Жаңажылдық шыршаға барғандар уағыз тыңдады - 11 Января 2010 - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Дүйсенбі, 06.Ақпан.2012, 21:39
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1760
 

Негізгі бет » 2010 » Қаңтар » 11 » Жаңажылдық шыршаға барғандар уағыз тыңдады


Жаңажылдық шыршаға барғандар уағыз тыңдады
15:14
Жаңа жылды қарсы аларда Шымкент қаласындағы «Ордабасы» алаңына шырша орнатылды. Бұл көптеген шымкенттіктерді ойландырып тас­тады. Себебі мерекелік шырша Қаттани мешітіне таяу жерде болатын. Сондықтан да «Алаңға келген мас адамдар мешітке су іздеп кіріп кетпесіне кім кепіл, кейбіреулер мешіт­ке қаратып­ отшашу атпай ма?» дегендер кездесті.  Ал Жаңа жыл мерекесінде аталмыш жерде әлгіндей жайттар орын алды ма?

Біз «Ордабасы» алаңына 31-желтоқсан күні кешкі сағат­ 17.00 шамасында барған едік.  Бұл кезде шырша­ айна­ласында топырлаған адамдар жүрді. Алаңда Қатта­ни­ мешітінен шыққан уағыздың дауысы жаңғырып­ тұрды. Оны естіп риза болдық. Өйткені әшейінде ме­шіттегі уағыз тек жұма күні түс мезгілінде ғана айтылатын.­

Аталмыш алаңға ертеңінен түсте және кешке барғанымызда да солай болды, яғни дауыс күшейткіш арқы­лы уағыз айтылып жатты. Ал 3-қаңтар күні біз мешітке кіріп, Берік есімді кезекші имамды сөзге тарттық.

«Шынымды айтсам, мешіт алдындағы алаңға шырша орнатылғаны маған ұнамады, – дейді Берік. – Мереке қызған шақта мешіт жұмысына зияны тимесе екен деп ойладық. Сөйтіп, 31-желтоқсан күні таңертеңнен түнгі сағат 23.00-ге дейін уағыз таспасын қосып қойдық. Сондықтан ба, өздеріңіз көріп отырсыздар, арақ ішіп алып, улап-шулап жүргендер алаңға келмеді. Бәлкім бірлі-жарым ішімдік ішкендер келген шығар. Бірақ алаңнан артық-ауыс мінез көрсеткендер байқалмады. Мешітімізге де масаң адамдар кірмеді, мазамызды алмады. Барлығы да тыныш өтті. Ал іш­пе­гендердің көбісі мешітімізге келіп, уағыз тыңдап, бұл ісімізге алғысын білдіріп жатты. Міне, бүгін уағыз таспасын дауыс зорайтқышпен күні бойы қосып жатқанымызға төртін­ші­ тәулік болды. Бұл ісіміз 13-қаңтарға дейін жалғасуы мүмкін. Себебі адамдар мерекелік шыршаға сол күнге дейін де келіп жатуы ықтимал».

Иә, Берік айтқандай Жаңа жыл мерекесінде «Ордабасы» алаңында қоғамдық тәртіп бұзып жүргендер кездеспеді. Мешіт жанындағы тамақ сатылған орындарда да көпшілік арақ ішпеді. Себебі уағыз айтылып жатқан жерде ішімдік ішуге ыңғайсызданған болар.

Аталмыш мерекеде әл-Фараби алаңына барғанымызда онда жүрген масаң адамдарды кездестірдік. Кәуәп, палау сатылған орындарда ішімдік ішіп отырғандарды көрдік. Осын­дағы Сағын есімді таныс сатушы: «Әр Жаңа жылда осы жер­ге келіп жасырып арақ сатамын. Жылдан-жылға арақ алу­шылар қатары азайып барады. Былтыр ішкен таныс адамдар келесі жылы молда болып келіп тұрады. Биыл саудам онша болмады»,– деді.

Шынында да осы Жаңа жыл мере­кесінде ата-аналардың көбі балаларын түрлі аттракциондарда ойнатып жатты. Ал олар көшпелі аттракциондар болатын. Оны алып жүргендер кавказдықтарға ұқсайды. Жылда келетін олар мұнан бұрын Грузиядан келгендерін айтатын. Осы жолы да сөйлесуден қашып, өздерін «Қарағандыдан келдік», – деді. Бізге олар қайдан келсе де бәрібір ғой. Тек осындай көшпелі аттракциондар өзімізде болмай, шеттен келетіні ойландырады.

Қысқасы, биылғы Жаңа жыл мере­кесінде біз осындай ерекшеліктерді аң­ғардық.  Бізді жұрттың мәдениет­ке, иман­­ға мойын бұрғаны қуантты. http://www.zamana.kz/

С. БАЙБОСЫНОВ.
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 962 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 4
27.Наурыз.2011
4. Aidana
Allah razi bolsin

[пікірдің сілтемесі]
14.Қаңтар.2010
3. Жусамбаева Шарипа Базарбайқызы (Базарбаевна)
Маган да унады. Гажап! arb tu

[пікірдің сілтемесі]
12.Қаңтар.2010
2. ....... (Umit)
Keremet, soz zhok!!! Layim osylay jalgasa bergey!!

[пікірдің сілтемесі]
12.Қаңтар.2010
1. MUSULMANIN (Муслим)
Баракаллаһ! Тамаша! arb amandasu salem

[пікірдің сілтемесі]

Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: meru0312, Aisha, алпамес

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: алпамес

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3558
Осы ай ішінде: 21
Осы апта ішінде: 2
Кеше: 0
Бүгін: 1