Астанада күшті аяздың салдарынан мектептер мен колледждердің сабақтары тоқтатылды
09:38
Елордада аяздың күрт күшеюіне байланысты мектептер мен колледждердің сабақтары тоқтатылды, деп хабарлайды қалалық анықтама қызметі. «Сабақтар қала мектептерінің 1-11 сынып оқушыларына, сонымен қатар колледждердің 1, 2 курс студенттеріне тоқтатылды», дейді қалалық анықтама қызметі. Қазіргі уақытта елордадағы орташа ауа температурасы 33 градус аяз болып тұр. АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.