ҚАДІР ТҮНІ - 5 Сентября 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 23:12
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 

Негізгі бет » 2010 » Қыркүйек » 5 » ҚАДІР ТҮНІ


ҚАДІР ТҮНІ
14:11
Қадір түні рамазан айының ішіндегі және Құран Кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аятта былай бұйырылды: "Қадір түні мың айдан қайырлы". Құран Кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күнінде және түндерінен іздеу керек. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: "Аллаһ Тағала алдында ең қадірлі түн - қадір түні". "Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу Құран Кәрімді хатым етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық". "Қадір түнін сеніп және сауабын күтіп ғибадатпен өткізген адамның өткен барлық күнәларын Аллаһ Тағала кешіреді". "Ғибадат үшін ең жақсы түн қадір түні. Ең қорқынышты түн қабірде болатын түн. Ең жақсы түнде ең қорқынышты түн үшін дайындық жасаған адамға сүйіншілер болсын". Пайғамбарымыз қадір түнінде "Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фафу аини" дұғасын оқуды айтқан. Мағынасы: "Ей Раббым! Сен әрине кешірімшілсің. Кешірімді жақсы көресің, мені де кешір". Ата-бабаларымыз "әр келгенді Қыдыр біл, әр түніңді Қадір біл" деген. Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, қадір түніне кездескен боламыз. Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін қаза намазды оқу керек, Құран Кәрім оқу қажет, дұға және тәубе жасау керек, садақа беріп, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға арнау сауапты іс.

Әбдімүтәліп Сәттібайұлы.
"Әлі-Бекен" мешітінің найб имамы.
Категориясы: | Көрілді: 513 | Ендірген: Kattani_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0