Көктем келді дегенше, кене келді десеңші... - 30 Марта 2010 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Дүйсенбі, 06.Ақпан.2012, 19:17
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 938
 

Негізгі бет » 2010 » Наурыз » 30 » Көктем келді дегенше, кене келді десеңші...


Көктем келді дегенше, кене келді десеңші...
23:02
Сәуір - кенеден келетін қырым безгегі күшейетін кезең. Қазірдің өзінде Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы науқас та тіркеліп үлгерді. Жылда осы оңтүстік өңірлер - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының малды ауылдары қырым безгегінің ауыр зардабын тартады. Ал биылғы жыл Қызылорда облысында Денсаулық сақтау министрлігі Мемсанэпидембақылау комитетінің төрағасы Кеңес Оспановтың басқаруымен өткен жиында облыстық Мемсанэпидембақылау департаменті бастығы Ерсұлтан Қуандықовтың мәлім еткеніндей, кенелердің таралу ауқымы тіпті артыпты...
- Өткен жылы кене «басқыншылығы» болуы мүмкін 36 елді мекенді бақылауға алсақ, биыл 47 ауылда санитарлық сақтандыру шараларын жасауға тиіспіз, - деді Е.Қуандықов. Бұл жағдай өзге облыстарда да осылай. 2009 жылы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда қырым безгегіне шалдыққандардың 26 дерегі тіркелген. Олардың жетеуі көз жұмды. Құзырлы органдар бұл қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермесе, құп еді...
Қырым безгегінің негізгі таратушылары - жайлаудағы малдар болып табылатыны белгілі. Демек, сақтандыруды жануарларды залалсыздандырудан бастаған абзал. Республикалық санэпидстансасының аса қауіпті аурулармен күресу бөлімінің меңгерушісі Ақылбек Мырзабековтің әңгімелеуінше, қырым безгегін емдеудің тиімділігі төмен. Сондықтан негізгі күшті оны болдырмауға, яғни алдын алуға жұмсау қажет. Маманды ауылдардағы малдың жекеменшік қолда екені қынжылтады. Өйткені мемлекеттік меншікте болса, оларға дер уақытында қырым безгегіне қарсы дәрі егіп, болмаса арнайы дәрімен шомылдыру арқылы сырқаттың алдын алуға болар еді. Өкінішке қарай, жекеменшік малдардың иелерін бұл әрекетке мәжбүрлеуге мүмкіндік жоқ. Мәжбүрлеген күнде де олардың бұл істі мұқияттап жүргізетініне ешқандай кепілдік жоқ.
Жылда Үкімет тарапынан кенемен күреске қомақты қаржы бөлінеді. Дегенмен Оңтүстік Қазақстан облысында, мәселен, төрт түлік малды дәрілеу кейінгі жылдары мүлде жүргізілмеген. Тек өткен жылғы облыста қырым безгегінен 5 адам қайтыс болғаннан кейін ғана бұл іс қолға алына бастағандай. Кенелердің жұқпалы ауру тарату белсенділігі жоғары кезеңі сәуір басынан шілдеге дейін созылады. Бұл уақыттың бәрінде де сақтық шаралары жасалуы қажет.
Мемлекет тарапынан жасалып жатқан сақтық шараларынан бөлек әр адамның, әсіресе, малды ауыл тұрғындарының сақ болғаны да абзал. Бұл ретте Мемсанэпидембақылау комитеті мамандарының кеңесін бергенді де жөн көріп отырмыз:
- Ең біріншіден, кененің шағуынан сақтанып, мал ұстайтын орындардың үйден алшақ болуын қадағалау қажет. Ұдайы тазалық сақтап, дезинфекциялап, үйдің жанына кененің қоныстануына қалайда жол бермеген абзал. Ауру науқастанған адамнан жылдам жұғатынын ескеру қажет. Ауырған адаммен жанасқан туыстары, аурухана қызметкерлері теріге қанды дарытпау шараларын қатаң сақтауы тиіс. Қолдарына резеңке қолғап киіп жүру, ауру адамды жеке бөлмеде жатқызу - міндетті шарт. Ауру қоздырғышын құртатын хлорамин, тағы басқа дезинфекциялық заттармен үнемі бөлмені, аяқкиімді, сырт киімді, қолғапты, тағы басқа жанасқан заттарды тазалап тұру қажет. Аурумен жанасқандардың тізімі алынып, олар қатаң қадағалауға алынуы тиіс. http://www.aikyn.kz/


Нұрболат Аманжол
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 941 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
14.Сәуір.2010
1. Sajrun (Sajrun)
http://keremet.ucoz.com ға қонақ болыңыздер

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: Aisha

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Al-man

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3557
Осы ай ішінде: 20
Осы апта ішінде: 1
Кеше: 0
Бүгін: 0