Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жұма, 10.Ақпан.2012, 20:22
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сұхбат - соңғы жазулар
•  Танысу бұрышына қош келдіңздер... (3)
•  Келіңіздер танысалық (10)
•  Бид`атшылардың (дінге жаңалық еңгізушілердің) белгілері (6)
•  Біз Кентаулықпыз. (15)
•  Мазхабты ұстанбайтындарға көзқарасыңыз??? (127)
•  Истауа - Истиқрар ма? (4)
•  Үйлену тойы жөнінде бір неше сауалдар... (3)
•  Имам Ғазали?? (2)
•  Сәләфия сектасының адасқандығын әшкерелеу (7)
•  «Әулие» аралау: кімдер амалдап, кімдер арандап жүр? (31)
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 606
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты[ Мақала қосу]

Категориядағы материалдар: 34
Көрсетілген материалдар: 11-20          
Беттер: « 1 2 3 4 »

Сұрыптау: Уақыты · Атауы бойынша · Рейтингісі бойынша · Комментариялар бойынша · Көрілуі бойынша


«Адамзатқа бұл ислам толық етiп тасталған» дегенге қалай қарайсыз? Әрине, бұл – Құдайдан үмiтi бар, жүрегiнде иманы бекiген шын мүмiннiң иләһи сенiмi, әзәли пiкiрi, берiк ұстанымы. Расында, Құдайдан шын қорыққан ғана толық мұсылман бола алады. Осы әзәли ақиқатқа құрылған мәңгiлiк ұлы ақиданың түбiне жетпестен, не себептi «анау мынандай, мынау анандай» деген секiлдi шолақ ойлар мен толымсыз бiлiктiлiкке жол бере саламыз. Анығын қарар болсақ, мұның дертiн өзiмiз тудырып отырмыз. Бiз бiлiмдi болсақ, бiлiмсiздер бүйтiп көкiмес едi. «Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық» депті расулаллаһ. Осы хадистi негiзге алатын болсақ, өзiңдi жұмақтан алшақтағандай, тозаққа асыққандай әрине бiр сезінесің. Өйткенi бүгiнгi қоғам – жөн-жосықсыз сөйлейтiн тiлi ұзындардың уысында кеттi. 
Ислам дағуаты | Көрілді: 877 | Авторы: Жандос БАЙДIЛДА | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 18.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/8 | Комментариялар (0)

nullҚайсыбір күні елеусіздеу өткен бір жиында уағыз айтқан «Руханият» университетінің ректоры Мұрат қажы Мыңбай өзінде бар мынадай бір статистикамен бөлісті. Ол кісінің дерегінше, біздің республикада 11 млн. адам өзін мұсылманмын деп есептейді. Бірақ олардың бес жүз мыңдайы ғана бес парызды бұлжытпай орындап жүрсе керек. Ал тағы бір бес жүз мыңдай пенде жұма намазға ғана қатысып деген секілді тиіп-қашып жүрген көрінеді.

Осы орайда қажекең өзін мұсылманмын деп есептесе де, кейбір Ислам шарттарынан алшақтау жүрген қалған он млн. халыққа дұрыс насихат жүргізу керектігін айтып, оларды екі дүниенің де бақытына бөлейтін хақ діннің барлық шарттарын орындауға шақырды. Білген адамға Исламның уақытты алатын зияны да, бәрінен тыйып тастайтындай қиындығы да жоқ екенін ескерсек, Мұрат қажынікі - дұрыс сөз. Бірақ ол он миллион халыққа дін насихатын қалай жүргізу керек? Байғұс ҚМБД-ның, яғни, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қолында анау айтқан құзірет те, қаржы да жоғы аян. Басқарманың жергілікті бөлімшелері мен діни білімі тәуір адамдар алады демесеңіз, тиражы әр адамға бір бетінен берсеңіз де жетуі неғайбыл бірлі-жарым газеттері болмаса, әрине. Яғни, біздің елдің мұсылмандарына арналған бір телеарнаның ашылатын уақыты жеткен-ді. Тілесек, Құдай береді екен. «Алма-ТV»-нің сандық жүйесі арқылы тәуелсіз қазақ мемлекеті тарихындағы тұңғыш діни телеарна хабар таратуын бастады. Кәдімгі ашылуы біраздан бері сөз боп жүрген «Асыл арна». Басшысы - Мұхамеджан Тазабеков. Айтыскер ретінде танымал ақынға бірнеше сұрақ қойдық.

Ислам дағуаты | Көрілді: 1167 | Авторы: «Абай-информ» | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 04.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 4.5/6 | Комментариялар (1)

nullИә, бүгінгі күнде жастарымыздың Еуропаға еліктеуі өршіп тұр. Бұған кім кінәлі?
Қазір заман өркендеген кез. Бірақ, өркендеген деп айта аламыз ба? Себебі, жастарымыз күннен күнге жалаңаштанып барады. Бағзы замандардағы алғашқы қауым адамдары сияқты. Бұлай деп айту себебім, олар матаның жоқтығынан, ұятты жерлерін ғана жауып жүрген. Ал, біз ше? Бізде барлығы жеткілікті бола тұра, жастарымыз мата жетпейтіндей кіндіктерін «мен мұндалап» тұрғандай күйде киінеді. Сол кіндікті тестіріп, сырға салудың не сәні бар?
Ислам дағуаты | Көрілді: 852 | Авторы: Маржан ТӨЛЕУҚАЖЫҚЫЗЫ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 25.Шілде.2009 | Рейтингі: 4.3/6 | Комментариялар (1)

nullМұғжиза. Миғраж түні
Ендеше бұл жайлы сахих хадистен біліп алайық.
Анас ибн Мәлик (р.а) риуаятынан Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) Миғраж түнін төмендегінше баян етеді: «Жәбрәйіл (ғ.с) Маған есектен үлкен аттан кішілеу бір жануарды алып келді. Оған мініп Ақса мешітіне бардым. Кейін ол жерде екі ракағат намаз оқып шықтым. Жәбрәйіл сол кез маған екі кесе алып келді, біреуінде ішімдік, екіншісіне сүт құйылған болатын. Мен сүтті алып іштім. Сонда Жәбрәйіл маған: «Сен жақсы нәрсені таңдадың»,- деді. Осыдан кейін көкке көтерілдік. Жәбрәйіл көктің есігі ашылуын бұйырды. Оған: «Сен кімсің?»- деген сұрақ қойылды. Ол: «Мен Жәбрәйілмін»,- дегенде. «Сенің жаныңда кім бар?» - деді. Жәбрәйіл: «Мұхаммед (с.ғ.с) бар»,- деді. Әлгі дауыс: «Оған Пайғамбарлық жетті ме?»- деді.
Ислам дағуаты | Көрілді: 549 | Авторы: Бауыржан Ахметов | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 20.Шілде.2009 | Рейтингі: 5.0/3 | Комментариялар (1)

nullМИҒРАЖ ТҮНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ

Миғраж оқиғасы Мұсылман күнтізбесі бойынша 621 жылы ережеп айының 26-сынан 27-сіне өтер түнде, Меккеден Мединеге һижрат етуден он сегіз ай бұрын, пайғамбарлықтың оныншы жылы, «қайғыға толы жыл» деп аталған кезде жүзеге асты. Бұл түні Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһ Тағаланың құзырына көтерілген. Сондықтан Миғраж «көтерілу түні» деп аталған. Осыдан кейін бұл қасиетті түнді шын иман ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен атап өткізу мұсылман қауымы үшін айнымас дәстүрге айналды.

Ислам дағуаты | Көрілді: 1431 | Авторы: Қазбек АХМЕТОВ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 18.Шілде.2009 | Рейтингі: 4.2/4 | Комментариялар (0)

nullИсра және Миғраж түні
Исра және Миғраж оқиғасы миләди 621 жылы ережеп айының 26-сынан 27-сіне өтер түнде, дүйсенбіде, Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрын болып еді. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен атап өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды. 
Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам меші­тінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда “исра” деп аталады). Одан миғражға – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді. 
Ислам дағуаты | Көрілді: 800 | Авторы: Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 18.Шілде.2009 | Рейтингі: 5.0/4 | Комментариялар (0)

Жалынамын, анашым, әкеммен ұрыспашы...
Кейінгі кезде ата-анамның арасындағы ұрыс жиілеп кетті. Бұрын мұндай жағдай болып тұратын ба еді, әлде мен есейдім бе, арашалап екеуінің ортасына жиі түсетін болдым. Әкем жұмыстан келе салысымен анам бұртиып алып, ұрысты бас-тайды. Алғашқыда үйде ұрыс басталса, әкем үндемей, тамағын ішіп жатып қалатын.
Ислам дағуаты | Көрілді: 991 | Авторы: Жанастан Тұржанова | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 05.Шілде.2009 | Рейтингі: 5.0/7 | Комментариялар (0)

Тәубе – әр пенденің өзі жасаған күнәларына шын жүректен өкiнуі, күйiнуі дегенді білдіретін күллі мұсылман қауымына ортақ араб сөзі. Әрине, күнәсіз пенде кемде-кем. Себебi, Аллаһ тағала Адамды (ғ.с.) жаратқан кезде, оның топырағына жамандық пен жақсылықты қоса илеген деген сөз бар. Ал, жиренішті тірліктерден және жаман әдеттерден арылу тек қана екi оттың бiрiмен: яғни бұл фәниде бiлiп-бiлмей iстеген қателiгiне iштей, шын жүректен қатты өкiнiп, Аллаһқа жалбарынумен немесе ақыреттегi тозақ отымен ғана болады. Сондықтан, ақырет азабынан құтылуды ойлаған әрбір мүміннің бұ дүниеде тәубе еткені абзал.
Ислам дағуаты | Көрілді: 951 | Ендірген: janbolat | Уақыты: 04.Мамыр.2009 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментариялар (0)

Аллаһ тағала Құран Кәрімде: "Сендер, адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын, сондай-ақ, Аллаһқа се-нетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар. Ал, кітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте, олар үшін жақсы болар еді. Олардың ішінде иман келтіргендер де бар. Олардың көбірегі бұзақылар" ("Имран" сүресі, 110-аят),– деп Аллаһ тағала рахымына лайық болған құл-дары туралы атап көрсеткен.
Ислам дағуаты | Көрілді: 1017 | Ендірген: janbolat | Уақыты: 14.Наурыз.2009 | Рейтингі: 4.8/4 | Комментариялар (0)

Күнәнің зардаптары 
Адам баласы өзінің жаратушысына бой ұсынып, Оған мінәжат етуі мұсылман адамның иманын күшейтіп, бойына күш беретіні сөзсіз.Сонымен қатар істеген күнәсі,Аллаһтың әміріне қарсы келуі адам иманына кері әсерін тигізбей қоймайды.Аллаһ тағала Құранда: «Бастарына келген ауыртпалық,қолекі істегендеріңнің салдарынан болады және де Аллаһ көбін кешіп жібереді».(Шура сүресі 30-аят)
 Күнәлі істердің әсері жүректі қатайтып,қанша уағыз-насихат,құран аяттарын тыңдап,естіп жүрсе де бүлк етпейтін, тек қан айналдыру функциясын атқарып тұрған насос болып қалмақ.Бұл жайын пайғамбарымыздын (с.ғ.у) құрметті сахабасы ибн Аббас өз сөзінде былай дейді. «Шын мәнінде жақсы амалдар адам жүрегінде нұр,жүзінде қуаныш,бойында күш,ризығында береке,адамдардың жүрегінде оған деген махаббаттың артуының себебі болса,ал күнәлі істер жүректе қараңғылық,жүзінде мұң,бойында әлсіздік,ризығында кемістік және адамдардың жүрегінде оған деген жеккөрушіліктің салдары болмақ»
Ислам дағуаты | Көрілді: 659 | Авторы: Еркебұлан | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Қаңтар.2009 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментариялар (3)

1-10 11-20 21-30 31-34
Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: meru0312, mumina_jan

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: mumina_jan

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3561
Осы ай ішінде: 20
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 2
Бүгін: 0