|
|
 | Діни мақалалар |  |
Бөлімдегі материалдар: 344 Көрсетілген материалдар: 1-10 | Беттер: 1 2 3 ... 34 35 » |
Адамнан жасыра алмағаныңды, Алладан жасыра алмайсың: қазақ – өте аңқау, ғұмыры басқалардың алдау-арбауына баладай сенiп, барынан айрылумен келе жатқан ұлт. Оған не орыс, не шүршiт келiп: "Сендер керемет қонақжай халықсыңдар", – деп мақтаса болды, дастарқанындағы ең дәмдiсiн де баласының аузынан жырып соларға бередi. Қазекем Ресейден азаттық алдық деп шәпкесiн аспанға лақтырып жүрген соңғы 20 жылда да бұл аңқаулығынан арылудың орнына бұрынғыдан да аңқауланып, танауы делдие түстi.
|
|
Астапыралла, естімеген елде көп деген рас екен. Жүре берсең көре бересің деген қазақ атамның сөзі тура келді. Елорданың сауда орталығының бірінде өткен бір шалбар үшін жұртты тыр-жалаңаш шешіндіру акциясы елді елең еткізді. Мұны жылдың ең жағымсыз жаңалығы деуге болады. Жыл соңында «батыстың жаппай жалаңаштану» атты қауіпті вирусы бізге де келіп жетті. Мұндай сорақы шара анау-мынау емес еліміздің бас шаһары - Астанада өтті. Тегін киінудің бір ғана шарты бар. Дүкенге тыржалаңаш кіріп, көпшіліктің алдында арлы-берлі ойқастап жүрсеңіз болғаны. Есесіне су жаңа джинсі шалбарын тегін иеленесіз. Бір өкініштісі, мұсылманшылығымызға таңба салатын ұятты істі жаңа жыл қарсаңында су жаңа сыйлық ретінде жасаған өзге емес, өзіміздің қаракөз бауырларымыз. Тұтынушыларды тырдай жалаңаш шешіндірген акцияны ұйымдастырушылар бұл әрекеттерін жастарды белсенді өмірге шақырудың тәсілі, тұтынушы тартудың бір жолы дейді.
|
Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) — мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді. Хиджраның 1432 жылындағы сапар айының басталуы 2011 жылдың 5-қаңтарына (кей жерлерде 6-ы) сай келеді.
"Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:
1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;
2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған.
|
Аяусыз қатігездікпен басып-жаншылған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, сол оқиғаның тікелей басы-қасында болғандықтан, әлі күнге дейін көз алдымда. Ульяновскіден келген орыс басшысына деген наразылықтан туған кездейсоқ өрбіген оқиға десек, көтерілістің мәнін төмендетіп аламыз, дұрысы империялық үстемдікпен жүргізілген ұлт саясатына қарсылық білдірген жастардың саналы қозғалысы.
|
Смайыл СЕЙІТБЕКОВ, ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысындағы өкілі:
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел көлемінде атқарып жатқан ізгі бастамалары мен игі діни іс-шаралары нәтижесіз емес. Сіз өкіл болып отырған өңірде бұл үрдіс қалай жалғасын табуда? Жалпы облыстағы бүгінгі діни ахуал қандай?
- Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет басшылық етіп отырған Діни басқарманың ұйытқы болуымен еліміздің әрбір өңірінде көңілге қуаныш ұялатар игі діни іс-шаралар атқарылып жатса, біздің облыста да мұсылман бауыр-ларымыз тарапынан асыл дініміздің өр-кендеуі үшін қолға алынып жатқан ауыз толтырып айтарлық жұмыстарымыз бар. Халықты хақ жолға бұрып, дінді үйрету мақсатында келелі іс-шаралар атқарылуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шыққан пәтуалардың бәрі халыққа түсіндіріліп, іске асырылып, Бас мүфти хазрет алға қойған міндеттемелер мен бұйрықтар дер кезінде шешімін тауып, жүзеге асып жатыр.
|
Қазір ауыл, аудан, қала көшелерінің қай мүйісінде де темекі,
құрт, шемішке тәрізді ұсақ-түйектерді сатып отырған әйелдердің сөресіне көз
тастасаң, жылтыр қағазға ұзынша етіп оралған насыбайлардың бірнеше түрін
көресің, ішінде ұп-ұсақ түйіршіктілері де, талқан тәрізді түрлері де бар. Бір
таңқаларлығы, бұрын көшелерде насыбайды қазақ әйелдері сатса, енді, оны саған орыс,
сыған әйелдері де ұсынады. Ал, аудан, қала орталығындағы базарлардың қайсына
барсаң да әр түрлі құтыларға салынған насыбайлар тұнып тұр. Соны көргеніңде
өзің насыбай атпайтын болғандықтан, «Осы насыбай дегенің қандай зат?», - деп
ойға қалады екенсің...
|
Марқұмға
сауабы тиетін амалдар Қабір – ақырет
әлемінің ең алғашқы аялдамасы. Бұл әлемнің ақиқаты тек Аллаһ тағалаға ғана
аян. Аллаһ Пайғамбары (с.ғ.с.) айтқандай, қабір – нағим, яғни рахаты бар және
жахим, яғни азабы бар әлем.
Ибн Омардың (р.а.) келтірген хадисінде:
«Расында, сендердің бірің қайтыс болса, оған күндіз және кешке орны
көрсетіледі. Егер жәннаттық болса, жәннат иелері қатарынан, ал тозақтық болса,
тозақ иелері қатарынан. Сөйтіп оған: "Бұл – Аллаһ сені қиямет күні қайта
тірілткенге дейінгі орның»1,– деп айтылады.
Ал, имам Ахмедтің хадисінде: «Мүминнің жаны,
қайтыс болса, Аллаһ оны тірілтетін күні тәніне қайтарылғанға дейін жәннат
ағашына ілініп ұшып тұрады»2,– делінген.
|
Ұят – иманнан
Имам Малик риуаят еткен хадисте ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
إنّ لكلّ دينٍ خُلُقاً, و خلقُ الإسلامِ الحياءُ.
Яғни: «Расында әрбір
діннің бір мінезі бар. Исламның мінезі ұяңдық (ұят)», деген.
Мұса (ғ.с.) үмбеті
қаталдық мінезімен, Иса (ғ.с.) үмбеті кешірімшілдік сипатымен, ал Мұхаммад
(с.ғ.с.) үмбеті ұят мінез құлқымен ерекшеленеді. Қадірлі пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
мұсылманды жақсылыққа талпындыратын және жамандықтан сақтайтын бір негіздің
болуын көздеді. Бұл негіз ұят екенін үйретті. Осылайша жақсы амалды тәрк етуден
және жаман амалды істеуден ұялуға үндеді.
|
بسم الله الرحمن الرحيم
Шын мәнінде адам баласын әртүрлі әрекеттерге жетелейтін күш, істі жүзеге асыруға көмектесетін қуат – ниет. Сол ниеттің күшімен адам көп тер төгіп, көптеген ауыртпашылыққа төтеп береді. Кейде адамның іс-әрекеті мен ішкі дүниесі, яғни ниеті үйлеспей жатады. Екі адам айны қатесіз бір амал жасауы мүмкін. Алайда, екеуінің ниеттері екі түрлі болғандықтан амалға екі түрлі баға беріледі. Ғұламалар: «Қаншама ақыреттік амалдар ниетке байланысты жай қарапайым әрекетке айналады. Қаншама дүниелік істер ниетке байланысты сауапты амалға айналады»,-деген екен. Адам баласы жақсы ниетпен жасаған күнделікті әрекеттері: тамақтануы, жұмыс істеуі тіпті ұйықтауы да сауап амал болуы мүмкін.
|
|
Жалпы «такфир» немесе «һижра жамағаты» деген (өздерін «мұсылман жамағаты» деп атаушылар) ағым – исламдағы шектен шыққан топ болып табылады. Бұл ағым сенімдерінің негізі хауариж ағымының такфир ұғымына құрылады. Хауариж – Ислам тарихында ең алғаш пайда болған кереғар ағым. Бұл ағымның мүшелері ІІІ Халифа Осман бин Аффанды және ІҮ халифа Әли бин Әбу Талибті қастандықпен өлтірген. Осман және Әли – ұлық сахабалар, Ислам дініне көп еңбек сіңірген тұлғалар. Хауариждер Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларын ғана емес, мыңдаған бейкүнә мұсылмандардың да қанын төккен.
|
|
|
|