Қостанайлықтар «Ислам және өркениетке» көптеп жазылуда - 8 Октября 2009 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 23:30
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 686
 

Негізгі бет » 2009 » Қазан » 8 » Қостанайлықтар «Ислам және өркениетке» көптеп жазылуда


Қостанайлықтар «Ислам және өркениетке» көптеп жазылуда
16:53
Үстіміздегі жылдың тамыз айының басында облыстық «Марал ишан» мешітінде өңірдегі қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдары бас қосты. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Ертай қажы Балахметов оларды 2010 жылға республикалық діни-танымдық «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуда белсенділік танытуға шақырған еді.
Міне, содан бері де біраз уақыт өтті. Қазір облыс бойынша аудан және қала имамдарының тікелей ұйытқы болуының арқасында мұсылман бауырларымыз 1500 дана «Ислам және еркениет» газетіне жазылды. Сонымен қатар, танымдық жағы мол «Иман» журналына жазылу одан әрі жалғасуда.
Сондай-ақ, облыстық мешітке келіп, аталған басылымдарға жазылуға тілек білдірушілер де аз емес. Оқырмандар қауымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің тікелей қолдауымен шығып жатқан газет пен журналға аса құрметпен қарайды. Басылымдардың әрбір нөмірін үйлеріне келер құтты қонағындай асыға күтіп отырады.
Қостанайлықтар Бас мүфти Әбсаттар қажының «Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері» және «Қазақстанның мешіттері мен медреселері» деп аталатын аса құнды кітаптарының жарық көріп, қалың жұртшылықтың рухани игілігіне айналғандығына да қуанышты. Ғұлама ғалымға алдағы уақытта да тың шығармашылық табыстар тілейді.
Жалпы, облыста «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналын жұртшылыққа насихаттауда облыстың Бас имамы Ертай қажы Балахметтің сіңіріп жатқан еңбегі зор. Ол жылда осы баспасөзге жазылу қорытындысы бойынша аса белсенділік танытқан аудан, қала имамдарын марапаттауды да дәстүрге айналдырған.
Оразалы ЖАҚСАНОВ. http://muftyat.kz

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары. | Көрілді: 831 | Ендірген: Dinislam_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0