Сионистік режим қайраткерлерінің Еуропадағы мәмілесі - 27 Января 2010 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Сенбі, 04.Қыркүйек.2010, 07:33
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Ақидаң дұрыс па? (3)
•  Ақидаң дұрыс па? (2)
•  Ақидаң дұрыс па? (1)
•  "Қазақтың исламы" немесе суфизм
•  Ширктің қауіптілігі
•  Адасқандармен тартысу
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
сауалнама
Сіз Дінислам сайты туралы қайдан білдіңіз?
Жауап берілді: 272
 

Негізгі бет » 2010 » Қаңтар » 27 » Сионистік режим қайраткерлерінің Еуропадағы мәмілесі


Сионистік режим қайраткерлерінің Еуропадағы мәмілесі
08:54
Кәрі құрлықта анти сионистік сезімдердің ұлғаюымен орайлас , сионистік режим басшылары Еуропа астаналарында мәміле жүргізумен өздерінің жиіркенішті шырайын түзетуді мақсат тұтып отыр.Сионистік режимнің басшысы Шимон Прес Германияға аттанса , бұл режимнің бас министрі Бениямин Нетаняху өзінің Поляк әріптесі Доналд Таск пен кездесуге және Ашовитс Лагерін азат етудің 65 жылдығы рәсіміне қатысу үшін Варшаваға келді.Сондай ақ сионистік режимнің СІМ Авигдор Либерман Мажарстан астанасы Будапеште сапармен жүр.
Сионистік режим қайраткерлерінің осы сапарлар барысында Еуропалық қайраткерлер мен келіссөздерінің өзекті тақырыбын Еуропалық үкіметтердің қолдуына ие болу және сионистердің Палестиналықтарға қатысты экспансистік әрі нәсілшілдік қылықтарын ақтап алу болып отыр.Сионистік режимнің Газа секторына 22 күндік шабуылдарынан кейін батыс елдерінің қоғамдық пікірі деңгейінде бұл режимнің абыроиы айрандай төгілді.Сондықтан басқыншы сионистік режимді қатаң қолдап отырған Еуропалық үкіметтер осы режимді қолдауында саяси қысылтаяңда қалып отыр.Ричэрд Голдстонның сионистердің Газа секторына шабуылындағы қылмыстық шараларын растаған есебі таратылуы және бұл есептің БҰҰ-ның адамзат құқығы кеңесі мен бас ассамблеясында бекітілуі сионистердің мүсәпірсымақ насихаттық саясатының күлін көкке ұшырды.Сионистер Палестинаны жаулап алғалы бері екінші дүние жүзілік соғыста Еврейлердің өлтірілуін ескерумен және аңыз ертегідегідей түймені түйедей етіп көрсетумен, өздерінің жаулап алынған Палестина өлкелеріндегі қылмыстарын ақтап алуға тырысып бағуда.Есесінде олар кез келген анти сионистік шараны антисимитизм деп атап, оны Еврейлерге қарсы нәсілшілдік шараның ұлғюы деп жар салып насихаттауда.
Газа секторына 22 күндік шабуылдардан кейін жаулап алынған өлкелерде екі маңызды оқиға орын алды.Батыс қоғамдық пікірі алдында сионистік режимнің нәсілшілдік болмыс бітімі паш болуынан басқа, Тель- Авивде сионист оңшыл экстремистік партиялардың билікке келуімен АҚШ және Еуропалық үкіметтерді Таяу Шығыс бітім келіссөздерін жандандыру жолында сәтсіздікке ұшыратып отыр. Бениямин Нетаняху үкіметі қалашық салу үрдісін жалғастыратынын баса айтумен Палестина тақырыбы жөнінде батыстың қиыншылықтарын арттырып отыр.Сол себептен де АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Таяу Шығыс бітім мәселесі деп атайтын үрдісті ілгерлетуде сәтсіздікке ұрынғанын мойындаудан басқа амалы қалған жоқ.
Осындай жағдайда, сионистік режим басшылары Еуропа астаналарына сапар мен өз тұрғыларынан кері шегінбестен, Еуропалық үкіметтердің қолдауына и болуға тарысуда.саясаттанушылардың пайымдауынша, Таяу Шығыс келіссөздеріндегі негізгі ойыншы АҚШ сионистік режимге қысым салумен бітім келіссөздері үрдісіне қозғау сала алмай отырғанда, Еуропалық үкіметтердің осындай рөл атқаруға қауқары жоқтығы бесенеден белгілі.
kazakh.irib.ir
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 376 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: nuka_89_02-12, aika_bk, Baxa_2220, bokin, xamza2007, Abdu_S

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Abdu_S

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3130
Осы ай ішінде: 70
Осы апта ішінде: 20
Кеше: 8
Бүгін: 0