Қазақ дегеніңіз ынтымағы ұйысқан бір қауым ел. Жуастығымызды кейде қойға да теңеп жатады. Береке-бірлігіміз де Аллаһқа шүкір ажырай қоған жоқ. Елбасының сара саясаты мен Діни басқарманың сарабдал істері аясында ел мұсылмандары тату тұрып жатыр. Нью-Иоркты бомбалайтындай жұрт емеспіз. Әйтседе, кейде осы ымыраластыққа сына қаққысы келетіндер арамызда кездесіп жатады. Әттеген-ай дейсің амалсыз. Әсіресе, дін деп аталатын тұңғиық ғылымға терең бойлай алмай саяз жүзетіндердің аузымен елді былғайтыны жаныңа батады-ақ. Оған дәлелді кей кездері баспасөз беттерінен байқап қалып жатамыз. Әлдебір топтың мүддесін көздейтін, өз идеологиясын зорлап таңғысы келетіндердің шикілі-пісілі дүниелер де «тәуелсіз» газеттердің беттерінен қылаң беріп қалады. Зады демократия дегеніміз ауызға келгенді көку емес кемістікті салиқалылықпен жеткізе білу болса керек. Ал бізде кей шақтарда керісінше болып жатады.
Ассәләму ғаләйкум уа рахматуллаһ, құрметті, бауырлар! Бүгін Аллаһтың көркем есімдерінің үшеуін түсіндіріп өтуге тырысамыз, иншалла. “Әл-‘Али”, “Әл-А’лә” және “Әл-Мута’әл”. (Ескерту: Сөздегі «’» белгісі қазақ тіліндегі «ғ» әрпіне жақын әріп, «ع» ‘айн әрпі). Бұл үш есім де араб тіліндегі ‘аләә - я’луу (көтерілу, жоғарылау, биіктеу) деген етістіктен туындайды. Енді осы етістіктен туындаған көркем есімдерге келер болсақ: Біріншісі: «Әл-‘Али». Бұл есім «Жоғары» деген мағынаға жақын келеді. Құранда 8 жерде келген. Соның бірі Аятул курсиде. Екіншісі: «Әл-Ә’лә», яғни «Өте жоғары, өте биік» дегенге жақын. Құранда екі жерде келген. Соның бірі Әғлә сүресінде. Үшіншісі: «Әл- Мута’әл». Бұл «Биіктеген, көтерілген» деген мағынаға жақын. Құранда бір рет келген. Аллаһ тағала деп айтқан кездегі «тағала» сөзінің мағынасы да осы, яғни «Жоғары Аллаһ» деген мағына.
АЛЛАҺ ПЕН ОНЫҢ ҚҰЛЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ОН ТОСҚАУЫЛ Аса қамқор , ерекше мейірімді Аллаһтың атыменен бастаймын . Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән . Және пайғамбарлардың соңы болған Мухаммедке Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын .
Адам ажалы жетіп өлгенінен соң; қабірдің ішінде қайта тірілтіріледі. Сөйтіп, Мункар мен Накир берген сұрақтарына сәтті жауап қайтара алса, қабірдің жұмағына кезігеді, әйтпесе қабір азабына тап болады.
босқа өткізіп, жүрегі ақиқат шуағына кейінен ғана оянған бір пенденің Хақ алдындағы тәубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар Ием - Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тәуба тілеп. Медет тілері бар ма оның Сенен басқа? Құлың адамдық тізгінін нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла ойлаған ібілістің құрығына шалынды. Дүниенің жылтырына алданып, пендешіліктің батпағына малынды. Енді міне, таудай-таудай күнәларды арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара ұялған күйі Саған келді. Өйткені, Сен-мейірімділердің ең мейірімдісі, рақымдылардың ең рақымдысы, кешірімділердің кешірімдісісің.
Әрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса Аллаһ оның сауабын арттырып , күнәларын кешіреді . Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( с.ғ.с) жеткен бір хадисте былай делінген :
Күндердің ең абзалы жұма күні . Бұл күні Адам атамыз жаратылған . Және осы күні жаннатқа кіргізілген . Әрі осы күні одан шығарылған . Қиямет те осы жұма күні болады. /Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен /
اللهم إني أستخيرك بعلمك، وأستقدرك بقدرتك، وأسألك من فضلك العظيم، فإنك تقدر ولا أقدر، وتعلم ولا أعلم، وأنت علام الغيوب، اللهم إن كنت تعلم أن هذا الأمر ويسمي حاجته – خير لي في ديني ومعاشي وعاقبة أمري – أو قال: عاجله وآجله – فاقدره لي ويسره لي ثم بارك لي فيه، وإن كنت تعلم أن هذا الأمر شر لي قي ديني ومعاشي وعاقبة أمري – أو قال: عاجله وآجله – فاصرفه عني واصرفني عنه واقدر لي الخير حيث كان ثم أرضني به" (البخاري) 7/162
МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАРҒА 100 КЕҢЕС Дұрыс жолды ұстану 1. Ұлы Жаратушы Аллаһқа деген ұмтылысыңда ықыласты бол, сөздерің мен амалдарыңда екіжүзділіктен сақтан. 2. Аллаһтан қорық, оған бар ықыласпен тәүбе келтір, Аллаһ сенің әрбір қозғалысыңды бақылап тұрғанын, сондай-ақ сен жүріп тұрған барлық орындарда сені көріп тұрғандығын есіңде сақта. 3. Барлық сөздеріңде, амалдарыңда, сондай-ақ мінезіңнің сипаттарында Пайғамбардың суннетіне ілес.Діннің заң-ережелеріне толық мойынсұн, ешбір істі өзіңнің ой-пікірің тұрғысынан қарама, өйткені ойдың да көру сияқты мүмкіндігінің шегі бар. 4. Бірінші болып ізгілік жасауға тырыс, ол үшін саған сауап бар және сен өзіңнен үлгі алып ілескен адамға тиісті мөлшердегі сауапқа ие боласын.
Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел былай дейді: Белгілі бір уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушалардағы протеиндердің кимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады. Адамдағы шайтани әрі нәпсіқұмарлық сезімнің оянып қозуы жыныстық гормондардың әсер күші мен олардың мөлшеріне байланысты. Ораза әлгі түрдегі гормондардың қандағы мөлшерін азайтатындықтан ол адамдағы құмарлық сезімді басады.
“Ораза” “Ораза” сөзінің мағынасы “Ораза” сөзі парсы тілінен енген кірме сөз. Бұл сөз араб тіліндегі “саум” сөзінің баламасы болып табылады. Саум (ораза) сөзінің тілдік мағынасы “тыйылу” дегенді білдірсе, шариғаттағы мағынасы: “Шынайы ықыласпен таң атқаннан кешке дейін тамақ, ішіп-жем және жыныстық қатынастан тыйылу” дегенді білдіреді.