ШАЙТАНҒА ТАБЫНУШЫЛАР - "Ислам және өркениет" газеті... - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Бейсенбі, 24.Шілде.2014, 19:20
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 1321
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » "Ислам және өркениет" газеті...


ШАЙТАНҒА ТАБЫНУШЫЛАР
ШАЙТАНҒА ТАБЫНУШЫЛАР
Исламда өз-өзіне қол жұмсау – аса ауыр күнә. Газетіміздің өткен сандарының бірінде осы мәселеге кеңінен тоқталған болатынбыз. Алайда, әлемдегі адасқан кейбір секталар бұл жолды құп көреді. Тіпті, бұған өз еркімен барады. Өздерін құрбандыққа шалу – олар үшін үлкен мәртебе. Осы арқылы барлығына қол жеткіземіз деп біледі. Осы тұста бір-екі мысал келтіре кетелік. 1978 жылы 18-қарашада Гайана мемлекетінің Джонстаун елді мекенінде «Халық храмы» атты діни сектаның 912 мүшесі өзіне қол жұмсаған. Оған 212 адам қарсылық танытқанда, сектанттардың өзі оларды атып тастаған. Олардың арасында 246-ы балалар болатын. 1993 жылы 19-сәуірде АҚШ-тың Техас штатының Уйко аймағында «Давид жолы» атты сектаның басшысы Давид Корештің бұйрығымен 100 адам өзін-өзі жағып жіберген. Олардың 25-і бала еді. Ал, 1997 жылы 22-наурызда Сан-Диего қаласында «Аспан қақпасы» діни ұйымының 39 мүшесі у ішіп өлген. Мұның барлығын тізбектеп отырғанымыз – елдің болашағына алаңдаушылық білдіріп, халықты ескерту. Солардың бірі және ең қауіптісі – «Шайтанға табынушылар» (сатанизм сектасы). Төмендегі әңгіме осылар жайлы.

“ОЙЫҢА НЕ КЕЛСЕ, СОНЫ IСТЕ!”
Бұл – шайтанға табынушылар-дың басты ұраны. Осындай идеямен аталмыш сектаның негізін қалаған американдық Антона Шандора Ла Вей деген философ. Ол, адамдардың ерекше мінездері мен қасиеттерін және зерттеп жүргендердің басын қосып, 1950 жылы «Орден Трапезоида» деген ұйым құрады. Бұл ұйымның басты мүшелері магиямен айналысатындар және адами құндылықтарды жоққа шығарушылар еді. Өз жақтастарының көптігіне көзі жеткен ол 1966 жылы «Шайтан шіркеуінің» негізін салды. Ал, 1969 жылы «Шайтан Інжілі» («Қара Інжіл» деп те аталады) деген кітап жазды. Ол өз кітабында былай деп жазды: «Біздің барлығымыздың бойымызда шайтан бар. Оны біз дер кезінде сезініп, тануымыз керек. Барлық ісімізде шайтани бастау болса, біздің құдіреттілігіміз де осында. Оның бар екенін мақтан тұтуымыз қажет! Шіркеулерде магиялық жоралғылар арқылы шайтанды шақырамыз». Ла Вейдің осы сөздерінен-ақ көп нәрсені ұғынуға болады емес пе? Демек, бүкіл шайтани амалдарды олар жан-тәнімен жақтайды. Шайтанның «сарбаздарына» адами құндылықтардың бес тиындық та құны жоқ. Кісі өлтіру, жезөкшелікпен айналысу, көгілдір болу, ата-анасын сыйламау және оларды қарттар үйіне өткізіп жіберу сияқты т.б. әрекеттердің олар үшін еш оғаштығы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, олардың ұстанымы – Аллаһ тағала тыйған нәрселердің ешқайсысынан тыйылмай, харамға бой алдыру. «Қабір азабы, жәннат деген атымен жоқ. Сондықтан, мына өмірдегі рахаттардан ақымақтар ғана бас тартады. Біз, негізі американдық өмір сүру салтын уағыздап отырмыз. Тек, әр нәрсені өз атымен атауға олардың дәттері жетпейді»,– дейді шайтанның жолына шақыратындардың басты идеологы. Оларды Қалай танимыз? Ла Вейдің кітабын оқи отырып, «Шайтанға табынушылар кімдер?» деген сұраққа былай жауап беруге болады: Олар барлық діндерге қарсы. Жалпы, адами құндылықтарды мойындамайды әрі жоққа шығарады. Олар кез-келген ақпаратты, немесе мәліметтерді иеленуге құмар. Бірақ, барлығын ақиқат деп танымайды. Әлемнің қалай жаратылғанын да, өлгеннен кейін қайда баратыны жөнінде, тіпті ол туралы ойланудың өзін артық санайды. Көбінесе мұндай сұрақтарға «білмеймін» деп жауап береді. «Қандай бір Құдіреттің (Аллаһ тағаланы меңзеп тұрған болу керек. Құдай сақтасын!) алдында бас имейміз, не үшін біреуге құлшылық жасауымыз керек?»– дейді. Құдайдың алдында өздерінің әлсіз екендіктерін мойындамайды. Оларда мейірімділік немесе зұлымдық деген түсінік жоқ. Барлық нәрсеге пайдалы немесе зиянды жағына қарай баға береді. Нақты өмірлік қағидалар немесе өмірдегі қарапайым міндеттер дегенді түсінгілері де келмейді. Өз қөзқарастарын дәлелдеуге және таратуға онша ұмтыла бермейді. Алайда, өздеріне ыңғай беретін, жақын-ау дегендердің басын шыр айналдырып, қатарларына дер кезінде тартудан аянып қалмайды. Санға емес, сапаға қатты мән береді. Өз мақсаттарына жету үшін кез келген тәсілді қолдана береді. Эмоция мен аяушылыққа берілмейді. Әрбірі өз мақсаттарын өзі анықтайды. Олардың тағы бір ерекшелігі, адамдардан үнемі оқшаулануға ұмтылады. Мысалы, киім киюде. Шұбатылған көйлектер, тізесі жыртылған джинсилер киюді алғаш солар бастап берген. Футбол жарыстарында бастарына мүйіз қалпақтарды киіп, артына құйрық байлап алады. Қара түске өте құмар. Қыздары тырнақтарын, еріндерін, қастарын қараға бояғанды ұнатады. Ауыр музыка, магия, жалаңаш және жантүршігерлік фильмдер өз идеяларын насихаттауда таптырмас құралдар. Түсініксіз, даңғаза әуендер адам санасына қатты әсер етіп, мәңгүрт етіп тастайтынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. «Black metal» («қара металл» немесе «шайтанның әуені» деп те аталады) олардың нағыз қалыптасқан тәсілдері. Осы жылы Иран полициясы Тегерандағы рок-концертте олардың 230 мүшесін тұтқындауы жайдан-жай емес. Мұсылмандықты берік ұстанатын Иранның өзінде шайтанға табынушылардың еркінсігені – олардың үлкен күшке айналып келе жатқанының айқын белгісі. Елдің Ішкі істер министрінің орынбасары Хусейн Золфаққаридың айтуынша, мемлекет аумағында 3 мыңнан астам шайтанға табынушылар бар көрінеді. Эротикалық, бейәдеп фильмдердің көгілдір экраннан түспеуі олардың жұмыстарының үзіліссіз жалғасын тауып келе жатқандығы. Ал қорқынышты киноларға жеткіншектеріміз мен жастарымыздың қатты құмартуы олардың психологиясына тікелей әсер етуде. Мұндай сорақылықты көп көргендердің түрлі қылмыстарға барып жатқаны айтылып та, жазылып та жатыр.
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОРДАСЫ
«Ойыңа не келсе, соны істе!», «Тартынып қалма!» деген сөздер өмірлік қағидаларына айналғандықтан, олардың қылмыстың кез келген түріне барудан еш тайсақтамайтынын құқық қорғаушылар жыл өткен сайын дәлелдеуде. Сөзіміздің дәлелі ретінде шайтанға табынушылардың қолымен жасалған бірнеше қылмыстарды тізіп шықсақ: *1994 жылы Мәскеу облысындағы Фризино қалашығындағы Православье шіркеуінің діни қызметкерін азаптап өлтіріп, ақ матаға «бізді күтіңдер» деп жазып кеткен. *АҚШ-тың Огайо штатында сектанттар жыл сайын жаңа туылған 5 сәбиді құрбандыққа шалып келген. Интерполдың анықтауынша, елдің батыс штаттарында жыл сайын 100-ге жуық сәби олардың құрбандығына айналады екен. *1996 жылы Санкт-Петербургте қаршадай қызды, 1995 жылы Брест қаласында бір ұлды құрбандыққа шалған. Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады. Алайда, қалың оқырман біліп осыдан сабақ алсын (жиіркеніп, бойын аулақ ұстаса, мақсатымыздың орындалғаны) деген оймен олардың қалай құрбандыққа шалуын тәптіштеп жазуды жөн көрдік: Жыл сайын шайтанға табынушылар бір жас жігітті немесе қызды (көбіне қыздарды құрбандыққа шалуды абзал көреді) құрбандыққа өз қалауымен шалады. Ол өз келісімін бергенше түрлі сиқырлық жолдармен арбап оны көндіреді. Қызды адам көзінен таса жерге апарып, өздерінің белгісі болып есептелетін шеңбер ішіндегі бес жұлдыз бейнеленген үстелдің үстіне жатқызады. Бұл шараға шайтанға табынушылардың 12 сиқыршысы қатысады. Олар айнала үстелді қоршап тұрғанда, екі ыдысқа құйылған шошқа мен тауықтың қаны әкелінеді. Ыдыстағы қаннан 12 сиқыршы «дәм» татқаннан соң, қыздың үстіне құйылады. Содан соң, оны зорлап, түрлі қинау тәсілдерін қолданып өлтіреді. Шайтанға арналған құрбандық рәсімі аяқтала салысымен, там-тұмдап жанып тұрған жарық сөндіріліп, шараға жиналғандардың барлығы бір-бірімен жыныстық қатынас жасауға көшеді. Әкесі қызымен, баласы қарындасымен немесе шешесімен жақын болудан еш тартынып қалмайды... Ал, шайтанға табынушылардың тікелей қатысуымен жасалған мына қылмыс ешқандай ақтауға келмейтінін біліп, жағамызды ұстадық. Калифорния штатындағы Манхэттон-Бич қалашығындағы балабақшаның қожайыны Мак-мартин Баги мен оның баласы Раймонд аталмыш сектаның белді мүшелері болатын. Бір күні бір баланың шешесі ұлының құйрығынан қан ағып тұрғанын байқап, дәрігерге көрсетеді. Дәрігер баланың зорланғанын айтады. Мұны естіген байғұс ана не істерін білмей полицияға шағымданады. Сөйтсе, мұның тамыры тереңге кетіпті. Балабақшаға әр жылдары барған 400 баладан сұрақ алынғанда, оның 360-ы өздерінің жыныстық зорлауға түскендерін айтқан. Қожайынның жас жеткіншектерге көрсетпеген қорлығы қалмаған сияқты. Оларды порнофильмдерге түсуге, жануарлармен жыныстық қатынастарға баруға және оларды азаптап өлтіруге, түрлі шайтани рәсімдерді орындауға күш көрсетіп, зорлап отырғаны анықталған. Сондай-ақ, Раймонд бірнеше мысықты және жылқыны өлтіріп, олардың қанын ішуге мәжбүрлеген. «Егер айтатын болсаңдар, онда әке-шешелеріңді, ағаларың мен әпкелеріңді және барлық туыстарыңдарды өлтіреміз»,– деп қорқытқан. Осы жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу 5 жылға созылған. Алайда, сектанттардың адвокаттары осы аралықта балаларды барынша сөзден жаңылдырып, өз мүшелерін ақтап шығарған... Сонымен қатар, порнография, наркотик бизнестерімен айналысады. Адамды тура жолдан шығаратын барлық қылмыстарға бара береді. Себебі, өмірлік мақсаттарының өзі де сол. Бір сөзбен айтқанда, олар шайтанның көмекшілері.

ЖАУ ЖОҚ ДЕМЕ...
Ресми емес мәліметтерге қарағанда, Алматы және Қарағанды облысының Саран қаласында олардың бірнеше жасырын ұйымдары бар көрінеді. Тоқсаныншы жылдардың ортасында Сарандағы «Шайтан шіркеуі» заңды ұйым ретінде тіркелуге ұмтылыс жасаған. Алайда, құжаттары дұрыс болмағандықтан, тіркелмей қалды деген дерек бар. Дегенмен, оларды тыныш жатыр деп айтуға болмайды. «Егер олар тіркеле алмаса, өз қызметтерін жасырын жалғастыра береді. Мысалы, бал ашумен, жұлдызнамалар жасаумен, магиямен шұғылданады»,– дейді әлемдегі түрлі ағымдарды зерттеуші мамандар. Көршіміз Ресейде олардың дәурені жүріп тұр десек, артық айтқандық емес. Федералдық тергеу басқармасының мәліметіне қарағанда, бір Мәскеудің өзінде шайтанға табынушылардың 15 ұйымы бар екен. Ең ірісі 1974-75 жылдары құрылған «Қара періште» атты ұйым. Басқа елдегі «әріптестері» сияқты олар да негізінен шайтанның жолын уағыздайды. Әсіресе, соңғы уақыттары Мәскеудің жоғары оқу орындарына түрлі жолдармен кіріп, студенттерді азғыра бастағаны байқалады... Осындай жағдайларға қарап еріксіз ойланасың. Алып Ресейдің өзі оларға тіс батыра алмауда. Демек, қолдаушысы мен сүйенетіні әлсіз емес. Сондықтан да жау жоқ деме жар астында, ағайын! Бізді шайтан лағынеттің жолынан иман ғана құтқарып қалатынын әсте естен шығармауымыз ләзім.
Кеулімжай ҚҰТТИЕВ, «Ислам және өркениет».


Категориясы: "Ислам және өркениет" газеті... | Ендірген: islam_publish (30.Қараша.2008) | Авторы: islam & orkeniet
Көрілді: 2123 | Рейтингі: 5.0/2 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2014 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhasik84_vip

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3913
Осы ай ішінде: 13
Осы апта ішінде: 2
Кеше: 1
Бүгін: 0