Кіндік тесіп, сырға тағу жастарымызға қайдан жұққан? - Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жұма, 10.Ақпан.2012, 21:53
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 803
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты


Кіндік тесіп, сырға тағу жастарымызға қайдан жұққан?
nullКІНДІК ТЕСІП, СЫРҒА ТАҒУ ЖАСТАРЫМЫЗҒА ҚАЙДАН ЖҰҚҚАН?
Иә, бүгінгі күнде жастарымыздың Еуропаға еліктеуі өршіп тұр. Бұған кім кінәлі?
Қазір заман өркендеген кез. Бірақ, өркендеген деп айта аламыз ба? Себебі, жастарымыз күннен күнге жалаңаштанып барады. Бағзы замандардағы алғашқы қауым адамдары сияқты. Бұлай деп айту себебім, олар матаның жоқтығынан, ұятты жерлерін ғана жауып жүрген. Ал, біз ше? Бізде барлығы жеткілікті бола тұра, жастарымыз мата жетпейтіндей кіндіктерін «мен мұндалап» тұрғандай күйде киінеді. Сол кіндікті тестіріп, сырға салудың не сәні бар?
Қыз баланың денесі жабық жүргені абзал. Көптеген қазақ қыздары орысша сөйлеп, кіндіктерін ашып, тілдерін, мұрындарын т.б. жерлерін тесіп, сырға салып өздерін «әдемі» санайды. Далада, көшеде, тіпті, автобустарда кіндіктерін ашқан қыздарды көрсем, үлкендер былай тұрсын, өз басым оларға қарауға ұяламын. Қаладағы адам таситын өзі тар, өзі аласа шағын автобустарға мінген кезде, қыздарымыз ер адамдардың, үлкендердің алдында, өздері «әдемі» санаған киімдерімен барлық денесін көрсетіп тұрғаны. Бұған не дейсің?
Бүгінде біраз қыздардың ауызында - темекі, қолдарында - сыра, астарында - машина. Олар болашақ ана ғой. Сонда олардан қандай ұрпақ күтуге болады?
Міне, осындай қылықтар жасау қаракөз қазақ қыздарына лайық па? Жо-жоқ! Әрине, мұндай сәнқойлық біздерге өрескел нәрсе, Алла тағала біздерге денемізді аманат етті. Ал, аманатқа қиянат жасау - үлкен күнә. Ертең Алла тағала алдында сол денеміздің әр тесігіне, әр тыртығына жауап береміз. Қабірдегі дене мүшеңді қалай пайдаландың деген сұраққа қалай жауап береміз? Бұл дүние - бес күндік, жалған. Мәңгі өмір әлі алда.
Қазақсың ба? Қазақстан мемлекетінде тұрасың ба? Қазақша сөйле. Қазақ деген қонақжай халық. Мемлекетімізде қанша ұлт өкілдері тұрады. Міне, солар Қазақстанда тұрып, өз тілдерін, діндерін, салт-дәстүрін сақтап қалған. Ал, біздің қазақтар, керісінше, басқаларға еліктеп, өз тілдерін, діндерін, қазақтығын жоғалта бастаған. Екі қазақтың басы қосылса, тіл-дерін орысша сындырып, былдырлап сөйлесе бастайды. Қазақ жігіттері басқа ұлт өкілдерінен жар алуда. Әрине, алсын. Бірақ, оларды өздеріне тартқанның орнына, өздері де орысшаланып, балаларын орысша тәрбиелеуде. Ал, қаракөз қыздарымыз басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып, өздерінің қазақ деген ұлтының санын кемітуде. Қадір ақынның: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегеніндей, өзің үшін, өз ұлтың үшін басқа тілдерді біл, бірақ өз тіліңді ұмытпа, әрі оның құндылығын сақта.
Иә, менің қаракөз апа-сіңлілерім! Сіздерге айтарым, өзімізідң қазақ деген атымызды, дінімізді, тілімізді жоғалтпайық. Қайта, өсіп келе жатқан жас ұрпақ - біздің болашағымыз. Мемлекетімізді көркейтетін де, керісінше, құрдымға түсіретін де сол - жастар. Міне, сол жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола аламыз ба? Осындай күрделі мәселені шешетін де ұлт болашағы - жастар екенін әсте ұмытпайық.
Маржан ТӨЛЕУҚАЖЫҚЫЗЫ, «Ахмадия-Зура» мешітінің ұстазы, Луговой ауылы, Целиноград ауданы, Ақмола облысы. 

Ақпарат көзі: http://muftyat.kz/1127-kindik-tesip-syr1170a-ta1170u-zhastarymyz1170a.html

Категориясы: Ислам дағуаты | Ендірген: Dinislam_Kz (25.Шілде.2009) | Авторы: Маржан ТӨЛЕУҚАЖЫҚЫЗЫ
Көрілді: 853 | Рейтингі: 4.3/6 |


Барлық пікірлер: 1
05.Тамыз.2009
1. Жандос (Жан-кз)
Жайқалған жасыл желекті жаз жеткелі жалаңаштардың жағдайы жанды жегідей жеп жүр. Жан-жағымызды жартылай жалаңаш – жарымжандар жайлаған, жабайылардың жанында жүргендейміз. Жартылай жалаңаштыққа желігу жақсылыққа жет-кізбейді. Жалпы, жұрттың жамалының жалаңаштығынан жанының жалаңаштығы жаман.Жаратушының жақсылықтарынан жиреніп, жануардан жаман жүгенсіздік жолымен жүру жамандықтың жегіне жеткізді.

Жалаңаштану – жезөкшелік жолы. Жартылай жалаңаштануға жандары жақындар – жамандыққа жандары жақын жандар.

Жалаңаштанудан жиренбейтіндердің жанын жындар жайлағандай…

Жақсы жандар “жылтырағын” жылтыратып жарнамаламай жамалын жамылғымен жасырады. Жүрегіне Жаратушының жылуы жеткен жандар жәннәтта жадырайды. Жанын жене жамалын жалаңаштағандар жәһәннәмда жазаланады. Жәһәннәмнің жалыны жүзін жапқанда, жалғандағы жымысқылықтары жене жақсы-лықтан жырақтап, жамандыққа жақын жүруі жанын жегідей жеп, жалындағы жанып жатқан жүйкесін жұқартады.

Жақсылық-жамандықтың жағдайын жастарға жеткізу жауапты жүк. Жалпы жағдайымыз жан жылатарлық. Жанымызға жылу жетпейтіндей… Жақсылықтан жүрдай жандар жан-жағымызды жайлап жүр. Жанымызға жылу жинаудан жасқануымыз жақсылыққа жатпайтын жағдай. Жақсылықтың жолында жұмылмасақ жүгенсіздікке “жүгенделіп”, жалаңаштықпен жанымызды жаралап, жанымызды жанып жатқан жалынға жібергеніміз.

Жабайылардың жамандығын жанымызға жолатпай, жақсылардың жолымен жүрейік. Жастарымызды жалаңаштық жолына жібермейік! Жөн жүрсек жиыламыз, жұртымыз! Жөн жүрмесек жырымдаламыз.

Жақсылықты жандарыңызға жеткізуге жұмыс жасадық. Жақсылыққа жорып, жандарыңызға жылу жинап, жүректі жібітудің жолына жөнелсеңіздер жақсылыққа жетесіздер!

Жаратушымыз жүрегімізді жақсылыққа жұмылдырып, жамандықтан жырақтатсын!

ЖАЛАҢАШТЫҚТАН ЖЫРАҚТАМАЙЫНША ЖҰРТЫМЫЗҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖОҚ!

Жанашырларыңыз – Жандос.


[пікірдің сілтемесі]
Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: meru0312, moldaliyeva_bopesha, mumina_jan

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: mumina_jan

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3561
Осы ай ішінде: 20
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 2
Бүгін: 0