КІМНІҢ ІЗІМЕН, ҚАЙ ЖАҚҚА БАРА ЖАТЫРМЫЗ?… Қажылықтан келген бауырымыздың базынасы: - Білгенге маржан - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 22:30
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 983
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Білгенге маржан


КІМНІҢ ІЗІМЕН, ҚАЙ ЖАҚҚА БАРА ЖАТЫРМЫЗ?… Қажылықтан келген бауырымыздың базынасы:
КІМНІҢ ІЗІМЕН, ҚАЙ ЖАҚҚА БАРА ЖАТЫРМЫЗ?…
Қажылықтан келген бауырымыздың базынасы:

Күні кеше ғана дүние жүзіндегі бір жарым миллиард мұсылманның үш миллионнан астамы қажылық сапарын өтеп қайтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеткізген бір хадисте «Кім шынайы ықыласпен қажылық өтеп қайтса, анасынан жаңа туылған нәрестедей күнадан тазарады» - делінеді. 2000-нан астам отандастарымыз биыл Аллаһ алдындағы парызын өтеп келді. Солардың бірі ретінде, өзім байқаған мына жайлармен ой бөліспекшімін.
Қажылықтан керемет әсермен келген біздерді отандастарымыздың жаңа жылды қарсы алуға деген дайындығы мен ынта-ықыласы таң қалдырды. Ойлана келе, мынандай қорытындыларға келдік:

1. Қажылықта адамдар Алланың ең ұлы мешіті болған - Қағбаны айналып құлшылық жасайды. Ал жаңа жылда шайтан (Алланың оған лағнеті болсын) адамдарды жасыл шыршаны айналдырып қояды емес пе?…

2. Қажылықта адам барынша тазарып, Алланың қонағы болып, өзін: «Жаратылыстың ең абзалы – Адаммын», - деп әппақ ихрам киеді. Ал жаңа жылда шайтанға ерген адам айуан кейпіне түсіретін маскалар мен киімдер киеді емес пе?…

3. Қажылық жасаушы адамдардың барлығы жиналып, бір уақытта шайтанды қуып тас атады. Ал жаңа жылды тойлаушылар сол шайтанның азғыруына еріп, көкке қарай тас (салют) атады. Халық ұғымында көк – Құдай мекені болып саналады емес пе?!..

4. Қажылық рәсімін орындаушы адам тілек тілеп, Зәм-Зам суын ішеді. Ал Жаңа жылда шайтан бізге бала-шағамызбен шаттана отырып, шампан ішуді үйретті емес пе?…

5. Қажылықта адам күнә атаулыдан аулақтап, тіпті шөп жұлмайды, шыбын-шіркей де өлтірмейді. Ал жаңа жылда шайтан-малғұнға ергендер арақ ішу, зина жасау, төбелесу, адам өлтіру сияқты ауыр күнәлардың неше түрін күліп істеп жатады емес пе?…

6. Қажылықтан адамдар дертінен сауығып, күнәдан арылып қайтса, жаңа жылдың түнінде ауруханалардың травматология бөлімдері жарақат алған адамдарға толып кетеді, қанша қыздар қарашықтай сақтап жүрген ары мен ұятын айрандай төгеді емес пе?… Күнаға батпанынан бататыны тағы бар.

7. Қажылыққа барған кезде адамдар Аллаһтың үйін көріп: «Уа, Аллаһ, мен сенің алдыңа келдім, Сенің ешбір серігің жоқ», - деген мағынадағы тәлбия сөзін айтады. Ал жаңа жылда ше? Шайтан адамдарға шыршаны тауаф еттіріп қана қоймай, оған қоса, өзінің үйреткен: «Аяз Ата, келіңіз! Бізге сыйлық беріңіз!», - деген секілді тақпақтарын айтқызады емес пе?…

8. Бірақ мұның барлығы кешірілмейтін күнә – Аллаға серік қосу мен қабаттасатыны – ашынарлық. Қажылықта адамдар бір Алладан ғана тілек тілесе, жаңа жылда шайтан адамдарды Аяз Атадан, Жаңа жылдан сұрауды үйретті емес пе?… 

9. Шын мәнінде, қажылық – шайтанның ең қор болған кезі. Ал, қазіргі жаңа жыл - шайтанның мәртебесі көтеріліп, жақтаушылары көбейген кезі емес пе?…
Осы бір болымсыз ойын сияқты көрінген әрекеттердің ар жағында, «кешірілмес күнә» - ширк, яғни Құранда ескертілген Аллаға серік қосуды көрмегендердің ақыреттегі жағдайы қалай болар екен?… Я, Алла, бізді өкінушілерден ете көрме! Тура жолыңа сала гөр!


Ақпарат көзі: http://iman.solai.de/?p=170

Категориясы: Білгенге маржан | Ендірген: Dinislam_Kz (30.Желтоқсан.2008)
Көрілді: 778 | Рейтингі: 5.0/1 |


Барлық пікірлер: 1
19.Наурыз.2012
1. Куаныш
Аллаху акбар. Аллах барiмiзге кажылыкка шын ниетпен(риясыз) баруды насип етсин. Шайтан малгуннын аздыруынан сактасын.

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0