[07.12.2010.] Басқа дін өкілдерінің мейрамдарын тойлауға, қатысуға, сыйлықтар алып-берісуге болады ма? - 7 Декабря 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 23:17
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 982
 

Негізгі бет » 2010 » Желтоқсан » 7 » [07.12.2010.] Басқа дін өкілдерінің мейрамдарын тойлауға, қатысуға, сыйлықтар алып-берісуге болады ма?


[07.12.2010.] Басқа дін өкілдерінің мейрамдарын тойлауға, қатысуға, сыйлықтар алып-берісуге болады ма?
03:49

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық. Пайғамбар Мұхаммадқа, оның сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!
Соңғы кездері басқа дін өкілдерінің мейрамдары жайында көп сұрақтар қойылады, Шариғат бойынша оларды тойлауға, қатысуға, сыйлықтар алып-берісуге болады ма деген сияқты. 

Барлық мұсылмандарға ескертіп кетейін, біздің мұсылман жамағатында тек екі ғана мейрам бар, ‘Ид аль-адха – Құрбан айт және ‘Ид аль-фитр – Ораза айт. Және осыған қосымша әр аптада болатын мейрам – жұма. Бұл күні Адам ата жаратылды, және осы күні жерге түсірілді, жұма күні ақірет басталады. Және де басқа да оқиғалармен байланысы, артықшылықтары бар, жақсы істер жасаған лайығырақ. Басқа мейрам жоқ. Сондықтанда Аллаһ елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) сахабаларымен Мединаға көшіп барып, оның тұрғындары мажусилердің мейрамын тойлап жатқанын көргенде бұнда қатысуға қатаң тиым салды, сосын жоғарыда айтылған екі мейрамды атап, біз мұсылман тек екі ғана мейрамды тойлаймыз деді.
Осы және басқа да шариғат қағидаларына сүйеніп Ислам ғұламалары христиандардың, яһудейлердің, мәжусилердің мейрамдарын және басқа да шариғатта жоқ мейрамдарды тойлау харам деп айтқан. Және бұл тойлауға қатысу, сыйлықтар жасау, соған байланысты шаралар жасау сияқты әрекеттер де харам болып саналады. Атақты ғұламалардың бірі Ибн-Қайим аль-Джаузия (радыаллаһу анху) айтқан: «Барлық танылған ғұламалар мен 4 негізгі мазһаб жолын ұстаушылар бір ауыздан мұсылмандарға кәпірлердің мейрамына қатысуға болмайды деген пікірге келген». Және де айтты: Умар бин аль-Хаттабтан сахих тізбекпен Имам Байхақый жеткізген: "Мажусилер мен кәпірлер мейрамдарын тойлап жатқанда олардың ғибадат ететін жерлеріне жақындамандар да бармаңдар. Өйткені оларға Аллаһ тағаланың қаһары түсіп тұрады.” Және де Умар бин аль-Хаттаб олар мейрамдарын тойлап жатқан кезде оларға жақындамауды бұйырғанын жеткізген. Ең ұлы сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Амр (радыаллаһу анху) айтқан: "Кімде-кім кәпірлердің елінде болып, олармен бірге мейрамдарына қатысса, не тойласып, атап өтіп, өлім келгенше дейін соларға еліктеп өтсе (яғни, егер осы қалыпта өліп кетсе), онда ол ақіретте солармен бірге тірілетін болады.” Аллаһтың елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) айтты: «Кім қай халыққа еліктесе, ол сол халықтан». Сондықтан егер де қайсыбір мұсылман басқа діннің халқына өздерінің ерекшелігі саналатын істерде еліктейтін болса, ол сол халықтан болып қалады. Олардың мейрам жөнінде сенімдері діндегі жаңалық не Құран түсумен күшін жойған зат. Мұсылман күшін жойған не ойдан шығарылған ұстанымдарға еруге құқығы жоқ. Аллаһ тағала діндегі жаңалық істерді қабыл етпейді және муминнің бұл ісіне разы болмайды. Аллаһ тағала айтады: «Шындығында егерде сендер күпірлік жасасаңдар, Аллаһ сендерге және сендердің жасап жатқан істеріңе мұқтаж емес (яғни, бұл жаман іспен тек өздеріңе ғана зияндық жасайсыңдар) және Аллаһ өзінің құлдарының күпірлік еткендеріне қанағаттанып, разы болмайды, ал егер шүкіршілік етсеңдер, Ол сендерге разы болады». Шындығына келгенде тойлауға қатысу не құттықтау діндегі жаңалықпен не күнаға қатысқанмен құттықтау болып саналады ғой, ал бұндай мұсылман өзін Аллаһтың қаһарына ұшыратқалы тұр. Осыған қоса ол діндегі жаңалықты жақтап, оның таралуына септігін тигізеді. Қазіргі мұсылман жамағатының жағдайына көз салыңызшы, қалайша олар тез адасушылыққа бой алдырып қойады, жаңа жыл, әулие Валентин, туған күн, 8-наурыз сияқты және басқа да ислами емес кәпірлердің ойлап шығарған мейрамдарын тойлауда яһудей, христиандарға еліктеп кетеді. Мұсылмандар қазір сондай әлсіз және кәпірлер мұсылмандарға ықпалын оңай тигізе алады. Бұл пайғамбарымыз (салиаллаһу алейһи уассалям) айтқандай келіп тұр: «Сендер бұрынғы өткендердің жолымен жүріп, соларға еріп кетесіңдер…» Қазір көріп тұрғанымыздай мұсылмандар яһудей мен христиандарға барлық істерде еліктейді, тіпті мейрамдарда да. Ал сіздер олардың мұсылман мейрамдарын тойлағанын көрдіңіз бе өміріңізде? Қай яһудей, қай христиан құрбан айт кезінде құрбан шалады? Қайсысы ораза ұстап, қайсысы ифтар қылады?
Неге мұсылмандар кәпірлерге сонша еліктеп, бұны тастағысы келмейді? Бұл олардың мейрамдары, өздері мәз-мейрам болып тойлай берсін, мұсылмандарда өздерінің мейрамы бар. Бұдан қашу не онда қатыспау қаталдықтың, ызалылықтың және өшпенділіктің белгісі емес. Бұл тек біздер мұсылмандар үшін мейрам болып саналмайды және шаттыққа негіз емес. Осы жоғарыда айтылғанның дәлелі ретінде имам Ибн Қайим сөздеріне, осы күнгі ғұламалардың ішінен Мұхаммад ибн Салих аль-Мунаджид, Сауд Арабиясындағы ғұламалардың бас кеңесіне жүгінемін деп батыл айта аламын. Бұл шейхуль-Ислам ибн Теймияның да пікірі.
Соңында, Аллаһтан мұсылман қауымын дәріптеп, оған күш-қуат беріп, қадамдарын нық етіп, оларды Құран мен сүннетті берік ұстаушылардан етуін сұраймын. Бұл Оған қиын емес, шындығында Ол барлығына күші жетуші. Және бұл туралы Аллаһ жақсы біледі. Пайғамбар Мұхаммадқа, жанұясына және оның сахабаларына Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!

Сұраққа эр-Риядтағы имам Мухаммад бин Сауд атындағы Ислам университетінің түлегі Расул Кудаев жауап берді.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 390 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 5.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0