Шын мәнінде адам баласын әртүрлі әрекеттерге жетелейтін күш, істі жүзеге асыруға көмектесетін қуат – ниет. Сол ниеттің күшімен адам көп тер төгіп, көптеген ауыртпашылыққа төтеп береді. Кейде адамның іс-әрекеті мен ішкі дүниесі, яғни ниеті үйлеспей жатады. Екі адам айны қатесіз бір амал жасауы мүмкін. Алайда, екеуінің ниеттері екі түрлі болғандықтан амалға екі түрлі баға беріледі. Ғұламалар: «Қаншама ақыреттік амалдар ниетке байланысты жай қарапайым әрекетке айналады. Қаншама дүниелік істер ниетке байланысты сауапты амалға айналады»,-деген екен. Адам баласы жақсы ниетпен жасаған күнделікті әрекеттері: тамақтануы, жұмыс істеуі тіпті ұйықтауы да сауап амал болуы мүмкін.
Қазіргі таңдағы жаназадағы ысырапшылық немесе өлім-жітім кәделерінде кетіп жатқан қателіктер туралы айтып өткенді жөн көрдік.
Бір үйден жаназа намазы шығарылса, сол қазалы үйден үш күндік немесе жетісі, бейсенбіліктер, 20-сы, 40-ы, жүз күндік және жылы сияқты хайыр ихсан-садақа (ізгі амалдар) жасау халқымызда әдетке айналған. Бұл істерді қасиетті дінімізде ешкімге міндеттемеген (уәжіп емес). Бірақ «хасана» (көркем) амалдарға жатады. Демек бұл амалды кім шамасы келген ұрпақ шын ықылас ниетімен қабыл әрі сауаптан болсын деген үмітпен бағыштап жасау керек. Егер ниеті сондай болмаса немесе «ұят болмасын» ел жұрттан қалдырмайық, немесе біреулерден асып түсейік деген сияқты ниет пен жасалған ас болса ол істе ешқандай бағыштауға тұратын сауап болмайды. Ал, сауабы болмаған, пайдасы болмаған жолға жұмсалған дүние ысырап болады.
Құрбан
(араб тілінде) – «жақындау, Аллаһқа жақындауға себеб болған нәрсе»
деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «Ғибадат
ниетімен белгілі шарттары бар малды бауыздау» деген. Құрбан айт
күндерінде (алғашқы үш күнінде) Аллаһ Тағаланың ризашылығын алу
ниетімен шалынатынқұрбанға «удһийе» делінеді.
Құрбан (араб тілінде) –
«жақындау, Аллаһқа жақын-дауға себеп болған нәрсе» деген мағынаны білдіреді. Ал
шариғаттағы терминдік мағынасы – «Ғибадат ниетімен белгілі шарттары бар малды
бауыздау» деген. Құрбан айт күндерінде (алғашқы үш күнінде) Аллаһ Тағаланың
ризашылығын алу ниетімен шалынатын құрбанға «удһия» делінеді.
Аллаһ Тағала адамзат қауымына сансыз пайғамбарлар жіберген. Құран
кітабында аталатындардың саны жиырма бес. Ал, қазақ халқының ауыз әдебиетінде
айтылатын Жаратушы елшілерінің саны жүз жиырма төрт мың.
Пайғамбарларға қасиетті
кітаптар берілген, әрі сол арқылы Жаратушының бұйрығын жеткізіп, жұртшылықты
ғибадатқа шақырған. Алайда, олардың басты міндеті - әлемді жаратқан Аллаһқа
ғана ғибадат етуге шақыру болатын. Бұл барлық пайғамбарлардың ең ұлы миссиясы еді.
«На востоке, на востоке
Что за жизнь без чайханы!» деген әнді
дінге келмей тұрып сүйіп тыңдайтынбыз. Себебі түкті де түсінбегенбіз. Әншілерін
жақсы көретінбіз. Енді байқасам бұл ән емес, бомба
екен...
"Неге арабша?" - деп ашуланамыз. Иә, бір тамшы мәни судан жаратылған әлсіз, өз нәпсісін жеңе
алмай жүрген бейбақ адам ұлық Жаратушысына бұлқан-талқан болып, шәт-шәлекейі шығады.
Мұнысы адамдығы ма, надандығы ма?
Түнеукүні «Хабар» арнасында бір ғалымның теңіз
түбінен бір тас тауып алғанын көрсетті. Тасты жарып көрсе ішінен арабша жазу шыққан.
Ол жазу Құдайдың құдіретімен бір жарым миллион жыл немесе ғасыр бұрын жасалған.
Ол кезде араб түгіл алғашқы адам да дүниеге келмеген. Бұл Құранда айтылғандай
Аллаһ Тағала ғаламды жаратып, бар тағдырды жазып қойғанының ашық дәлелі. Бүгінгі
біздің көріп жүрген кереметіміздің бәрі Цунами толқындарындағы, жұмыртқа,
помидор бетіндегі, қозылар арқасындағы, балықтың құйрығындағы, адамның жүрегіндегі
жазулардың бәрі араб әліпбиімен жазылуда. Түркі, кирилица немесе латын әліпбиі
емес. Қайтеміз? Раббымыздың таңдауы сол! Біздің нәпсінің қалауына сай келмеді
деп дау айтамыз ба? Ішімізді өртеп бара жатқан тәкаппарлығымызды жеңуіміз
керек. Әйтпесе жәннаттан қуылған лағнет Ібілістің статьясы бізге жазылады.
Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) айтқан: «Кімде – кімнің жүрегінде
шаңның тозаңындай тәкаппарлық болса, жәннатқа кірмейді» деп. Жәннат та, тозақ
та Жалғыз құдіретті, ұлы Жаратушыныкі.
Мен бұл әңгімені
бүгін Сапарбек бауырымнан естідім. Жақында Астана қаласында болған оқиға екен.
Бір қазақтың байшыкеші құрылысқа өзбек ағайындарды жалдайды. Бар шаруасы
біткесін қазекең жұмысшылардың еңбекақысының жартысын ғана береді де:
- Қайда барсаңдар онда барыңдар, сендерге басқа соқыр тиын да бермеймін. Болды!
Кетіңдер! - дейді. Құрылысшылардың ішінде қартаңдау бірі - елден безіп, бала-шағасын
асырау үшін ит арқасы қиянда азып-тозып, үсіп-тоңып, тырбаңдап жүргенін, мүсәпірдің
ақысын жемеу керек екенін әбден-ақ ескертеді. Құдайдың атымен қорқыта сөйлейді.
Қалтасы томпиғанға құдайын ұмытқан байшыкеш әлгі өзбекті «құдайымен қоса»
тілдейді. Жәбір шеккен кісі отыра қалып қарғайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Жәбір
шеккен адамның дұғасы қабыл болады» - деген хадисі тура келіп, әлгі бай бір қырсықтан,
бір қырсыққа кезігіп, өте аз уақытта үй-жайынан безіп, қашқындық жолға түседі.
Көрінгенге қарыз. Шалқақтаған жүрісін жоғалтып, бүгежектеп күн кешеді. Ақыры қаңғыбасқа
айналады.
Тіл - Аллаһ тағаланың пенделеріне берген ұлық сыйларының бірі. Тіл дене мүшесі ретінде кішкентай ғана болғанымен, жаратылысы өте күрделі. Тіл - Аллаһ тағалаға мойынсұнуда үлкен қызмет атқарады. Бұл дүниеде адам баласының иманды немесе имансыз екендігі тілдің куәлік беруі арқылы мәлім болады. Аллаһ Тағаланың бар екендігін адамдарға анық дәлелдермен түсіндіруде тіл біздерге жәрдем береді. Тілдің жәрдемімен түрлі ілімдердің қыр-сырын оқып үйренеміз. Мұндай қасиеттер тек тілге ғана берілген. Мысалы, көз көрген, құлақ естіген нәрселердің қандай екендігін тілмен айтып жеткіземіз. Денедегі барлық мүшелер белгілі бір шектеумен шектелген. Мәселен, көз белгілі бір қашықтықты ғана көре алады. Сол сияқты қолдың да, құлақтың да белгілі бір шекарасы бар. Ал, тілдің өрісі болса өте кең. Егер тілді қадағалап, сөзге есеп беріп тұрмаса, оған шайтан араласып, иесін жамандыққа жетелеуі мүмкін. Тілді орынсыз пайдаланса, адам баласы тозаққа түседі. Тілін шариғат жүгенімен жүгендеген, екі дүниеге де пайдасы бар сөздерді сөйлеген адам ғана мұндай жамандықтардан құтыла алады. Адам баласын көп жағдайда бақытсыздыққа, күнә істерге душар ететін нәрсе - тіл. Сондықтан, адамдарды жолдан адастырудағы шайтанның аспаптарының ең үлкені тіл болып саналады. Сол себепті, шариғатымыз тілді қалай болса солай сөйлеуден сақтауға шақырады. Пайдасыз сөз сөйлегеннен гөрі үндемей тұруды дәріптейді.
Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза айт мейрамы. Бұл күні Алланың разылығы үшін 1 ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Ораза шартын орындаған жандар ауыздарын ашады. Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, ерекше ілтипатпен атап өтеді. Өйткені Рамазан – береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке болып саналады. Рамазан айынан Рамазан айына амандықта, саулықта жеткізгені үшін Жаратқанға мадақтар айтылып, шейіт болған аруақтарға бағышталып құран оқылады. Бұдан бөлек мұсылман бауырлар бірінің шаңырағына бірі бас сұғып, есен-саулық сұрасып, бірі екіншісіне денсаулық, жақсылық тілейді.