Бұл күні рамазан біткендігі үшін емес, күнәларымыз кешірілгендіктен, үлкен сауап пен нығметке қауышқанымыз үшін мерекелейміз. Хадис шәрифте былай делінген: «Айт күні таңертең мұсылмандар намазға мешіттерге жиналғанда Аллаһу тағала періштелерге «Ісін орындап бітіргеннің қайтарымы не?» деп сұрайды. Періштелер «Ақысын беру» дейді. Аллаһу тағала «Сендер куә болыңдар, рамазандағы оразалар мен намаздарға қайтарым ретінде құлдарыма өз ризалығым мен кешірімімді бердім. Ей, құлдарым, бүгін менен тілеңдер, құдіретім мен ұлылығымның құрметіне қалағандарыңды беремін» дейді». Пайғамбарымыз «Рамазанның соңғы күні Аллаһу тағала ораза тұтқандарды молынан кешіреді» дегенде сахабалар «Йа Расулуллаһ, ол күн қадір түні ме?» деп сұрады. Пайғамбарымыз «Білмейсіңдер ме, істі орындаған адамға істі бітірген соң ақысы беріледі» деді. Осыларды білетін мұсылман қалайша қуанбайды, қалайша мерекелемейді? Мереке күндері қуану, шаттану керек. Хадис шәрифте: «Аллаһу тағала рамазанда төрт топ адамнан басқа барлық адамның күнәсін кешіреді. Олар ішімдік ішетіндер, ата-анасына қарсы келгендер, ата-анасымен, туыстарымен араласпайтындар, мұсылман болудан үмітін үзгендер» деді. Егер бұлар тәубе етсе, Аллаһу тағала олардың күнәларын кешіреді. Күнәлардан сақтанып, ораза тұтқандар қандай бақытты. Олар нағыз мерекені ақыретте тойлайды. Ақпарат көзі
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.