Қалыңмалға шектеу қою керек пе? - 7 Октября 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 23:13
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2010 » Қазан » 7 » Қалыңмалға шектеу қою керек пе?


Қалыңмалға шектеу қою керек пе?
10:38
Күзде ел ішінде той-томалақтың көбейетіні белгілі. Бүгіндері де үйлену, бесік және сүндет тойлардың саны күрт артып отыр.
Қарызданып қалатындар да бар
Ел арасындағы сөзге құлақ түрер болсақ, бүгінде Оңтүстікте қыздың қалыңмалы орташа алғанда 150 – 200 мың тең­генің шамасында болып тұр. Ал жас нәрес­те дүниеге келгенде нағашыларының алып баратын заттарының саны да, құны да уақыт өткен сайын арта түсуде. Бесіктойға балалар жиһазын сыйлайтындар да көбе­йе бастады.
Әрине, әркімнің көрпесіне қарап көсі­лері анық. Осыған орай алыс-беріске шек­теу қою керек-ау дегендер шыға бастады.­ Мұ­ны да ойланып көрген дұрыс секілді. Бәлкім шынында да қыздың қалыңмалын, жасауын, бесік тойға апарылатын сыйлық­тарды жүйелендіру керек болар. Әйтпесе бұл жерде де бәсекелестік басталған сыңайлы. Бірі екіншісінен артық қылуға ты­рысады. Үстемесімен қайтаруға ақша алып, қызына дүние апарған кейбір адамдар мі­ніп жүрген көлігі мен баспанасын сатып қарызынан әзер құтылуда.
Қыз ұзатқан қиын...
Ал осындай тыраштанудың қаншалықты пайдасы бар екендігін жоғарыдағы айтылғандарды басынан өткізген азаматтар ғана білетін болса керек.
«Қазір қыз ұзатқаннан гөрі келін алған­ тиім­ді екен, – дейді шымкенттік Фазладин Мұратов есімді азамат. – Осыдан бір жыл бұрын Түркістанға ортаншы қы­зымды ұзаттым. Құдалар жағы 150 мың теңгеге қосып той малы үшін 10 мың және ана сүті деп 20 мың теңге әкелді. Бірақ ол ақша қызымның киі­мін түгендеуге де жетпей қалды. Енді біз ол жаққа дүние апаруға дайындалудамыз. Есептесек, арзандауларын ал­ғанның өзінде кемі 500-600 мың теңге керек. Бізде ондай ақша жоқ. Бұрынғы қарыздан құтылмағандықтан банктер де несие бермей отыр. Бірақ қызға жасау беру ата-ананың парызы. Амал жоқ, енді танитын адамдар арқылы қарыз іздейміз.
Көп ұзамай немерелі боламыз, құдалар бесік той жасайтындарын айтып жүр. Оған да көп ақша жұмсалары анық. Кейде маған осының барлығы неге керек деген ой келеді. Артық шығынды қысқартып, екі жаққа тиімді нәрсе ойластыру қа­жет секілді. Бұл жөнінде бір кездері Өзбекстанда қолға алынған дәстүрді қолданыс­қа енгізсек еш артықтық етпейді деп ойлаймын.
Ол жақта бір кездері құдалық кезінде киітке берілетін тоғыздар саны артып, «тоғыз тоғыз» дегенге жетті. Бірақ оны тауып беруге көпшіліктің мүмкіндігі болмай, соның салдарынан түсініспеушілік­тер пайда болды. Сондықтан бұл проблемаға биліктің араласуына тура келген. Нәтижесі жаман болған жоқ.
Алғашында қалыңмал мүлде берілме­сін, киіт кигізу қысқартылсын деп талап қо­йылды. Бұған көнбегендер киіт са­лынған сөмке мен сандықтарды түнде тасуды шығарды. Бірақ ол да ұзаққа бармай,­ шартты орындамағандар әртүрлі қысымға ұшырады, тіпті жұмыстан қуылғандар да болды. Бұдан кейін екі жақ ымыраға келіп, тоғыздар саны үшеуге қысқарды. Қалыңмалды да белгілі дәрежеге төмендетті».
Қазақстандықтар да Ф.Мұратов айтқандай бір әрекеттер жасауы керек секілді. Қыздан қалыңмал алып, оған жасау апару­ды жүйеге келтірмесе болмайды-ау. Елі­міз­­де жағдайы төмен отбасылар мен жетім ба­лалар қаншама. Олардың қалыңмал тө­леп, қызға жасау апаратын жағдайы жоқ, сонда балалары үйленбей, қыздары үйінде отыруы керек пе? Бәлкім қоғамдағы кәрі қыздар мен сүрбойдақтар санының артуы­на да осы жағдай да әсер етіп отырған болар?­
Жасауға кемі 50 мың теңге кетеді
Шындығы керек, қызға апаратын жасау түрлерін сатып қыруар қаржы тауып отырғандар да баршылық. Осы орайда біз үйін­де қыз жасауын дайындап, оларды сататын адамдардың бірімен әңгімелестік.
«Қыздың көрпе, жастығының өзіне кете­тін қаржы кемі 50 мың теңге болады, – дейді Жанар есімді сатушы. – Сегіз көрпе 18.400 теңге, жеті көрпеше 12.600 теңге, төрт жастық 2800 теңге, бір махаббат көрпесі 3500 теңге, бір құрақ жастық 1500 теңге, жастар­ға арналған жайма 1800 теңге және үлкенді-кішілі екі сандық 7000 теңге, үкі 500 теңге. Өзіміз жасап сататын болғандықтан бұл базардағы ең арзан бағалар. Әйтпесе басқалар қымбатқа сатады. Қыздарына арнайы тапсырыспен жасау дайындататындар да бар. Олардың бағасы мыналардан екі-үш есе көтеріңкі болады. Се­бебі оған қымбат материалдарды таңдайды».
Қыз киімі қымбат тұрады
Қарап отырсақ қыздың тек көрпе-төсе­гінің өзіне 50-100 мың теңгенің арасында қаржы керек секілді.
Енді оған қыздың артынан апаратын киімдерді қосыңыз. Олар – құндыз терісі­нен тігілген бас киім, сырт киім, қысқы және жазғы аяқ киім, үй киім, костюм-юбка, көй­лектің бес-алты түрі, косметика, тіпті соңғы кезде күйеу балаға да костюм-шалбар қо­сатын болыпты. Базар аралап, арзанын алғанның өзін­де осыларға 150 мың теңге­нің шамасында қаржы керек болады.
Ол аз болса кез келген ата-ана қызының және өздерінің мерейі үшін теледидар, шаңсорғыш, кір жуу машинасы, тоңазыт­қыш, «спальный», диван-кресло, ыдыс-аяқтар апарғанды дұрыс көреді. Бұларды да іздеп жүріп арзанын алатындар қалтасынан кемі 350 мың теңге шығаруына тура келеді. Ал енді осының барлығына қарапайым жұрттың шамасы жете бере ме? Мәселе осында.
Қысқасы, қыздың қалыңмалына мың доллар ақша алғанмен, оған жасау тауып беру қиын екен. Соған қарағанда бұл мәсе­лені бір жүйеге келтіру керек деген сөзді де көп болып қолдаған дұрыс секілді.  Сіз не айтасыз оқырман?
Ақпарат көзі
 
Ұ. ТӘМЕНОВ.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 428 | Ендірген: Kattani_Kz | Рейтингі: 5.0/2 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0