Барлық амалдың, ғибадаттың басы да, негізі де – ниетте - Қош келдің - Рамазан!!! - Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Жұма, 25.Мамыр.2012, 06:14
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 990
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. » Қош келдің - Рамазан!!!


Барлық амалдың, ғибадаттың басы да, негізі де – ниетте
Хасан Аманқұлов: Барлық амалдың, ғибадаттың басы да, негізі де – ниетте
Иісі мұсылманның ортақ мерекесіне айналған қасиетті Ораза айына да санаулы күндер қалды. Өткен күндермен салыстыратын болсақ, бүгінгі қоғамдағы діннің рөлі алғашқы сатылардың бірінде екенін байқаймыз. Үлкен буын өкілдерінің арғы тарихпен сабақтастығы үзілмегендіктен, діннің қадір-қасиетін жете түсініп, мұсылманның парызын адал атқаруға тырысады. Ал, жастар арасында дін туралы өзіндік көзқарасын нақты анықтай алмағандары да кездеседі. Соның ішінде күнделікті намазын оқып, оразасын тұтып жүргенімен, исламның қағидаларына ат үсті қарайтындары ойландырады. Осы және көкейде жүрген біраз сауалдарымызды Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғилмани» мешітінің наиб имамы Хасан Аманқұлов мырзаға қойған едік.
– Хасан Ташайұлы, қысқы немесе күзгі мезгілдей емес, жаз маусымындағы күннің ыстығы мен қатар кеш бататыны, бірінші рет ораза ұстайтын жанның денсаулығына кері әсерін тигізбей ме?
– Ораза айы жыл сайын он күн алға жылжып өзгеріп тұрады. Биыл тамыздың 21-інде болса, келесі жылы тамыздың 10– жұлдызына сай келуі мүмкін. Жылжып шілдеге өтеді. Ал, жылда ораза ұстап жүрген адамның асқазаны оған көндігетіні рас. Тек рамазан айында емес, рамазанның алдындағы шағбан және ережеп айларының басында, ортасында, соңында үш күн немесе сол аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ұстап, рамазан айына дайындалса, алғаш ораза тұтқан адам қиналмайды.
– Жылда ораза айы жақындағанда көпшілік жұрт «айдың басы мен соңында үш күн тұтсақ болды» деген оймен ұстайтындар да кездеседі.
– Ол рамазан айына қатысты емес. Рамазанның алдыңғы шағбан, ережеп айларында әр мұсылман өз қалауымен тұтуына болады.
– Алғаш ораза тұтқандар таңғы сәресіде ұйықтап қалған жағдайда, ол күнді тұтпай қоя салуға болады ма?
– Жастар арасында бұл жиі ұшырасатыны рас. Бірақ, оразаны бұзу шарт емес. Кешке дейін күш-қуаты жететін адамның ұстай беруіне болады. Негізі сәресіні жасау-сүннет. Сәресіні жасаса да қарын тоқ болуы, ештеңе жеп– ішкісі де келмеуі мүмкін. Бірақ, бір құрма болса да сәресіні ішкені абзал. Медицинада дәлелденгендей, ашығудың екі түрі болады. Біріншісі – өзіңіздің еркіңізбен аш боласыз, екіншісі мәжбүрлі аш болу. Негізі осы екеуінің әсері екі бөлек. Мысалы, өзіңіздің еркіңізбен аш болсаңыз алдыңызда тамақ бола тұра, «ораза ұстадым, ниет еттім» деп өзіңізді тыйсаңыз, организмге пайдалы болмақ. Мұндай жағдайда асқазан тазаланып, зиянды қалдықтардың барлығы шығады делінген. Екіншісіне келер болсақ, сізді байлап қойғандай, тамақ ішкіңіз келіп тұр, бірақ іше алмайсыз. Бұл – мәжбүрлі аш болуға жатады. Денсаулыққа зиян, өмірге қауіп төнуі мүмкін. Рамазан айында өзіңіз іштей ниет еттіңіз, жеймін десеңіз үйде тағам, көшеде жүрсеңіз қалтаңызда ақша бар. Бірақ, өзіңіз соны қалаған соң, Алла тағалла қуат береді.
– Жастар арасында оразаны «жасаған қателіктеріміз бен күнәларымыз кешіріледі» деген мақсатпен тұтатындар да бар.
– Ондай оймен ниет етіп ұстаса да болады. Ораза ұстау мен намазға жығылуды алла разылығы үшін, аллаға ықылас етіп ұстау керек. Біреу үшін немесе мақтаныш үшін ұстау дұрыс емес. Күнә алла тағала тарапынан кешіріледі ғой, демек ол да алла үшін ұстанып жатқанымен тең. Ол хадисте де бар, «Егер де кім алла разылығы үшін ораза ұстайтын болса, алла тағала алдыңғы да, кейінгі де күнәларын кешіреді» дейді.
– Ауылды жерлерде жасы егде тартқан кісілердің барлығын бірдей ауызашарға шақырады. Дегенмен, соның ішінде жағдайы төмен отбасылар қатардан қалмай, қарызданып жүріп жұртпен бірге ауызашар бергісі келеді немесе батаға жайылған қол көп болса, тілек орындалады деген түсінік қалыптасқан.. Егер, жағдайы болмай тұрса, ауызашарға көп адам шақыру міндетті ме?
– Ауылда таныс адамдардыңды шақырмасаң өкпелейтіні тағы бар ғой. Болмаса «ауылда тұрып ауызашар жасамады» деген кінә тағады. Әркім өзінің шамасына қарай жасау керек. Алла тағалла пенденің шамасынан тыс нәрсені жүктемейді. Ауызашар да сол сияқты. Той немесе басқа да жиын, өлім-жітім болсын біздегі жиындардың барлығына қаражат есепсіз жұмсалатыны жасырын емес. Ал, ысырап еткен – мұсылман да харам. Тағы айта кететіні, қазіргі ауызашарларда бір тамақ емес, екеу, үшеу істейтін отбасылар да кездесіп жатыр. Ауызашардың өзінің тәртібі, әдебі сақталу қажет. Бірінші ауызды сумен ашып асқазанға дем беру керек. Сосын тамақ жегенде тойып жеме дейді. Тойып жеу-мәкрух, ал құсатын дәрежеге дейін жеп ішу ол– харам деп айтылады. Ауызашарда аз ғана тояр тоймай жеу керек. Тойып тамақ ішсе оразасына да күнә артылады, денсаулығына да зиян болады. Біреуден қарыз алып ауызашар жасау ол да күнә іс. Ауылдағы ауызашардың тәртібін ақсақалдар қадағалап, «Бәріміз бірдей болайық, бір-бірімізден астамшылық немесе бәсеке болмасын. Дастарханды үйіп-төгіп ысырап етпеңдер, шамаңа қарап жаса, өзіңді қинама» деп жиын өткізіп тұру керек. Алайда, ауызашарға тұрмысы төмен, жоқ жітік жандарды көп шақырғанның сауабы мол. Сонымен қатар, оразаны бір ай болса да тамаққа үнем болсын деген оймен тұтса, намазды денсаулық үшін спорттың бір түрі болсын деп оқыса оразасы ораза, намазы намаз болғанмен, сауап болмайды. Сауап қашан болады? Намазы мен оразасы алла үшін болса ғана. Барлық амалдың, ғибадаттың басы да, негізі де – ниетте. Ораза ұстамас бұрын, адам оны не үшін ұстау керектігін түсініп, көзқарасын нақтылап алу қажет.
Рамазан айында ауру не сапарға шыққан адамға ораза ұстау парыз емес. Сапарға шыққанда ораза күндерін қалдырып, кейін ұстай берсе де болады. Оған рұқсат етілген. Алайда, ол күнге той белгіленіп, не басқа да ұсақ-түйек шаруалардың мәселесімен оразаны қалдыруға болмайды. Сапарда болмаса, ауру не мүсәпір болмаса ниет еткен пенде оразаны толығымен ұстау қажет. Тіпті үйге қонақ келіп қалса да, рамазан айында оразаны бұзуға болмайды. Ал, рамазан айынан басқа нәпіл оразаларда күтпеген жерден үйге қонақ келіп қалды дейік, біз келетінін білмедік. Сонда шариғат қонақтың құрметіне ауыз ашуға рұқсат етеді. Кейін соны ұстап беру қарыз болады.
– Рамазан айында еліміздегі сауда нүктелерінде арақ – шарап өнімдерінің сатылуына қатаң тыйым салу қажет пе?
– Рамазан айында арақ-шарап сататын дүкендердің жұмысын тоқтату жайлы заң жоқ. Біз ислам мемлекеті емеспіз, зайырлы елміз. Әркім өзінің қалауынша нарық экономикасының негізінде жұмыс жасап жатыр. Ал, дүкендегі арақ-шарабын сату-сатпауы әр пенденің түсінігіне, имандылығына байланысты. Негізінен, осы жайлы ауруханаларға барып, дәрігерлерден рамазан айында қанша жол апаты, немесе оқыс оқиғалар болатынын өзге айлармен салыстырып анықтауға болады. Бір еврей дәрігері рамазан айын өзге айлармен салыстырып зерттегенде, төбелестен жарақат алып ауруханаға түсу, немесе жол көлік оқиғаларының болуы өзге айлармен салыстырғанда төмен болған екен. Түнде немесе жанжал орын алған жерлерде ораза ұстаған адамға біреу шабуыл жасап келе жатса, онымен қасарысуға болмайды. «Мен оразамын» деп шетке қашу керек. Сен онымен жаға ұстаса кетсең, оразаның сауабынан айрыласың.
– Кейде намазды оқып жүрген адаммен, оқымай жүрген адамның мұсылманға тән қасиеттері жоғары болып тұрады. Намазды оқығанмен, адамдық, имандылық қасиеттері аз жандар бар. Сонда олардың оқыған намаздары қабыл болады ма?
– Мұсылманның парыздарын орындағамен, діни сауаты төмен адамдар бар. Мәселен, қажылыққа барып келгенмен арақ ішуі, намаз оқығанмен сауда жасаса жасағанда таразыдан жеп, біреуді алдауы, болмаса ұрсып-төбелесіп жүре беруі де мүмкін. Ықыласы, ниеті түзу пенделер теріс әрекетке бармайды. Олар намазы мен оразасын шын ниеттен ұстанатындар болмақ. Сондай-ақ, намаз пендені жаман әркеттерден, бұзық істерден қайтарады деген әңгіме бар. Ал, енді намаз оқып, ораза ұстаған адам жыл сайын жақсаруы қажет қайта. Намаз бен ораза адамды тәрбиелейді. Намаз, ғибадатпен бірге әдеп деген бар. Намаз оқитындарда сол нәрсе көп күзетілмей, имамның айтқаны да орындалмай жатады. Қай саланың да өзіндік тәртібі бар емес пе? Намаздың ортасында тұрып кете салу, немесе намаз оқығанын міндетсінетіндер де кездеседі. Дін намазбен ғана толықпайды. Мінез– құлықты дұрыстау керек. Адамдармен қарым– қатынасы мен ішкі-сыртқы тазалығын сақтау қажет.
– «Алаш айнасы» газетінің №126 санында «Мектеп бағдарламасына дінтану пәнін енгізу қажет пе?» деген сұрақтың төңірегінде сауалға бір жақ «енгізу қажет» десе, екінші жақ «оған діни сауаты бар мамандар аз, сондықтан қажеті жоқ» дегенді айтты. Бұл мәселеге дін адамы ретінде қалай қарайсыз?
– Діни мамандардың сауаты төмендігінен бұрын, олардың өзі жоқ қой бізде. Қазір мектепте дін туралы пән ашатын болса, басқа пәннің мұғаліміне «сағатыңды көбейтеміз, жүргізе тұр» дей салуы да мүмкін. Сондықтан, әзірге қажеті жоқ деп ойлаймын.
– Медресені бітірген мамандар ше?
– Басқа аймақтарды білмедім. Астанада медресе жуырда ашылды. Түлектері келесі жылы ғана бітірмек.
– Рамазан айының қарсаңында газет оқырмандарына не айтар едіңіз?
– Ораза ұстайтын мұсылмандардың саны көбейсе деп тілеймін. Астанада келешекте тағы да 5000 орындық мешіт салынады деп естіп жатырмыз. Намазға жығылатындардың көптігі мешіттің көптігімен де байланысты болмақ.
– Әңгімеңізге рахмет!

Түркия, Араб елдеріндегідей бізде екінің бірі намазға жығылып, ораза ұстамайды. Күнделікті жұмыспен жүрген көпшілік жұрттың бес уақыт намазға жығылуға, немесе жылына бір келетін Рамазан айында ораза ұстауға жағдайы болмай жатады. Ал, жағдайы болғандардың құлқы жоқ. Ең бастысы «Ниетің түзу болсын» деген елміз ғой. Сондықтан, бұл екі парызды орындауға тәуекелі жетпей жүрген адамдарға, бұдан басқа да мұсылман қауымның бір-біріне мынадай алты нәрсеге қарыз екенін біліп, соны орындап жүргені де сауап болмақ.
· Кездескен жерде сәлем беруге;
· Шақырған жерден қалмауға;
· Кеңес сұраса ақыл қосуға;
· Қайталап сұраса қырсықпай жауап беруге, жауап қайтаруға;
· Ауырып қалса көңілін білуге;
· Өлсе жерлеуге қатысуға парыздар. Динара БАЛҚЫБЕКОВА


Ақпарат көзі: http://www.elmedia.kz/kz/?p=1521

Категориясы: Қош келдің - Рамазан!!! | Ендірген: Dinislam_Kz (23.Тамыз.2009) | Авторы: Хасан Аманқұлов
Көрілді: 678 | Рейтингі: 0.0/0 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 0
Бүгін: 0