Қазақстанның Бас муфтиі Малайзияда өткен мұсылмандардың білім алуы жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференцияға қатысты - 30 Декабря 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 23:15
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 982
 

Негізгі бет » 2009 » Желтоқсан » 30 » Қазақстанның Бас муфтиі Малайзияда өткен мұсылмандардың білім алуы жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференцияға қатысты


Қазақстанның Бас муфтиі Малайзияда өткен мұсылмандардың білім алуы жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференцияға қатысты
19:46
Желтоқсанның 21-23-і аралығында Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында «Мұсылмандардың білім алуы жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференциясы» өтті (The 7th World Conference on Muslim Education). Аталған шараға ҚР Бас мүфтиі, Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі басқарған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Селангор Халықаралық Ислам Университеті, Кембридж Ислам Академиясы және Малайзияның Ұлттық Ғалымдар Ассоциациясы ұйымдастырған жиынға  12 мемлекеттің мұсылман ұйымдарының өкілдері және бірнеше халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Селангор штатының Бас министрі Тан Сри Дато Сери Абдул Хамид бин Ибрагим конференцияны ашып, осы іс-шараның басты мақсаты қазіргі таңдағы жаһанданудың мұсылман әлемінің білім алу саласына тигізетін әсері мен үрдістері туралы пікір алмасу екендігін хабарлап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазақстан делегация басшысы «Жаһанданудың мұсылман әлемінің білім алу саласына тигізетін әсерлерін қолға алудағы Үкіметтің рөлі» атты тақырыпта сөз сөйлеп, қатысушыларға Қазақстанның аталған саладағы жүргізіп отырған саясаты туралы баяндады.

Дүниежүзілік конференцияның жабылу салтанатында Ә. Дербісәлі  Селангор штатының Үкіметі және Селангор Халықаралық Университет Коледжі бірігіп құрған Ислам білімі бойынша халықаралық Академияның халықаралық кеңесшілер тобының мүшесі болып, 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың желтоқсанына дейін екі жылғы аралыққа ресми түрде тағайындалды және осы жөнінде арнайы күәлік табыс етілді.

Сапар барысында,  сондай-ақ  қазақстандық делегация Малайзия Парламенті Сенатының Президенті Дато Вонг Фун Менгпен кездесті. Кездесу барысында Сенат Президенті малайзияның ұлтаралық және дінаралық қатынастары саласындағы тәжірибесін хабарлап, осы елдің қазіргі таңдағы саяси және экономикалық ахуалы жөнінде қысқаша тоқталып кетті. Өз кезегінде делегация басшысы Ә. Дербісәлі Қазақстанның ұлтаралық және дінаралық қатынастарының өзгешеліктері жөнінде әңгіме өрбітіп, мемлекеттер арасындағы екі жақты қарым-қатынастары күрделі түрде дамып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Сонымен бірге,  Селангор Халықаралық Ислам Коледж Университетінің ғимаратында Қазақстан делегациясына арналған арнайы салтанатты іс-шара өткізілді. Онда Университеттің ректоры Әбдісаттар Дербісәліге «ислам ой-пікірі және ислам өркениеті» бойынша құрметті доктор дәрежесін үлкен мәртебемен тапсырды.

inform.kz

Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 748 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0