Сенат Төрағасы БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі Жоғарғы Өкілімен кездесті - 29 Июня 2010 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 18:03
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 952
 

Негізгі бет » 2010 » Маусым » 29 » Сенат Төрағасы БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі Жоғарғы Өкілімен кездесті


Сенат Төрағасы БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі Жоғарғы Өкілімен кездесті
01:51
Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конференциясына қатысып жатқан БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер Альянсы жөніндегі Жоғарғы Өкілі Жорже Сампайомен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Өркениеттер Альянсы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты, оның ішінде мәдениетаралық диалог саласында Альянс жүргізіп отырған жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

«Қазақстан Альянспен әріптестікті дамытуға жіті назар аударады және оның мақсаттары мен міндеттерін қолдайды. Еліміздің Мәдениет министрлігі Өркениеттер Альянсы аясындағы іс-қимылдардың Ұлттық жоспарын жасақтауды аяқтауда. Ол Қазақстан Республикасының Альянспен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға тың серпін беріп, оның идеяларын қазақстандық қоғамда таратуға ықпал жасайтын болады»,- деді Қ.Тоқаев.

Ж.Сампайо Қазақстанның өркениетаралық және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілету жолындағы, толеранттықты нығайту мен мәдениеттерді өзара жерсіндірудегі маңызды рөлін атап өтті.

БҰҰ Жоғарғы Өкілінің айтуынша, Қазақстан Альянстың «Достар тобының» белсенді мүшесі ретінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолында нақты қадамдар жасауда.

inform.kz
Категориясы: Еліміздің соңғы жаңалықтары | Көрілді: 583 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Manas_mumin

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3565
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1