Имандылық ұйыған ауыл - 23 Ноября 2009 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Дүйсенбі, 06.Ақпан.2012, 21:20
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 938
 

Негізгі бет » 2009 » Қараша » 23 » Имандылық ұйыған ауыл


Имандылық ұйыған ауыл
15:01
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылының тұрғындары жаппай салауатты өмір салтын ұстанады. Мұнда арақ-шарап деген атымен жоқ. Той-томалақ тұрмақ, алкоголь өнімдері дүкен сөрелерінен де алынып тасталған. Бүкіл ауданға үлгі болып отырған ауылдың еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін Исламның ақ жолына түсіп, намазға жығылған.
Алкоголден мүлдем бас тарту тұрғындарға оңай соқпағаны анық. «Жайған дастарханың арақ-шарапсыз болса, қонағың өкпелеп кететін жағдайға жеттік емес пе?» - дейді ауыл ақсақалдары. Дегенмен жаман әдеттен арылуға ауыл болып бел буған. Той-томалақты айтпағанның өзінде, мұндағы дүкендердің өзінде арақ мүлдем сатылмайды.
Ауылда бір емес, екі мешіт бар. Тайлы-тұяғымен намазға жығылған ауылда жалғыз мешіт тарлық етіп, кейін үлкен қылып екіншісін салған. Арақ-шараптан мүлдем бас тартуға осы имандылық үйінің де тікелей септігі тиіпті.
- «Ешқандай төбелес, жанжал жоқ. Бұл өзі ең шеткі нысаным. Осы ауылды үлгі етуге болады»,- дейді тағайындалған учаскелік инспектор Жақсылық Жақыпов.
Бірақ, салауатты өмір салтын ұстанған Мәдениет ауылының тұрғындарынан үлгі алуға көрші ауылдардың тұрғындары асығар емес. Жаман әдеттен мүлдем бас тартуға оларға ерік-жігер мен берік иман жетіспей жатқан сыңайлы.
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 897 | Ендірген: Hayrulla | Рейтингі: 4.0/1 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
14.Мамыр.2010
1. Asila (Alisa)
kandai keremet, uzagynan suindirsin arb

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: meru0312, Aisha, алпамес

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: алпамес

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3558
Осы ай ішінде: 21
Осы апта ішінде: 2
Кеше: 0
Бүгін: 1