[04.11.2010.] Қасиетті Мекке ғана мұсылмандардың құбласы. Түркістан - екінші Мекке деп шатасып, шала бүлінбейік. - 4 Ноября 2010 - Дінисламға қош келдіңіз
Сейсенбі, 22.Мамыр.2012, 23:30
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 735
 

Негізгі бет » 2010 » Қараша » 4 » [04.11.2010.] Қасиетті Мекке ғана мұсылмандардың құбласы. Түркістан - екінші Мекке деп шатасып, шала бүлінбейік.


[04.11.2010.] Қасиетті Мекке ғана мұсылмандардың құбласы. Түркістан - екінші Мекке деп шатасып, шала бүлінбейік.
03:47
Асыл дініміздегі бес парыздың бірі – қажылық. Мұны «Алланың – бір, Оның елшісі әрі құлы – Мұхаммед» екендігін жүрегімен ұғынып, хақ дін туралы дұрыс түсінікті түйсігіне түйген исі мұсылманның бәрі біледі. Мүмін егер әлеуметтік жағдайы болса, қажылық амалын орындауы – парыз. Ал, тұрмысы көтеріп, шамасы келсе тағы қажылыққа бару сауапты амал. Ол барғаны үшін зор сауапқа ие болады. Тұрмыстық әлеуеті жоғары және парыз екенін біле тұра бармаған жағдайда да Алланың мол сауабымен Жәннаттынан құр қалғаны. Себебі сол,  Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өсиетіне сүйенсек, «Бір рет умраға барғаннан кейін, екінші рет умраға бару – арасында істелген күнәларға кәффарат (күнәні кетіретін амал) болса, шариғат талабына сай орындалған қажылықтың сыйы тек Жәннәт болады». Міне, биыл қасиетті парызды өтеу үшін елімізден мыңдаған мұсылман бауырлар қасиетті Қағбаға, яғни Мекке-Мәдина қалаларына бет алмақ. Қазір аймақтарда алғашқы қажылық парызын өтеуге ниет етіп, бел буғандарға білікті де білімді имамдар кеңес беріп, алдын ала дайындық шараларын ұйымдастырды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің былтыр айтқан сөзі есіме еріксіз оралып отыр. Сол кезде қазірет: «Парызын өтеген адам: «Қажылыққа бардым, іс бітті», - емес, үнемі: «Қажылығым қабыл болса екен. Қажылыққа барып алған сауабымды Алла Тағаланың әміріне қарсы келіп, жойып алмасам еді», - деген ойда болғаны абзал екендігін айтқан болатын. Сондықтан қажылыққа бармас бұрын ниетті түзу етіп, сананы сабырлыққа дайындаған жөн. Соңғы кездері жұртшылық арасында: «Түркістан – екінші Мекке. Түркістанға жеті рет барсаң, бір рет қажылыққа барғанмен тең», - деген қаңқу сөз желдей есіп тұр. Тіпті, Меккеге емес, Түркістанға арнайы көш түзеп жүргендер де жетерлік. Мұны хакім Абайша айтсақ: «Білімсіздік белгісі, ол – баяғы». Енді, оған иланғандарға әрине, айтарымыз ең алдымен иманын күшейтіп, ілім іздену қажет. Ал, жер бетінде Исламға тең келетін дін жоқ. Сондықтан да мұсылмандардың қыбласы болған Мекке мен «Бәйтүл-Харам» ешқандай өлке мен өңірге теңдессіз орын. Айта кетерлік жайт, Қасиетті Мекке-Мәдина қалаларына жаһангер ретінде баратын кейбір азаматтар да жиі кездесіп жүр. Бұл да дұрыс емес. Ислам – кейбіреулердің түсінігінде қалыптасқандай, харам мен халалды ғана айыратын дін емес. Ислам – мәңгілік бақытқа жетелейтін имандылықтың иірімдері тоғысқан тура жолдың асыл діні. Мейірім мен ізгіліктің, адамгершілік пен асыл құндылықтардың қайнар бұлағы. Ал, салт-санасы мен тұрмыс-тіршілігін хақ дінмен ұштастырған қазақ халқы әлі күнге дейін бұл бағыттан еш тайған емес. Еліміздің түкпір-түкпірінде мұнарасы менмұндалаған мешіттердің ашылып, онда Жаратушы Иемізге құлшылық ететін жамағат пен жастар қатарының қалыңдауы сөзімізге айқын дәлел. Алла Тағала берік қалпымыздан айырмасын.  Ақпарат көзі..
Алмат Әбдіраман, журналист.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 614 | Ендірген: Admin | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: erbolatik_7, zh_th

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 1
Бүгін: 0