“Мұхаммед соңғы пайғамбар” деп аталатын жаңа мультфильм көрерменге жол тартты - 1 Мая 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 21:59
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 982
 

Негізгі бет » 2010 » Мамыр » 1 » “Мұхаммед соңғы пайғамбар” деп аталатын жаңа мультфильм көрерменге жол тартты


“Мұхаммед соңғы пайғамбар” деп аталатын жаңа мультфильм көрерменге жол тартты
11:34
Анимациялық туындыны әйгілі Голливуд режиссері Ричард Рич түсірген. Айта кетіні бұл туынды мұсылман елдерінің барлығында көрсетіліп жатыр. Ал, ТМД бойынша көрсету құқығын «Асыл арна» телеарнасы иеленген.
«Мұхаммед соңғы пайғамбар» мультфильмінің тұсау кесеріне жиналған адамда есеп болмады. Себебі, анимациялық туындының көркемдік, рухани жағынан сапасы өте жоғары. Айта кететіні бұл мультфильм АҚШ-тан бастап Сирия, Иран, Мысыр, Бахрейн мен Қиыр Шығыста да халық назарына ұсынылып отыр.

Еркебұлан Қарақұлов, ҚМДБ қызметкері:

Кинокритик емеспін бірақ, жапы өз басыма ұнады. Аудармасының өзі сапалы. Аудармасының өзіне көп көңіл бөлініп, қазақтың жалпақ тілімен жасалған. Сосын мына Мұхаммед пайғамбарға қанша фильм түсірсең де аз. Бірақ, мында керекті жерлері алынған.

Мульфильмнің тұсаукесеріне Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да арнайы келіпті. Қазіргі қазақ киносының көпшілігіне қарсы сын айтып жүрген ол голливуд режиссері Ричард Ричтің қолынан шыққан бүгінгі шығармаға жоғары баға берді.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

- Бұл анимациялық кино біріншіден, екіншіден діни мәселе болғаннан кейін шатысып кетуден ислам ғалымдары өте қорқады. Сондықтан, ойындағыны нақты іске асыруға майталман маман керек болды. Голливудтың маманы шақырылғаны сол.

Жалпы, мультфильм ересектерге де, балаларға да арналған. Түсінікті, тілі жатық. Ерекшелігі сол, әлем мұсылмандарының қолдауымен түсірілген туынды шариғаттағы барлық талаптарды қатаң сақтаған.

Данияр Қожан, «Асыл Арна» телеарнасының продюсері:

-Мұхаммед пайғамбардың бейнесі көрсетілмейді. Болмайды да шариғат бойынша. Неге десеңіз халық оны Идол деп қоюы мүмкін. Оған сосын сыйына бастайды. Ол да өте қорқынышты зат. Қысқасын айтқанда өте қызықты. И оны қараған дұрыс.

Джекки Чан, Чарли Чаплин, Леонардо Ди Каприо, мына жақта Сильвестер Сталонэ. Бұл мен білетін актерлардың аттары. Оларды қазақ көрермендері де жақсы таниды. Аталған киномайталмандары түскен фильмдер ел кинотеатрларын да ешқашан босатқан емес. Бірақ, көңілді алдаған ол картиналар рухани аштыққа бастайды. Тіпті олардың тәрбиелік мәні де болмады. Енді мына «Мұхаммед соңғы Пайғамбар» мультфильмі осы тәрбиенің таяздығымен жалғыз болса да күреседі. Бұл жаңа ғана біз көрген туынды авторларының пікірі. Ләйім солай болсын.

Жаңалық видеосы:
http://kaz.ktk.kz/video/20100429/f4v/4181.f4v


Дастан Шымырбай
КТК


Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 2165 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 5.0/3 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 1
18.Мамыр.2010
1. Досхан (AL_Hanifiya)
Мультфильм «Аллаһтың соңғы елшісі»

Жақын арада Еліміздің барлық кинотеатрларда Мухаммад (оған Аллаһтың игілімен сәлемі болсын) Аллаһтың елшісі атты Голливуд тусірген мультфильм көрсетілейін деп жатыр, бірақ бұл Аллаһқа шақыруда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілімен сәлемі болсын) жолына қаншалықты сәйкес? Осыған келесі үзіндіден жауап аласыз!
--- > http://al-hanifiya.kz/мультфильм-аллаһтың-соңғы-елшісі/


[пікірдің сілтемесі]


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0