Негізгі діні иудаизм болып табылатын Израиль мемлекеті Жаңа жылды Санта Клауссыз, тіпті шыршасыз тойламақшы. Елдің бас раввині тұрғындарға тек қана еврей нышандарын қолдануды ұсынды. Израиль раввинатының ұсынысын «Еврей дәстүрін қолдайтын әрекет» атты қоғамдық қозғалыс бірден қолдап, ел ішінде үгіт-насихатты күшейте бастады. Енді Жаңа жылдың христиандық нышандарын пайдаланған қонақүйлер мен мейрамханалар діни орталықтың «қара тізіміне» ілігетін болды. Сарапшылардың айтуынша, Жаңа жыл мен Рождество мерекесіне қатысты мұндай бетбұрыстар Израиль мен Ватикан арасындағы келіспеушіліктермен байланысты. Әзірше бұл елде жылдың келуін өзге халықтармен бірге тойлауға тыйым салына қойған жоқ. Дегенмен ұлттық құндылықтарды насихаттаушылар еврей күнтізбесі бойынша жаңа жыл қыркүйек айында келетінін алға тартып, қаңтардың 1-іне қараған түннің думанынан бас тартуды да көптен айтып келеді. Айта кетейік, Жаңа жылдың дәстүрлі нышандарына наразылық білдіру шаралары Еуропаның бірнеше елінде де өтіп жатыр. Мәселен, жуырда католиктері көп Чехия тұрғындарының бірқатары Санта Клаусты «америкалық келімсек» деп танып, одан мүлдем бас тарту туралы митинг өткізген болатын. http://www.alashainasy.kz/
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.