммед Салим әл-Ауфимен Медина қаласында өткен кездесуі барысында Қазақстан мешіттерінде қасиетті кітаптардың мағыналық аудармаларын тарату мәселесі талқыланды. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мұхаммед Салим әл-Ауфи Жаратушы Алла Пайғамбарының қаласы - шұғылалы Мединадағы баспа кешенінің Құранды басып шығару бойынша жылдық тиражы 10 миллион дананы құрайтын әлемдегі ең ірі баспахана болып табылатындығын атап өтті. Король Фахд атындағы кешен 1984 жылдан бері Қасиетті Құран мен оның 55 тілдегі мағыналық аудармаларының 270 миллионға жуық данасын басып шығарған. ... Жалғасын оқу »
[20.12.2010.] 2011 жылы ИКҰ-на төрағалығы аясында Қазақстан жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салатын болады
Иорданиядағы Қазақстан елшісі Б.Сәрсенбаев 18 желтоқсан күні Иорданияның сыртқы істер министрі Насер Джудамен кездесті.
Кездесу барысында ҚР елшісі ағымдағы жылдың 1-2 желтоқсан күндері Астанада өткен Саммитке корольдіктің сыртқы саясат ведомствосы басшысының қатысуына орай министрге ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың атынан алғыс хат табыс етті, деп хабарланған ҚР елшілігінің баспасөз хабарламасында. ... Жалғасын оқу »
[19.12.2010.] Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының басшысы болып шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қайта сайланды
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының басшысы болып шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қайта сайланды. Сайлау 17 желтоқсанда Астанада болған V құрылтайдың барысында өтті. Діни басқарманың жарғысы бойынша мешіттердің имамдары және мандатқа ие құрылтай делегаттары өз кандидатураларын ұсына алады. «Мұсылмандар съезі бес жылда бір рет өтіп тұрады. Құрылтайға тек қазақстандық мешіттердің имамдары ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия мұсылмандары қауымдастықтарының делегациялары да қатысты», деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек. Әбсаттар қажы Дербісәлі 63 жаста, Қазақ КСР-де туған. Қазір Қазақстанның Бас мүфтийі, Орталық Азия Мүфтийлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының басшысы, Қазақстанның Жоғарғы ғылым м... Жалғасын оқу »
Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған. Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған! ... Жалғасын оқу »
Араб тіліндегі «Ашура» сөзінің мағынасы «Ашара» яғни мұхаррам айының «оныншы» күні деген мағына береді. Біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдина қаласына көшкен жылы мұсылманша жылдың басы болып саналады. Яғни, һижри жыл санауы мұхаррам айымен басталады. Биыл мұхаррам айы желтоқсанның 7 - і күні басталды. Ал мұхаррамның оныншы күні желтоқсанның 16 - на сәйкес келіп отыр. Осы күні көптеген оқиғалар болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезінде иаһудилердің мұхаррам айының оныншы күні ораза ұстап жатқанын көріп: «Бұл қандай ораза?»,- деп оның мәнісін сұрайды ... Жалғасын оқу »
[15.12.2010.] ҚАЗАҚСТАН – БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалығы және ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін өткізудегі таңғажайып жетістіктері арқылы әлем мойындаған бір нәтиже еліміздің ұлтаралық қатынастар саласындағы мол тәжірибесін дүние жүзінде барынша қолдануға болатындығының және қолдану қажеттігінің әлеуметтік, экономикалық және рухани пайдалылығы болса керек. Мемлекетіміздің ЕҚЫҰ сынды айрықша беделді ұйымға төраға болып сайлануының әуелгі себептерінің бірі де осы деп ойлаймыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Қазақстан 2011 жылы ИКҰ-ға басшылық жасайтын болады. ... Жалғасын оқу »