[03.01.2009.] Қазанда бірінші халал фаст-фуд кафесі ашылмақ.
Қазанда бірінші халал фаст-фуд кафесі ашылмақ.
Жаңа 2009 жылдың кіріп келуімен Татарстан астанасында мұсылман студенттері үшін жаңа халал фаст-фуд кафесі ашылу үстінде. Кафеде бургерлер, пицца, шаурма және әр түрлі cалаттар болады. Дегенмен аталмыш халал кафенің атауы әзірге сыр тұтылуда. Халал кафе жақында ашылып өз жұмысын бастайды деп хабарлайды «Ислам в РФ».
Пятигорскде мұсылман балалары үшін жаңа бала бақша ашылады.
2009 жылдың басында Пятигорск мұсылмандары үшін жағымды жаңалықтың бірі, балалары үшін мұсылман бала бақшасының ашылуы. Қалада аталмыш бала бақшаның пайда болуына атсалысқан, себепкер болған аудан орталық мешітінің бас имамы Мухаммад Рахимов деп хабарлайды "Өзбекстан Ислами ақпарат каналы".
[01.01.2009.] Мұсылманды намаз оқығандығы үшін асып өлтірген.
Мұсылманды намаз оқығандығы үшін асып өлтірген.
Омск
түрмелерінің бірінде (ФГУ ИК-8 УФСИН России по Омской области, 644029
Омск Красноярский тракт 64) қамаудағы мұсылман парызын өтегендігі үшін
жазаландырылып, асылып өлтірілген.
[29.12.2008.] Газа апатына тиісті Ресейдің Петрозаводск қаласында 3 күн аза жарияланды
Газа апатына тиісті Ресейдің Петрозаводск қаласында 3 күн аза жарияланды
Заңсыз сионистік режимнің жан түршіктіретін шабуылына тиісті Ресейдің Петрозаводск қаласының арабтар қоғамы 3 күн аза жариялады. Иран телерадио бірлестігі тілшісінің Мәскеуден хабарлауынша, Петрозаводск қаласының араб қоғамы Газа халқын қолдайтынын жариялады. http://kazakh.irib.ir
[15.12.2008.] Мәскеуде қазақстандық студент қаза болды
Мәскеуде қазақстандық студент қаза болды
Жексенбі күні кешке Мәскеудегі Бутлеров көшесіндегі №2 үйдің маңында жас жігіттің мәйіті табылған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері марқұмның ішіне сұғылған пышақ бауырын кесіп жіберген соң қансырап жан тапсырғанын анықтаған. Кісі қолынан қаза тапқан адам – Ресей мемлекеттік мұнай-газ уинверситетінің 1 курс студенті, Астаналық Ерлан Айтымов екені мәлім болды, деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі құқық органдарына сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Ресей патриархы Алексий II қайтыс болды
Бүгін таңертең Ресей патриархы Алексий II қайтыс болды деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Алексей ІІ ұзақ уақыт науқас болған екен. Ол кісінің қысқаша өмірбаянын орыс тілінде мына жерден оқи аласыздар...
Қырғызстан соты, қазан айында осы елдің оңтүстік өңіріндегі бүліктерге қатысуы айыбымен 32 адамды 9-дан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырды. "Аталмыш бүліктер 1 қазанда Рамазан Айт күні Ош облысының Ноокат қаласында болды",-деп жариялады Қырғызстан мемлекеттік теледидары. Осы ел қайраткерлерінің айтуынша, тәртіпсіздіктер үкімет Рамазан Айтына байланысты мерекені ел бойынша тойлаудан бас тартуы ізінен болған. Әлгі бүлі... Жалғасын оқу »
[07.11.2008] Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан Ресейде қажылыққа барушылардың саны азайды
Әлемдік қаржы дағдарысы Сауд Арабстанындағы қасиетті орындарға дәстүрлі зиярат жасауға ресейлік мұсылмандардың қатысуына әсер етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Биылғы жылы өткен жылға қарағанда қажылыққа 6 мың мұсылман аз баратын болады. «Әлемдік дағдарыс жағдайға әсер етті: қажылыққа барушылар қатары азайып кетті», – деді бүгін журналистерге Ресей Мүфтилігі кеңесі халықаралық бөлімінің жетекшісі Рушан Аббясов. 2007 жылы 26,5 мың ресейлік мұсылман қажылыққа барды. Биылғы жылы муфтидің айтуынша, Сауд Арабстаны Корольдігі бір мың мұсылманнан бір адам есебімен әдеттегі, яғни 20,5 мың квота бөлген. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы жұртшылықпен және діни ұйымдарме... Жалғасын оқу »
[18.10.08.] ЖАҢА МЕШІТКЕ ШЕШЕН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Жаңа мешітке шешен президентінің есімі берілді
Чешенстан астанасы – Грозный қаласында Еуропадағы ең ірі мешіттің бірі ашылды. Ашылу салтанатына бірнеше мың адам келіп қатысты. Бір мезгілде 10 мың мұсылман намаз оқи алатын алып мешіт 3 жылдың ішінде салынды. Оның құрылысына 20 млн. доллар қаржы жұмсалды. Жаңа мешітке 2004 жылғы қастандықтан құрбан болған Чешенстан президенті Ахмад Қадыровтың есімі берілді. Азаттық радиосы.