Мухаррам айы мен осы айдағы Ашура күні дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Ашура күні – Мухаррам айының оныншы күні. Бұл күн биыл желтоқсан айының 16-жұлдызына сәйкес келеді. Хадис кітаптарында бұл күннің Ашура деп аталуының сыры осы күні Аллаһ Тағала он пайғамбарға он түрлі сый бергендігінің нәтижесі екендігі айтылады. Олар:
1.Мұса (а.с.) пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Ферғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.
2.Нух (а.с.) пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.
[12.12.2010.] Хиджап кию мен намаз оқуға тыйым салынуы мүмкін
ҚР Білім және ғылым минстрлігі елдегі мектептер, колледждер мен ЖОО-ларда діни киімдерді киюге және оқу орындарында намаз оқуға түбегейлі тыйым салмақ ниетте. Ниеттерінің хиджабқа қарсы бағытталғаны түсінікті. Себебі, мұсылмандардан басқалардың қоғамдық орындарға діни киіммен баратынын көру өте қиын. Хиджабқа және басқа да діни жоралғыларға тыйым салуға қатысты заң жобасы алдағы уақытта Парламентте қаралатын болады. Жалғасы мұнда...
[11.12.2010.] Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Бухари «Нұр Астана» мешітінде болды
Кеше, қасиетті жұма күні Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Абдул Моиз Бухари «Нұр Астана» орталық мешітінде болып, елордалық жамағатпен бірге жұма намазын оқыды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мешітің наиб-имамы Төлеби Оспан айтты.
Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы қарсаңында өткізіліп отырған алғашқы халықаралық форумға қатысуға арнайы келген мәртебелі мейманға мешіттің наиб-имамдары Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қызметі мен еліміздегі діни конфессиялардың бейбіт өмірі туралы баяндап берді.
Өз кезегінде А.Бухари: ... Жалғасын оқу »
[10.12.2010.] Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын басқарады
"Қазақстан-Ислам конференциясы ұйымы: әріптестіктің жаңа белестері". Алматыда осындай тақырыппен халықаралық форум өтті. Бұл Еліміздің Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы қарсаңында өткізіліп отырған алғашқы жиын. ... Жалғасын оқу »
[09.12.2010.] Һижри жылнама тарихы және ашура күні хақында
Қасиетті Құранның «Тәубе» сүресіндегі 36-аятта: «Расында Аллаһ қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі – құрметті айлар. Міне, осы берік дін»,– делінген. ... Жалғасын оқу »
Елімізде оқу орындарында хиджаб киюге тиым салынуы мүмкін. Білім және ғылым министрлігі «Білім туралы заңға» осындай өзгеріс енгізбек. Заң қабылданып кетсе, мектептен бастап университетке дейінгі білім ордаларында шәкірттер мен мұғалімдер сабаққа келе алмайды. ... Жалғасын оқу »
"Рамазан оразасынан кейін
оразаның абзалы - Аллаһ
Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз - түнгі
(тәһәжжуд) намаз. Хадисті Әбу Һурайрадан
р.а. Имам Муслим және Имам
Тирмизи риуаят етті.
"Расулуллаһ с.а.с. Ашура
(Мухаррам айының 10 күні) оразасын ұстап, оны өзгелерге де бұйырды.” Хадисті Ибн Аббастан р.а. Имам
Бухари және Имам Муслим риуаят етті. ... Жалғасын оқу »
[08.12.2010.] Малайзияда жаңа ислами «Әл-Һижра» телеканалы ашылды
TV «Әл-Һижра»
Малайзиядағы бірінші ислами телеканал. TV
«Әл-Һижра» Ислам өркениеті мен
мұсылмандардың күнделікті актуальді сұрақтарына жауап беретін бірден бір жаңа
құрал болады деп хабарлады ислами өркендеу Департаменті (Jakim).... Жалғасын оқу »
[07.12.2010.] Аргентина тәуелсіз Палестина мемлекетін таныды
Бразилияның соңын ала Аргентина елі де, Израиль Газа Секторы мен Иорданның Батыс жағалауын басып алғанға дейінгі, яғни 1967 жылғы шекараның аясында тәуелсіз Палестина мемлекетін танитынын мәлім етті. Бұл туралы дүйсенбі күні Аргентинаның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бразилия мемлекеті те осындай қадамы туралы өткен жұма күні жария еткен болатын, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы. ... Жалғасын оқу »