Қажылық және умра (кіші қажылық) - Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 22:44
НЕГІЗГІ БЕТ
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сұхбат - соңғы жазулар
•  Имам Ғазали?? (3)
•  Біз Кентаулықпыз. (16)
•  Келіңіздер танысалық (12)
•  Дінислам сайты қайта жанданған секілді (9)
•  Танысу бұрышына қош келдіңздер... (4)
•  Бид`атшылардың (дінге жаңалық еңгізушілердің) белгілері (6)
•  Мазхабты ұстанбайтындарға көзқарасыңыз??? (127)
•  Истауа - Истиқрар ма? (4)
•  Үйлену тойы жөнінде бір неше сауалдар... (3)
•  Сәләфия сектасының адасқандығын әшкерелеу (7)
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 1186
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. » Қажылық және умра (кіші қажылық)[ Мақала қосу]

Категориядағы материалдар: 16
Көрсетілген материалдар: 1-10          
Беттер: 1 2 »

Сұрыптау: Уақыты · Атауы бойынша · Рейтингісі бойынша · Комментариялар бойынша · Көрілуі бойынша


Қажылық
Қажылықтың артықшылығы
Қажылық - Ислам дiнiнiң ұстыны болған бес парызының бiрi. Әлеуметтiк жағдайы келген мұсылман өмiрiнде бiр рет қажылық амалын орындауы – парыз.
الْحَجُّ (әл-хәжж) сөзiнiң тiлдiк мағынасы: мақсат, ниет ету – болса, шарғи мағынасы: құлшылық ету ниетiмен Меккедегi Қағбаны зиярат етiп, Аллаһ Тағала орындауын талап еткен амалдарды орындау.
Шариғатта қажылықтың екi түрi белгiленген.
1. الْحَجُّ (әл-хәжж) – парыз немесе үлкен қажылық. Қажылықтың бұл түрi Құрбан айт уақытында, яғни Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 жұлдызында орындалады.
2. الْعُمْرَة (әл-ьумра) - ғұмра немесе кiшi қажылық. ғұмра Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 – нан басқа уақыттарда орындала бередi.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 502 | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 23.Қазан.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

Сауд Арабия. Мекке. - Меккедегі әл-Харам мешітінде телефондар орнатылды. Сауд Арабияға келген миллиондаған қажылар немесе зияратшылар Кағбаның имамs оқыған құранды естіп, Кағбаға неғұрлым жақын болғанды қалайды.  Енді жаңа технологиялардың қолданылуымен, әр бір зияратшы, мешіттен жүздеген метр ұзақта намаз оқып жатса да, мешіт имамының даусын ести алады дейді "қажылық пен умраға сыйлық дайындау қорының" (Hajj and `Umrah Gifts Foundation) меңгерушісі Мансур әл-Амир.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 660 | Авторы: ДінИслам ақпарат. | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 26.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (0)

Қазіргі таңда www.asylarna.kz сайты ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттайтын үлкен видеопорталға айналып келеді. Күнделікті жаңартылып отыратын бұл сайт ALMA-TV кабельдік жүйесі арқылы эфирге тарап жатқан «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының ғаламтордағы ресми видеосайты болып табылады. Сайттың күнделікті зияратшылары пайда болды. Діни бағыттағы видеоөнімдерді интернет бетінен көріп тамашалаған зияратшылар тарапынан алғыстар мен ұсыныстар көптеп ағылуда
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 690 | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 24.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/5 | Комментариялар (1)

Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді:
1. Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, т.б.
2. Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын ғибадаттар: зекет, пітір садақасы, құрбан шалу, т.б.
3. Әрі малмен, әрі денемен орындалатын ғибадаттар: қажылық ғибадаты.
Бұл ғибадаттардың кез-келгенін нәпіл ретінде орындап, сауабын өлі болсын, тірі болсын басқа адамға бағыштауға болады. Бірақ бұл ғибадаттарды мойнындағы парызынан құтылу үшін басқа біреуге өкіл ретінде орындатқызу мәселесі мүлдем бөлек екенін ескертейік.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 722 | Авторы: ҚМДБ сұрақ жауап бөлімі. | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 22.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 4.6/5 | Комментариялар (0)

ҚАЖЫЛЫҚ
Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық әр жылдың белгілі мезгілінде, бекітілген амалдармен, белгілі жерлерге бару арқылы атқарылатын құлшылық түрі болып есептеледі. (Ибраһим бин Мухаммад әл-Халәби, Мултақал-әбхур, 382-бет) Құран Кәрімде: «Мүмкіндігі болып (қажылыққа) бара алғандарға қағбаны зиярат ету Аллаһтың адамдардағы ақысы (адамдардың қарызы)» (Әли Имран сүресі 97-аят) делінсе, сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ислам бес негізге құрылған: Аллаһтан басқа табынуға лайық ешкімнің жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажыға бару және Рамазан оразасын ұстау» (Бухари, Иман 2; Муслим, Иман 5) деп бұл құлшылықтың парыз екендігін білдірген. Парыздың өзі айын және кифая болып екіге бөлінеді. Парыз айын барлық адамға жеке-жеке жүктелген міндет. Парыз кифая көпшілікке жүктеліп, сол көпшіліктің ішінен бір немесе бірнеше адамның орындауымен қалғандарының мойнынан түсетін міндет. Ал егер бұл міндетке қол сыбанып кірісетін ешкім болмаса, барлығы бірдей жауапқа тартылады. Яғни күнә табады. Бұған жаназа намазы, аурухана салу, суға тұншыққан адамды құтқару және т.б. сияқты міндеттемелер жатады. Иманның парыздары мен жоғарыда аталған бес парыз және осы іспеттес басқа да міндеттемелер парыз айын, яғни жеке басқа жүктелген міндеттемелердің шеңберіне кіреді. Демек намаз бен оразаны әркім өзі орындағаны сияқты қажылықты да әркім өзі өтеуге тиіс. Дегенмен, белгілі бір себептерге байланысты қажылық міндетін атқара алмайтын Адам өзінің орнына, қаражат бөліп, басқа біреуді жіберуіне болады. Бұл бәдәл қажылық деп аталады. Бұған ілгеріде тоқталамыз. Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша қажылықтың парыз болу шарттары орындала сала пенде дәл сол жылы қажылыққа баруға міндетті емес. Себебі Пайғамбарымыздың өзі (с.а.у.) қажылық көштің (хижреттің) тоғызыншы жылы парыз бола тұра, ешқандай себеп болмаса да оныншы жылы орындаған. (Проф. Доктор Хамди Дөндүрен, «Делиллерийле Ислам Илмихали», 566-бет) Қажылық пендеге өмірінде бір рет қана парыз етілген. Дегенмен шамасы келген кісі қалағанынша қажылыққа баруына болады. Алайда, қазіргі таңда дүние жүзінен қажылыққа барушылардың көптігі мен Сауд Арабияның әр мемлекетке шектеулі шақыру беретінін ескерер болсақ, бос орын болған жағдайда ғана барғанымыз абзал. Кезекте тізімге іліне алмағандар болатын болса, бұрын қажылыққа барған адам оларға өз жолын беріп жатса, мұсылманның мұсылманға деген бауырмалдығының айқын көрсеткіші болар еді.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 1414 | Авторы: Қанат Жұмағұлов | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 19.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 4.6/7 | Комментариялар (0)

Қажылар үшін арнайы қосымша GPS айқындауыш ұсынылды: Hajjmate. Horizon Navigation компаниясы Windows Mobile базасындағы смартфондарға арнап Hajjmate қосымша айқындауыш жасап шығарды. Аталмыш смартфондарға арналған бағдарлама мұсылман туристері немесе қажылар үшін үлкен Қажылық маусымында Меккеде адасып кетпеулері үшін қолдануда қолайлы.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 708 | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 19.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/3 | Комментариялар (0)

Исламның бес парызының бірі - қажылық сапарына тегін баруға мүмкіндік туып отыр. 
Құранда «Әли-Имран» сүресінің 97-аятында «Алла үшін Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» делінген. Ендеше, қажылық сапарын өтеп, бір парызды орындаудың мүмкіндігі туып отыр. «Асыл арна» ислами танымдық арнасы «Кәусар» қажылық компаниясымен біріге отырып, имандылық бағытында байқау жариялайды. Байқау жеңімпаздары биылғы қажылыққа тегін бару жолдамасын жеңіп алады.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 705 | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 19.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/4 | Комментариялар (0)

ҚАЖЫЛЫҚ
«Қажылық қажылыққа дейінгі аралықтағы (кіші) күнәларды жуып-шаяды» әл-Бухари, Муслим
«Рамазан айындағы қажылық – (сауабы жағынан) қажылықпен бірдей. әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 770 | Авторы: Алматы қаласының Орталық мешіті | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 16.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментариялар (0)

Қажылық сапар — қасиетті парыз  
Қасиетті Рамазан айы аяқталысымен әлем мұсылмандарының алдында Исламдағы бес парыздың бірі – қажылықты орындау мақсаты тұрады. Бұған республикамыздың мұсылмандары да қосылып, өздерінің ниеттерін білдіре бастайды. 
Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылдағы әдетпен бұл жауапты да маңызды діни шараның дайындығына ерте бастан кіріскен болатын. 
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 1349 | Авторы: Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 16.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментариялар (0)

ҚАЖЫЛЫҚ – САЯХАТ ЕМЕС, ҚҰЛШЫЛЫҚ!
Желтоқсан айының басынан басталған үлкен қажылық науқаны қаңтардың алғашқы онкүндігіне дейін созылды. Соңғы қажылықтың бір ерекшелігі зиярат етушілер саны бұрын соңды естіп-білмеген деңгейге дейін көтеріліп: 4500-ге жуықтады. Ал, 2006 жылы 2750-ге жеткен еді. Ел тәуелсіздігін алған 1992 жылы қажылыққа бар болғаны 150-ге тарта отандасымыз барып қайтса, 15 жылда бұл көрсеткіш 30 есе дерлік артты.
Қажылық және умра (кіші қажылық) | Көрілді: 1061 | Авторы: Оңғар ӨМІРБЕК. www.muftyat.kz | Ендірген: Dinislam_Kz | Уақыты: 16.Қыркүйек.2009 | Рейтингі: 5.0/2 | Комментариялар (0)

1-10 11-16
Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0