Мұсылманның мұсылманға деген қарым-қатынасы
Мұсылман мұсылманды Аллаһ үшін жақсы көреді, өйткені, оларды байланыстыратын нәрсе, ол – иман. Ал, иман туыстығы – ұлы туыстық. Аллаһ Тағала Құранда: «Шын мәнінде мүміндер (бір-біріне) бауырлар» (Хужурат: 10), деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүміндерді өзара жақсы қарым-қатынасты сақтауға, бір-бірімен жақсы мәміле жасауға, қолдарынан келгенше дәйіми сыйластықта болуға үндеген. Ол (с.а.с.) былай дейді:
«Кімде (мына) үш (сипат) болса, ол иманның ләззатын сезінеді: Аллаһ және Оның елшісінің оған басқа нәрселерден сүйіктірек болуы; өзі ұнатпайтын біреуді тек Аллаһ үшін жақсы көруі; өзінің тозақ отына тасталуын қалай қаламаса, Аллаһ құтқарғаннан кейін солай кәпірлікке қайтқысы келмеуі». (Бұхари, Муслим)