[09.10.2009.] Хиджап киуге лайықты болу керек сияқты сіз қалай ойлайсыз?
14:16
Арсыздықтан арларын қорғап, шынайы адал мұсылманша зейнеттерін жабынып жүруге бұйырған Аллаһ Тағалаға сансыз мадақтар болып, әз, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар болғай. Хиджап киюге лайық болу керек сияқты? – депсіз. Хиджап киюдің еш лайықты боларлықтай ерекшелігі жоқ. Тек әйел заты болсаңыз болғаны, сіз хиджап киюге лайықтысыз. Себебі Құранда Аллаһ Тағала Құранда «Ахзаб» сүресінің 59 аятында: «Иә, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеніштерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Аллаһ Тағала аса жарылқаушы, тым мейірімді» - деген аяты арқылы не үшін хиджап киюге міндетті екендігін түсінеміз. Медицина ғалымдары әйел кісілердің басына орамал таққандар мен тақпайтындар арасында пікір таласып тәжірбие жасасыпты. Сонда базарға кірген шаштары ашық әйелдердің үйлеріне қайтқанда ауырлау күймен қайтып шаштары көп нәрсені жабыстырып алатындықтарын аңлап шаштың жабық жүргендігін қош көріпті. Хиджаптың тағы бір қырын өмірден алып қарасақ болады. Шаштары жалбырап, ашық-шашық жүретіндерге көшеде тұрған ерлердің жалтаң-жалтаң қарауы мен піштулап ысқырып тиісіп жатқанын көп байқаймыз. Алайда хиджап кигендерге тасмалдау көлігінде орынберіп ерекше сыпайылық танытқандарды да көріп іштей қуанып жатамыз. Рас хиджап кигендерге тиісіп араптың, түріктің киімі деп тиісіп жатқандарда жоқ емес. Оларға айтарымыз мынау: Кезінде Сайн көшесімен Сифулин көшесінен орын алған жек көрінішті қыздардың киімдерімен қазіргі таңдағы қаракөз қыздарымыздың киімдеріне көз тастап ой жүгіртіп көрелікші, айырмашылығы қаншалықты?! Бәлкім алдымен намаздарын оқып ешкімге зиянын тигізбей жүрген хиджаптағы қарындастарымыздан көрі батыстың елдің көркін бұзар ашық-шашық киінген киімдерін түзеген дұрыс болар?! Ата бабаларымыз Исламның бұл жабыну жолын дұрыс түсініп өз қазақи тұрғыда кимешек, сәукеле секілді келтіріп, шашақ-оюлармен өрнектеп Аллаһтың әміріне лайықты етіп, киім пішін жасаған-тын. Өкіншке орай мұндай киімлермен қазіргі таңда тасымалдау көліктерінде жүру қиынға соғады. Себебі шетелге еліктеген бұзылған жастардың үстеріне сынған сүйектермен үштік темірлері ол көйлектің шашақтарын пырым-мырым шығаратыны болса, екінші жағынан мұндай көйлектер қымбатұа түсіп, Силкуай, Адем деген сияқты сауда орталықтарында пәленбай деп өте қымбат бағата сатылып жатқаны, жыртық киімдердің арзандау бағамен тұрғандығы тағы бар.
Жалпы, арсыздыққа қорғаныш болар хиджаптан артық ештеңе жоқ, және әрбір әйел заты хиджап киюге лайықты деп білемін. Гүлназым
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.