[20.12.2010.] 2011 жылы ИКҰ-на төрағалығы аясында Қазақстан жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салатын болады
Иорданиядағы Қазақстан елшісі Б.Сәрсенбаев 18 желтоқсан күні Иорданияның сыртқы істер министрі Насер Джудамен кездесті.
Кездесу барысында ҚР елшісі ағымдағы жылдың 1-2 желтоқсан күндері Астанада өткен Саммитке корольдіктің сыртқы саясат ведомствосы басшысының қатысуына орай министрге ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың атынан алғыс хат табыс етті, деп хабарланған ҚР елшілігінің баспасөз хабарламасында. ... Жалғасын оқу »
[15.12.2010.] ҚАЗАҚСТАН – БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалығы және ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін өткізудегі таңғажайып жетістіктері арқылы әлем мойындаған бір нәтиже еліміздің ұлтаралық қатынастар саласындағы мол тәжірибесін дүние жүзінде барынша қолдануға болатындығының және қолдану қажеттігінің әлеуметтік, экономикалық және рухани пайдалылығы болса керек. Мемлекетіміздің ЕҚЫҰ сынды айрықша беделді ұйымға төраға болып сайлануының әуелгі себептерінің бірі де осы деп ойлаймыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Қазақстан 2011 жылы ИКҰ-ға басшылық жасайтын болады. ... Жалғасын оқу »
[11.12.2010.] Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Бухари «Нұр Астана» мешітінде болды
Кеше, қасиетті жұма күні Ислам конференциясы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Абдул Моиз Бухари «Нұр Астана» орталық мешітінде болып, елордалық жамағатпен бірге жұма намазын оқыды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мешітің наиб-имамы Төлеби Оспан айтты.
Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы қарсаңында өткізіліп отырған алғашқы халықаралық форумға қатысуға арнайы келген мәртебелі мейманға мешіттің наиб-имамдары Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қызметі мен еліміздегі діни конфессиялардың бейбіт өмірі туралы баяндап берді.
Өз кезегінде А.Бухари: ... Жалғасын оқу »
[10.12.2010.] Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын басқарады
"Қазақстан-Ислам конференциясы ұйымы: әріптестіктің жаңа белестері". Алматыда осындай тақырыппен халықаралық форум өтті. Бұл Еліміздің Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы қарсаңында өткізіліп отырған алғашқы жиын. ... Жалғасын оқу »