Ислам дінінде Ораза айттың маңыздылығы. Діни өмірімізде ерекше орны болған қасиетті айдың ішіндеміз. Рамазан айы аяқталуға аз қалды. Алдымыздағы жексенбі күні Ораза айт басталады. Осы құтты мейрамда жақын туыстарымыз, жұбайымыз, балаларымыз, әке-шешемізден бастап барлық достарымыздың және жег-жаттарымыздың мерекесін құттықтап, қуанышымызды бөлісеміз.
Қасиетті Рамазан берекелі ай. Бұл кезде Алла тағала мұсылман үмметін көптеген құт-береке нығметтерге бөлейді. Ал Жаратқан ие нығметтерінің санына жету мүмкін де емес. Олардың кейбіріне адамзат ақылы жетпейді де! Соның бірі – “лайлатүл Қадір” түні. Ол Алла тарапынан Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар үмметіне сыйланған құт түндердің бірі.
Пітір садақасы туралы Құрметті мұсылман бауырлар! Барша айлардың ұлығы,сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында шамасы келетін адамдарға һижреттің екінші жылында рамазан оразасы парыз етілген кезден пітір садақасын беру уәжіп саналады. Бұл туралы Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Пітір садақа-сәһу сәждесі сияқты, яғни сәһу сәжде намаздың жаңылысқан жеріне каффарат болса, пітір садақа тұтқан оразаның кемшіліктерінің өтеуі» -деді.
Иьтикәф Иьтикәф сөзiнiң тiлдiк мағынасы – бiр iске бiлек түрiп кiрiсу, оған шынайы берiлу. Шарғи мағынасы – белгiлi бiр уақытта бес уақыт намаз жамағатпен оқылатын мешiтте ғибадат ниетiмен болу. Әйел кiсiлердiң иьтикәф орны - үйi.
Араб тілінде зекет - көбею, өсу, берекеттену, тазалық сияқты мағыналарды білдіреді. Ал зекеттің шариғаттағы терминдік мағынасы: Нисап (зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері) көлеміне жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін Құранда белгіленген адамдарға иелендіруі. Бұл ғибадаттың зекет деп аталуы - қалған байлықтың көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан тазаруына себеп болғандығынан.
Оразаның артықшылығы Оразаны араб тiлiнде "صَوْمٌ" (соум) деп айтады. "الصَّوْمُ" (ораза) сөзiнiң тiлдiк мағынасы: тартыну, тыйылу, ал шарғи мағынасы: құлшылық ниетiмен таң атқаннан күн батқанға дейiн iшiп-жеуден, жыныс қатынастан тыйылу. Ораза һижраның екiншi жылы парыз етiлген. Үкiмi: парыз ъайн.