|
|
 | |  |
Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 8 » Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда
Шымкентте пирамидаға ұқсайтын мешіт салынуда | 22:11 | Соңғы кездері Оңтүстікте мешіттер саны көбейіп келеді. Ал таяуда Шымкенттегі Гагарин және «Ленинград» көшелерінің қиылысында пирамида пішінді ерекше мешіт пайда болды. Қасындағы азан шақыру мұнарасының көрінісі көкке өрлеген зымыранды көз алдыңа елестетеді. Мұндай жобаны дүниеге келтірген шымкенттік Дәуренбек Ахметов пен ол кісінің досы Амангелді Бердаш деген кісілер. Мешіттің іші кең әрі таза. Жамағат жиналып намаз оқығанда дыбыс күшейткішті керек етпейді, дауыстар жаңғырып шығады. Ішке жарық төбеге орнатылған пластикалық терезелерден түседі. Мешіттің сырты толықтай кераммогранитпен қапталып, ауланың сырты оюлы темір шарбақпен қоршалған. Қасында жас балаларды оқытатын медресенің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сол жерде жұмыс істеп жүрген бірнеше жігіт мешіт таяуда пайдалануға берілетіндігін айтады. Біз бұдан кейін сол төңіректегі ауыл тұрғындарын сөзге тартып, жаңа мешіт жөнінде пікірлерін сұрадық. Тұрсынай Әбділдаева: – Бұл мешітті Құрбан айт күні ашылады деп күтіп едік, сәл кешігіп қалды. Енді наурызға ашылады дегенді естіп pyramyda-3қуанып жүрміз. Ауылда мешіттің көп болғаны жақсы. Жастар уақыттарын босқа өткізбей, имандылық жолына түседі. Бұл үшін Дәуренбек бауырыма мың алғыс. Мешіт Оңтүстіктің мақтанышы болатынына сенімдіміз. Раушанбек Османов: – Біздің көшеде бұған дейін мешіт болмаған, тұрғындар шайханадағы шағын мешітке баратын. Енді, Құдай қаласа, намазды өз мешітімізде оқитын боламыз. Бұл үшін ауыл тұрғындарының Дәуренбек бауырымыз бен оның әкесі Шәкірбай қажыға алғыстан басқа айтары жоқ. Сұлтанбек Юлдашов: – Біз мешіттің ашылуын асыға күтіп жүрміз. Бұрын мешітке өте сирек баратынмын. Енді үйдің қасындағы мынадай керемет мешітке бармасам, тіпті ұят шығар. Сондықтан мешіт ашылса намазды қаза қылмауға дайындалып жүрмін. Дәуренбек ініме айтар алғысым мол. Егер осы жерден тойхана немесе үлкен сауда үйін ашса не істер едік? Жеке өзінің пайдасын емес, халықтың қамын ойлаған осындай азаматтар көбейе берсін деп тілеймін. Тұрғындар қажет болса асар жолымен көмектесуге дайын едік, бірақ Дәуренбек барлығын өзі жасағысы келді. Оған Алланың нұры жаусын. ...Расында да қалталы азаматтар тойхана мен зәулім сауда үйлерін сала бергенше осындай халықтың игілігіне жарайтын жұмыстар атқарса нұр үстіне нұр болар еді-ау. http://zamana.kz/
Ұ. ҮМБЕТ.
|
|
|
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.
© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
|
|
|
|