Дәстүрлі емес діни ағымдар олармен қалай күресу керек? - 28 Мая 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Жұма, 25.Мамыр.2012, 05:05
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 803
 

Негізгі бет » 2010 » Мамыр » 28 » Дәстүрлі емес діни ағымдар олармен қалай күресу керек?


Дәстүрлі емес діни ағымдар олармен қалай күресу керек?
11:59
Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық, қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар назарларына іліккен жандарды отбасылық байланыстардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес діни ұйымдар саны өсуде. Бас-аяғы жиырма жылға жет­пейтін уақыт ішінде «Сайен­то­логия шіркеуі» (статистикалық есеп бойынша: 2003 ж. - 1; 2008 ж. - 5; 2009 ж. - 4), «Кришнаны та­ну қоғамы» (статистикалық есеп бойынша: 2008 ж. - 12; 2009 ж. - 10;), Фархад атаның жолын қуған «үмбеттер», «Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»), «Иегова куә­гер­лері» (статистикалық есеп бо­йынша: 1990 ж. - 27; 2003 ж. - 100; 2008 ж. - 76; 2009 ж. - 78), тағы да басқа толып жатқан дәс­түрлі емес діни ұйымдар (cта­тис­тикалық есеп бойынша: 2003 ж. - 51; 2009 ж. - 44;) «Елуіншілер», (статистикалық есеп бойынша: 1990 ж. - 42; 2003 ж. - 32; 2008 ж. - 48; 2009 ж. - 51) еліміздің түк­пір-түкпірін жаулап үлгерді. Көп­теген отбасының шырқы бұзы­лып, түтіні түзу ұшқан талай ша­ңы­рақ ортасына түсті. Өкі­ніштісі, діни сауаты әлі кемеліне келмеген азаматтар олардан қалай сақтану керектігін, қандай жолмен тойтарыс беруге бола­тындығын жете біле бермейтін сыңайлы. Қой терісін жамылған қасқыр тәрізді, діннің атын жамылған теріс пиғылды ағымдар қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін екендігіне енді ғана ой жіберіп жатқандаймыз. Жалпы, дәстүрлі емес діни ағым­дардың көздеген мақсаты - ха­лықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады.
Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйым­ның құрамдас бөлігі ретінде қа­рас­тырсақ, тұлға ұйымның ор­тасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі.Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйым­ға тән іс-әрекеттерді жа­сай­тын болады. Оның сыры неде?
Бейімделгіш ұйымның ең тү­сі­ніксіз жері мынада: жеке тұлға, бір топқа айналғаннан кейін ор­тақ жүйеге, бір мақсатқа бой­ұсынады. Осылайша, әрқайсысы дербес ойлау, әрекет ету қабі­лет­терінен айырылады. Жаңа күйге енеді. Бұрын өзіндік идеясы мен сезу қабілеті бар тұлғалар топ са­натына енгеннен кейін біртұтас ұйымның мүшесіне айналады. Зерттеушілер осы ұйымның іс-әрекеті мен психологиялық жағ­дайына да сипаттама береді. Мә­селен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді. Дәстүрлі емес діни ұйы­мындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ық­тимал. Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді.
Тағы бір айта кетерлігі, бейім­дел­гіш жандар аңғал, сенгіш ке­леді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсем­де­рі үшін аса қиын шаруа емес.Се­бебі жүйкесі, ойлау қабілеті за­қымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақ­тық­ты айыра алмайтындықтан, кө­сем­дерінің айтқанына тез бой ал­дырады. Әрине, белгілі бір тұл­ғалардың айдап салуымен ашу-ызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қай­та­­рам деу өте қауіпті екені тү­сінікті. Демек, өзіңді-өзің қорғау үшін солардың дегеніне көнуге тура келмек. Яғни қасқырлардың ортасында өмір сүру үшін қас­қырша алысып-жұлысуға мәжбүр боласыз деген сөз.
Ескішіл көзқараспен өмір сүретін, аңыз-әңгімелерде ай­тыл­ған жайттарды шындыққа ба­лайтын дәстүрлі емес діни ағым мүшелері кез келген жаңашыл­дық­ты жақтырмайды, тіпті оны жек көруі де мүмкін. Себебі осы топ ықпалына түскен жандар үшін ұйымдардың рәсімдері мен салт-дәстүрлері бірінші орында тұрады. Осы орайда елімізде өріс алып бара жатқан сананы ар­бау­шы дәстүрлі емес діни ағым­дар­дың, біраз елді әуре-сарсаңға сал­ған «Ата жолы», «Елуін­ші­лер­дің» әлегі туралы айтпай кете алмаймыз. Еліру, психопатоло­гия­лық дерттің салдарынан дол­дану, өздеріне ғана мәлім жұмбақ «ләззатқа» бөлену, қалшылдап-дірілдеу, жүрекпен сөйлеу - «Ата жолы», мен «Елуіншілердің» әре­кетіне тән құбылыстардың бірі. Осы жүрекпен сөйлеу, қал­шылдап-дірілдеудің сырын «Ата жолы» және «Елуіншілердің» өздері былай деп түсіндіреді: «Бұл - қасиетті рухтың адам тәніне енуі кезінде болатын құбылыс». Осы сәтте олар өз-өздерін және қор­ша­ған адамдарды мүлде естен шы­ғарады. Кейбіреулерінің көздеріне түрлі елестер елестейді. Олар дәстүрден тыс діни ағым мүшелері миына сіңірген бей­не­лерді көреді. Атап айтқанда, «Ата жолындағылар», әулие-ба­ба­лармен, аталар рухымен бай­ланысқа түсеміз десе, ал «Елуін­шілер» Христосты, Мария ананы, жұмақты, тозақты, тағы басқа­ларын көретіндерін айтады. Бұл феноменге қатысты халық ара­сында көптеген оқиғалар тір­кел­ген. Мәселен, бірде шіркеу қыз­мет­кері «ләззатқа» бөлену кезінде бір сағат бойы басын еденге соқ­қы­лаумен болған. Бір айта ке­тер­лігі, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған, тіпті басының қан­ша­лықты ауырғанын да сезбеген.
Жаны бейімделгіш жан­дар­дың сыртқы күштердің ша­буылына ұшырап, оған қарсылық көрсете алмаған жандарға қа­тыс­ты осы тектес мысалдарды көптеп келтіруге болады.Теріс мақсатты көздейтін діни ағымдардан құ­рылған топтар жалпыға ортақ құн­дылықтарды, тіпті мем­лекеттің Ата заңын мойындамауы мүмкін.
Соңғы жылдары елімізде дәс­түрлі емес діни ағымдардың ке­сі­рінен орын алған бірқатар оқи­ғалар осының бір дәлелі. Мә­селен, Қазақстанда кең қанат жайған «Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Сон­дай-ақ олар мемлекеттік ән­ұра­нымызды, мемлекеттік туымызды мойындамайды. Сол сияқты, дәстүрлі медицинаны жоққа шығарып, тек дәстүрлі емес діни ұйымдарға ғана табынушылар көптеп кездеседі.
Дәстүрлі емес діни ағым­дармен күресу оңайлықпен ше­ші­мін табатын мәселе емес. Адам осындай жағдайда бұрын тәжі­ри­бесінде кездеспеген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құрал­да­рынан да бейхабар жандар өмір­мен мезгілсіз қоштасып жатады. Елімізде тұрақтылыкты, діна­ра­лык татулықты нығайту мақ­са­тында дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту мақсатында бірінші болып Қазақстанда 2007 жылы Ю.Де­нисенко Қостанай қаласында «Дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көр­сету» үкіметтік емес ұйымын ашып, бөгде ағымның ықпалына түскен жандарға тура жолға ба­ғыттау ісінде көптеген іс-шаралар атқарып келеді.
Бүгінгі таңда, респуб­ли­ка­мыз­дың әр аймағында ашылған дәстүрден тыс діни ағымдардан зардап шеккен жандарды қор­ғай­тын үкіметтік емес ұйымдар саны 17-ге жетті. Осындай оңалту орталықтардың бірі «Ареал діни істер ақпараттық қорының» президенті А.Рустембекова, Көкшетау қаласындағы «Дәстүрлі емес діни ұйымдардан зардап шек­кендерге көмек көрсету» ор­талығының президенті Г.Ораз­баева, облыстағы жергілікті тұр­ғындармен, жастармен кез­­­десулер өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шек­кен­дерді анықтау, олардың ақиқат жолдан адасуына ықпал еткен себеп-салдарын зерттеу, азамат­тар­дың теріс діни бағытқа өту процесін тоқтату барысында үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде. Зардап шеккен жандарға арнайы тәжірибелі психолог мамандар кеңес беруде. Олар қазіргі күрделі ахуалды жұртшылыққа көмек көрсету үшін барлық мешіттерде сабырлылық, рухани азық, кү­мәнге жауап бөлмелерін ашып, заңгерлік көмектер көрсетуді қолға алған. Осының бәрі - теріс мақсатты діни ағымдар ықпалына еріп, ой-санасы тәуелсіз күйге тү­судің салдарынан болып жатқан оқиғалар. Сол себептен, азамат­тар­дың діни сауаты кемел болса ғана оларға лайықты тойтарыс беруге болады. Ақпарат көзі


Лимана ҚОЙШИЕВА,
Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының
жетекші ғылыми қызметкері
Категориясы: | Көрілді: 1978 | Ендірген: Kattani_Kz | Рейтингі: 3.0/2 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 0
Бүгін: 0