Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. - Ибраһим (Абай) Құнанбайұлы - Қазақ ақын-жазушылары дін туралы - Діни мақалалар - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жұма, 10.Ақпан.2012, 21:55
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 803
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақ ақын-жазушылары дін туралы » Ибраһим (Абай) Құнанбайұлы


Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
АБАЙ
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат
Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік
Ер табылса жарайды қылса сұхбат.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз.
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.

Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт құрмет етіс.
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.

Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас.
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.




Категориясы: Ибраһим (Абай) Құнанбайұлы | Ендірген: Dinislam_Kz (18.Қыркүйек.2008) | Авторы: Абай
Көрілді: 2339 | Рейтингі: 4.3/22 |


Барлық пікірлер: 0
Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: meru0312, moldaliyeva_bopesha, mumina_jan

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: mumina_jan

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3561
Осы ай ішінде: 20
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 2
Бүгін: 0