Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасының жауапты да құрметті миссиясын табысты атқаруда - ИКҰ Бас хатшысы Екмеледдин Ықсаноғлы - 9 Мая 2010 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасының жауапты да құрметті миссиясын табысты атқаруда - ИКҰ Бас хатшысы Екмеледдин Ықсаноғлы
08:23
Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасының жауапты да құрметті миссиясын табысты атқаруда. Бейсенбі, мамырдың 6-сы күні Венада өткен ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің мәжілісіне қатысқан Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы Екмеледдин Ықсаноғлы республиканың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығына осындай баға берді.
Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы өз сөзінде екі халықаралық құрылымның ынтымақтастығын әрі қарай дамыту және нығайту мәселелеріне басты назар аударды. «Ислам Конференциясы Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының алдында ұқсас мақсат-міндеттер тұр, себебі аталған екі ұйым да бейбітшілікті сақтау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ортақ ісіне берілген. Ынтымақтастық әлеуеті де зор - біз қолда бар мүмкіндіктерді өзара іс-қимылдарының аясын кеңейту арқылы жүзеге асыруымыз керек»,- деп атап көрсетті ол.
Осыған байланысты түрік дипломаты, оның пікірінше, халықаралық қызметі екі ұйымның арасындағы серіктестікті нығайтуға қосымша серпін бере алатын біздің еліміздің роліне жоғары баға берді. «Бүгінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші Қазақстанның келесі жылы Ислам Конференциясы Ұйымының төрағасы болу факті біздің қарым-қатынастарымыздың оңтайлы дамуы үшін айрықша маңызға ие», - дейді Е.Ықсаноғлы.
Е.Ықсаноғлы сондай-ақ, ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесін діни мотивтер бойынша төзбеушіліктерге және исламофобияға қарсы күресте күш-жігер біріктіруге шақырды. Осыған орай ол маусым айында Астанада өтетін конференцияның күн тәртібіне мұсылмандарға қатысты төзбеушіліктермен және кемсітушіліктермен күрес мәселелерін шығару туралы ЕҚЫҰ-ның ниетін қолдады.
Хиджап киюге тыйым салатын ел қалайша мұсылмандарға үлгі болмақ? Ислам діні де саясаттың сойылын соғуға қатты кірісіп кеткен секілді әлемнің көп жерлерінде. Осындайды көріп жүрегің ауырады екен.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.