[31.10.2009.] Араб тілі – украиндықтар үшін, "исламға барар есік"
13:03
Араб тілін, Ислами ғылым, мұсылман елдерінің мәдениетін үйрететін жексенбілік мектептер Украинада белгілі, атақты мектептер қатарынан көрінуде деп хабарлайды islamnews.ru. Бүкілукраиндық қоғамдық мекемелер ассоциациясының (ARRAID) жетекшісі Шади Шавердің (суретте) "Ислам Онлайн" порталына берген сұхбатында: "Араб тілі, Құран тілі, көптеген украиндықтар үшін "Ислам есігін" ашты", дейді. Осы мектептер арқылы адамдарға ислам жайлы уағыз, насихат жүргізіп отырмыз дейді Шади Шавер. Қазіргі таңда елде осы секілді қырық бес мектеп жұмыс істеп жатыр. Оқу мерзімі үш жыл, аптасына бір рет демалыс күні. Аталмыш мектептерге әр бір азамат тегін жазылып, оқи алады екен. Шәкіртер қатарын студенттер және университет оқытушылары құрайды. Қазіргі таңда Украинада 2 миллион мұсылман тұрады. Бұл жергілікті халықтың төрт пайызын құрайды. Елде 200 мешіт және 20 Ислами орталықтар жұмыс істейді. Дінислам ақпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.