Жат көзілдірік киген жігіттер немесе «Шайтанхананы» оқығаннан кейінгі ой - 8 Февраля 2010 - ҒАЛАМТОРДА ДІНИ САЙТ - жаңалықтар, мақалалар, сұхбат.
Бейсенбі, 11.Наурыз.2010, 05:09
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  МӘУЛІТКЕ ҚАТЫСУДЫҢ САУАБЫ МОЛ
•  "Валентин күні" қандай күн?..
•  Бір ғалымды Аллаһтың бар екендігіне сендірген жеті себеп
•  Тағдырға иман
•  Әулиені қорлама
•  Үлгі-өнеге көрсете білу
•  Нұр сүресіндегі әуретке байланысты аяттың тафсирі
•  "Иләһ"
сауалнама
Хиджабқа көзқарасыңыз?
Жауап берілді: 311
 

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 8 » Жат көзілдірік киген жігіттер немесе «Шайтанхананы» оқығаннан кейінгі ой


Жат көзілдірік киген жігіттер немесе «Шайтанхананы» оқығаннан кейінгі ой
04:44
«Өмір ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік» демекші, егер біз (күллі адамзат) өлімнің бар екенін сезбесек, бұл өмірдің мағынасын түсінбес те едік. Дәл осы түсінбестіктен шығады, адам болған соң пендешілік белең алмай қоймайды. Оған шырмалып қалудан оңай нәрсе жоқ. Әйткенмен, пендешілік құр-сауынан құтылудың да жолы жоқ емес. Ол жол – хаққа бет бұру. 

Соңғы жылдары қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ болып, материалдық тұрғыда мерейіміз өсе түскенімен, кері-сінше, рухани тұнығымыз лайланып, имани болмысымызды кір шалуда. Әсіресе, қазақы менталитетімізге жат бей-әдеп қылықтар жанымызға қаяу түсіріп жүр. Жат діни ағымдардың жәдігөйлігі жұртымыздың жадын улап, тура жолдан тайдыруда. Мәселен, тобымызда бірге оқыған құрбымның бірі иегово куәгеріне айналып, бірі әулиелерді адақтап, әруаққа сыйынып жүр. Ең сорақысы, өздерінің адасқанымен қоймай, өзгелерді де азғыруды ғұмырлық ұстаным еткенін қайтерсің! Осындай жайттарды есіме түсіріп, қолыма қалам алғызған белгілі қаламгер Құдияр Біләлдің «Жалын» журналында жарық көрген «Шайтанхана» атты шығар-масы болды. Ә дегенде тақырыпқа көзім түскенде, тіксініп қалдым. «Шайтан» деген сөзді аузыңа алушы болма, айтсаң «мені шақырып жатыр» деп жетіп келеді», — деп еді иман жолында жүрген бір досым. Бәлкім, содан болар, тақырып құйқа тамы-рымды шымырлатып жіберді. Сонда да, дәтім барып шығарманың мазмұнына көз жүгірттім. Соңғы жылдары тоқырауға ұшырай бастаған әдебиетімізге жаңа леп, өзіндік ырғақ, мазмұн, түр әкелген қаламгердің бұл ой-толғанысы оқырманның жан-дүниесіне қозғау салатыны анық. Айтар ойы анда-ғайлап көкейге қонатын қаламгердің жазу шеберлігі, еріксіз терең толғануға жетелейді. Шығарма иесінің уытты сөзі мен кемел ойының үндестігі оқырманға қара сөздің құдіретін паш еткендей. Мұндағы өзгеше өрілген сөз маржандары жанға жылулық сыйлайтыны талассыз. Әрине, қатып қалған қалыптан шығып, сара жолмен жүру – ерлік. Қазіргі таңдағы, бейбіт күндегі, әдебиеттегі ерлік. Енді ішкі мазмұнына тереңірек үңілсек, Қ. Біләл аталмыш туындысында жоғарыда атап өткен мәселелерді тілге тиек еткен. «Аллаға серік қосу», «адамға, аруаққа сыйыну, әйелге табыну», «әулие ағаш, оған шүберек байлау» тәрізді теріс рәсімдерді тегіс талдайды. Мұндай сүреңсіздіктің етек алып бара жатқанын ашына жеткізіп, оған салғырттықпен қараудың дұрыс еместігін ескетеді. Көркем шығарма ащы мысқылмен аралас жазылып, астарына көп ақиқатты бүккен. Риясыз күліп оқып, беу-дүниенің бейдауа сұрқайлығына күйзеліп, қалың ойға батасың. Ең сүйсінерлігі, автордың абстрактылы ойламай, тірі мәселелерді ұждан тезіне салып, пендешілік парқын пайымдатып, оқырманға ой салуы. Адамзат баласы иманмен ғана көсегесін көгерте алады. Имансыз бұл жалған күңгірт, көмескі. Имансыздық пендешілікке ғана ұрындырып қоймай, бассыздыққа бастап, оның батпағына батырады. Иманның талабын кәдеге асырумен ғана мәңгілік бақытқа қол жеткізе аламыз. Одан басқасы құр далбаса, бұл Құдияр Біләлдің пайымдауы ғана емес, хақ жолындағы абсолютті ұғым. Бүгінгі таңда хақ жолын белгіленген жаттанды қалыппен дәріптеу үрдісі ба-сым. Ал, құндылықтарды көркем сөзбен безендірместен бере салу, біздің дін алдында әлсіздігімізді әйгілесе керек. Қазір, дін турасында екінің бірі сайрап, екінің бірі көлгірсіп, көлдей-көлдей шығармалар шығарып жатады. Бірақ, басым көбі татымсыз һәм дәмсіз. Оны оқып ойыңның ойраны шықпаса да, түйінді ештеңе ала алмайсың. Ал, халқымыздың дүниетанымына сай жазылған, қазақы өрілген қарапайым шығармалар жоқтың қасы. Осы тұрғыдан алғанда «Шайтанхана» осы олқылықтың орнын толтырар туындылардың алғадайы десек, асыра айтқан-дық емес. Сөз соңында айтпағымыз, халқымыздың басым көпшілігі Аллаға мойынсұнып, намазға жығылуда. Әсіресе, жастар жағы, онда да жалындаған жігіттер. Алайда, сол жастарымыздың жан-дүниесі қазақ болғанымен, киген көзілдірігі өзгенікі. Олай болатын себебі де діннің тұнығын қазақы шығармалардан қанып ішпегендігінен. Діннің насихатталуындағы осы соны мәселелердің шешім таппауы қарын аш-тырады. Сондықтан, ақиқатты паш етер құндылықтарды қазақы ой-өрнекпен әшекейлеп, кестелі сөзбен киіндіретін туындылардың легі таусылмасын деп тілейміз.

АРАЙ ЖҰМАШҚЫЗЫ
"Қазақстан Заман" газетi
Категориясы: Өзекті мәселе.... | Көрілді: 139 | Ендірген: janbolat | Рейтингі: 0.0/0 | Материалды бағалау:
Барлық пікірлер: 0


Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды
жарнама орныңыз
жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
САНАҚ


Бүгінгі зияратшылар: kainarilyass, altynbek, Nurgalym, Mumina_A

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Mumina_A

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 2756
Осы ай ішінде: 86
Осы апта ішінде: 18
Кеше: 3
Бүгін: 0