Астапыралла, естімеген елде көп деген рас екен. Жүре берсең көре бересің деген қазақ атамның сөзі тура келді. Елорданың сауда орталығының бірінде өткен бір шалбар үшін жұртты тыр-жалаңаш шешіндіру акциясы елді елең еткізді. Мұны жылдың ең жағымсыз жаңалығы деуге болады. Жыл соңында «батыстың жаппай жалаңаштану» атты қауіпті вирусы бізге де келіп жетті. Мұндай сорақы шара анау-мынау емес еліміздің бас шаһары - Астанада өтті. Тегін киінудің бір ғана шарты бар. Дүкенге тыржалаңаш кіріп, көпшіліктің алдында арлы-берлі ойқастап жүрсеңіз болғаны. Есесіне су жаңа джинсі шалбарын тегін иеленесіз. Бір өкініштісі, мұсылманшылығымызға таңба салатын ұятты істі жаңа жыл қарсаңында су жаңа сыйлық ретінде жасаған өзге емес, өзіміздің қаракөз бауырларымыз. Тұтынушыларды тырдай жалаңаш шешіндірген акцияны ұйымдастырушылар бұл әрекеттерін жастарды белсенді өмірге шақырудың тәсілі, тұтынушы тартудың бір жолы дейді.
Жалпы «такфир» немесе «һижра жамағаты» деген (өздерін «мұсылман жамағаты» деп атаушылар) ағым – исламдағы шектен шыққан топ болып табылады. Бұл ағым сенімдерініңнегізі хауариж ағымыныңтакфирұғымынақұрылады.Хауариж – Ислам тарихында еңалғаш пайда болған кереғар ағым. Бұл ағымныңмүшелері ІІІ Халифа Осман бин Аффанды және ІҮхалифаӘли бинӘбу Талибтіқастандықпенөлтірген. Осман жәнеӘли –ұлықсахабалар, Ислам дініне көп еңбек сіңірген тұлғалар. Хауариждер Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларынғана емес, мыңдаған бейкүнәмұсылмандардыңдақанын төккен.
Әлемде діндер мен түрлі діни ұйымдар
көп болып кеткені көптен бері көз үйренген нәрсе. Алайда солардың ақиқаты мен
дұрысы қайсы? Алыстағыны ақтармай-ақ қояйық, өзіміздің 14 ғасырдан бергі
мұсылмандар ұстанып келе жатқан қасиетті «Ислам» дініне тоқталайық. Соңғы
кездері қыбыласы бірдей, Құраны да бірдей бола тұра мұсылмандар арасында
түсінбеушіліктер мен бөлінушіліктер көбейіп кетті. Себебі олардың арасында
саяси мүддені көздейтін топтар болса, екінші орында мұсылмандардың арасына іріткі
салу арқылы ірітуге бағыттайтын топтар. Бұлардың барлығын да бірденнен
білімсіздік пен діни сауатсыздықтан туындаған көрініс десек әбден жарасады. Қайсыбір
ағымды мысалға алсаңыз, олардың түпкі мақсаттары басынан-ақ «қайтсек осы мұсылмандарды ойрандатамыз» деген
ұранмен құрылған. Осы нәрсені топтың құрамындағылар мен астындағылар біле
бермейді, сондықтан да олар жауға шапқан сарбаздай тек алға баса береді. Алайда
осылардың біздерге керегі не, атам қазақ ежелден бері дәстүрлі ислам діні мен
Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолын ұстанып келген жоқ па? Сонда аталмыш топтар
кімдер өзі деген сауалмен бас қатырып тоқтап қала береміз.
- Мұртаза мырза, қазір «қазақ исламы» деген сөз жиі айтылады. Олардың пікірінше, жеке ұлт, халық болған соң «араб исламы», «өзбек
исламы» және тағы басқа халықтардың дінінен «қазақтың исламы» өзгеше болуы
керек. Исламды осылайша түсінуге бола ма?
- Осы мәселені айта-айта тілім жауыр болды. Және менің пікірім кейбіреулерге
ұнамайды. Ұнамаса да, тағы да айтамын: Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің
қазақтардың арасында Кеңес дәуірінде қалыптастырылған христанша ойлау санасы
басым. Тіпті, «зиялымын», «ұлтшылмын» деп жүрген азаматтардың көпшілігі
христианша түсінікте. Себебі Кеңес өкіметі қаншалықты атеистік саясат жүргізді
деп айтқанмен, саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық шараларды таза христандық,
иудейлік негізде жүргізді.
Адасушылық атаулының ең ұлысы. Дінімізге
еңгізілген жаңалықтардың ең жиіркеніштісі. Аллаһ Таъаланың рахымынан
құр қалдырып, жәннаттың харам етілуіне себепші болатын күнә ол Аллаһ
Таъаладан өзге бір зат яки нәрседен жәрдем сұрау және сол зат яки нәрсе
арқылы Құдайдан сұраймыз деп пендені Алланың бір Өзіне емес дәнекерге
мұхтаж етіп көрсету.
Зүмәр сүресінің 2 - 3 аятында Рахман иеміз : „(Мұхаммед ғ.с.) расында
саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыр
арнап, құлшылық қыл. Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай
Алладан өзгені дос тұтқандар: „Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп
қана табынамыз„ (дейді.) Күдіксіз олардың араларындағы таласқан
нәрселеріне Алла Таъала үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте
қарсы болса, оны тура жолға салмайды.
Есіміз кіріп, етек-жеңімізді жиғалы бері өмір өзенінде талай тегеурінді толқынның астында қалып кеттік. Суреттеп айтқанда сенім атты падишамыз ылайланбай қалған кезі аз. Оң мен солын танымаған кезімізде біздің үйге әлдебір кітап келді. Оны кім әкелді, қайдан келді, кім сыйлады, есімде жоқ. Бар білетінім, өзімнен үш жас үлкен ағам әлгі кітапты таң атқанша маған оқып берген-ді. Оқиғасы тартымды, суреті қанық сол кітаптың Иса Мәсіх жолын уағыздайтынын ол кезде мен қайдан білейін. «Керқұла атты Кендебайды» оқып иланғандай сезімде болдым. Сендім. Санамдағы сенім атты ақ параққа дақ түсті.
2004 жылдың маусым айы. Өзбекстан. Ташкент қаласындағы АҚШ елшілігі мен
Израиль елшілігінде алапат жарылыс болды. Көп кешікпей дәл осындай
лаңкестік әрекет сол елдің Бас прокуратурасының ғимаратында да жалғасты. Осы бір қанды қырғыннан екі адам мерт болып, тоғыз тұрғын түрлі
жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жарылысты «Орталық Азия мүжахидтері
жамағаты» ұйымдастырғаны мәлім болды. Кейіннен өзін-өзі өлімге қиған
лаңкестердің қазақстан азаматтары екені анықталды.
Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні - ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деген қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. Тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген.
Дінсіз қоғам ешуақытта дами алмайды. Себебі, Ата Заңымызда айтылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Ал, бұл халықты тәрбиелеп, дұрыс жолға жетелейтін тіршіліктің бөлінбес бір бөлшегі – дін. Дін қай елдің болмасын бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған ортаға, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға деген көзқарасын айқындайтын тірегі.Мұсылман елі болған соң қасиетті «Құранға» бойсұнатын халықпыз. Дегенмен де, бұл Ислам дініне қайшы әрекеттер жасап, теріс пиғылдарды уағыздап жүрген «Хизбут тахрир» тобын айтуға болады. Осы сөздің шығу төркініне үңілсек, “Хизб” сөзi араб тiлiнен алғанда “топ”, “партия”, ал “ат–тахрир” сөзi “азат ету” деген мағынаны бiлдiредi екен.
Дін – миллиондаған қазақстандықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Көп дінді Қазақстан қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет шарт. Себебі, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік бас қосуларда өзге басшылармен бірге Қазақстан дінбасылары да қатысып, өз ой пікірлерімен бөліседі. Олар қоғамымыздың бірлігін нығайтуға еңбек сіңіріп жүр.