Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндерінің көп жылдық берік достығы қазақстандықтардың рухани байлығында маңызды рөл атқарады - 8 Января 2011 - Дінисламға қош келдіңіз
Негізгі бет » 2011 » Қаңтар » 8 » Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндерінің көп жылдық берік достығы қазақстандықтардың рухани байлығында маңызды рөл атқарады
Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндерінің көп жылдық берік достығы қазақстандықтардың рухани байлығында маңызды рөл атқарады
13:07
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Астана және Қазақтан митрополиті Александр мен православ дінін ұстанушы барлық отандастарын Рождество мерекесімен құттықтады.
Құттықтауда: «Құрметті митрополит Александр, Сізді және православ дінін ұстанушы барлық отандастарымды Рождество мерекесімен қттықтаймын!», - делінген.
«Бұл мереке адамдар жүрегіне жақсылық пен қайырымдылық ұялатады.
Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндері арасындағы көп жылдық берік достық қазақстандықтардың рухани өмірінде, патриоттықты тәрбилеуде, азаматтардың ынтымағы мен келісімінің нығайуында маңызды рөл атқарады», - делінген құттықтауда.
«Аса құрметті митрополит, Сізге және Орыс православ шіркеуіне достықты нығайтып, отандастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, жүректеріне бақыт пен қуаныш және Алла тағаламыздың байтақ елімізді жарылқауын тілеймін», - делінген құттықтауда. ҚазАқпарат.
Ассаляму Алейкум уа рахматтукллаhи уа баракатух! Хадисте:«Расында, сендер өздеріңе дейін өмір сүргендердің салтына еліктейсіңдер, олардың ізін өкшелей түсіп, бір сүйем де, қарыс қадымдай да қалмайсыңдар, сөйтіп ақыр соңында олар кесірткенің ініне (тозақ шұңқырына) кірсе, сендер де бірге кіріп кетесіңдер»,-деді Аллаһ елшісі. «Бұл айтып тұрғаның яхуди (еврейлер) мен христиандар ма?» Пайғамбарымыз с.а.у. «Енді ше, олардан басқа кім болатын еді?»,-деген. Ойланып корелік, тым жагымпаз болып бара жаткан жокпыз ба? Алде касиетті Куранымызда не жазылганын умытып барамыз ба, созсіз шындык айтылган Куранымыздын аударма магынасын кайта-кайта тындаудан жалыкпайык.

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.