- Мұртаза мырза, қазір «қазақ исламы» деген сөз жиі айтылады. Олардың
пікірінше, жеке ұлт, халық болған соң «араб исламы», «өзбек исламы» және тағы
басқа халықтардың дінінен «қазақтың исламы» өзгеше болуы керек. Исламды
осылайша түсінуге бола ма?
- Осы мәселені айта-айта тілім жауыр болды. Және менің пікірім кейбіреулерге
ұнамайды. Ұнамаса да, тағы да айтамын: Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің
қазақтардың арасында Кеңес дәуірінде қалыптастырылған христанша ойлау санасы
басым. Тіпті, «зиялымын», «ұлтшылмын» деп жүрген азаматтардың көпшілігі
христианша түсінікте. Себебі Кеңес өкіметі қаншалықты атеистік саясат жүргізді
деп айтқанмен, саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық шараларды таза христандық,
иудейлік негізде жүргізді. Балабақшадан бастап, өмірдің барлық кезеңіндегі
тәрбие осылай болды. Жетпіс төрт жыл ішінде ислами түсінікке көп элементтер
кіргізілді, қоғамды христиандарша ойлайтындай етті. Бұлай болып жатқанын,
христиандарша түсінікпен жүргенін адамдардың өздері де біле бермейді. Біреулер
«мен өмірімде орыс көрмеген қазақпын, не айтып тұрсың» деп, дауласуы мүмкін.
Бірақ, өкінішке орай, қалыптасқан қазіргі жағдай солай болып тұр. Мысалы, жазушы
Дулат Исабеков ағамыз ана бір жылы «Дініміз өзгерсе, өзгерсін, мәдениетіміз
өзгермесін. Мейлі, христиан болайық, әніміз өзгермесін» деп, «Қазақ
әдебиетінің» бірінші бетінде мақала жазды. Міне! Ал бұл кісі тек қазақша жазып,
қазақ тілімен жұртқа белгілі болған, бедел алған адам. Және өзі қазақы жерде,
оңтүстікте туған азамат. Оны орыстанып кеткен адам деп ешқашан айта алмайсың.
Солай бола тұра, өмірге деген түсінігі мұсылман қазаққа жат. Осындай жайттардың
бәрін зерттей келе мен «қазақстан қоғамы хриcтианша ойлайды» деген тұжырымға
келдім.
Христиан дінін ұстанатын халықтардың жеке-жеке діні бар. Мысалы, орыс
православиесі – орыстардың христиандық діні. Грек православиесі – гректікі, копт
провославиесі – Египеттегі алты миллиондай копттардың діні. Олардың шіркеулері
бөлек, біріне-бірі бағынбайды. Польшаның католиктігі мен Португалияның
котоликтігі бөлек. Осындай бөлінушілік протестант шіркеулерінің ішінде тіпті
көп. Мысалы, Британиядағы патшалық әулеттің діні – Англикан шіркеуі Рим католик
шіркеуінен бөлініп, ұлттық сипатқа ие болды. Олардың рухани иерархиясы да,
қабылдайтын шешімдері де бөлек. Сондықтан христиандықта жиырмадан астам ағым
пайда болды. Бәрі «христианбыз» дейді, бірақ бірін-бірі мойындамайды. Исламда
мұндай үрдіс жоқ. Ислам дінді ұлтқа, нәсілге бөлмейді. Ал «исматуллашылар»
деген суфизм атын жамылған секта болса «бізге араб исламының керегі жоқ, бізге
дала исламы, қазақ исламы керек» деп, исламға христиандық санамен қарайды. Бұл
өте қате түсінік. Өйткені, ислам бір ғана ұлтқа тән емес, күллі адамзатқа тән.
Исламның қарсыластары осы түсінікті бүлдірмек болып жүр. Олар – Еуропа елдері мен
Америка. Ресейде де осындай пиғыл кейде жалт ете қалады. Өздерінің дініне
ұқсату арқылы мұсылмандардың бірлігін жоймақ. Өздерінің теріс пиғылын суфизм
тариқаттары арқылы жүзеге асырмақ. Бұл жобаның авторы – АҚШ. Осы елдің
идеологтары «қазір әлемде діни терроризм, оның ішінде ислам терроризмі күшейіп
келе жатыр, Хизбут-Тахрир, әл-Қаида сияқты радикалды ұйымдар күшейіп барады,
мұсылман елдерінде саяси ислам күшейіп барады т.т.» дегенге саятын он шақты
қауіпті айтады. Енді осы қауіптен сақтанудың жолын қарастырады. Исламды жою
мүмкін емес, өйткені ол Аллаһтың діні. Сондықтан, дінімізді бөлшектеудің,
бұрмалаудың әдісіне көшті. Олар өздерінің бұл жобасын «әлжуаз, осал, бағынышты ислам
жасау» деп атайды. Бұл жоба бойынша біздің атымыз мұсылман, затымыз христиан
болады. «Исматуллашылар» сияқты суфизм тариқаттары исламнан гөрі христиандыққа
жақын» деп айтатыным сондықтан. Әлгі жобаны ойластырып жүргендер исламды
бөлшектеу үшін суфизм тариқаттарынан басқа тәңіршілдік, шыңғысханшылық,
зороастризм, тотемизм, анимизм сияқты нанымдарды жаңғыртпақшы. Осы ағымдармен
«исматуллашылардың» тілектестігі, бірін-бірі ақтап, бірін-бірі жақтап жүруінің
себебі сол. Америкалық миссионер Чарльз Уеллердің шығармаларын қарасақ, ол Құрандағы
исламды қауіпті, радикалды етіп көрсетеді де, суфизмді жақтап, ақтап жазады.
Сондықтан, мені жиі қаралап жазатын «исматуллашылардың» үнпарақтарына айналған
«Евразия.кз», «Үш қиян» сияқты басылымдар христиан миссионерлеріне,
тәңіршілдерге қарсы пәлендей мақала бермейді. Пайғамбарымызға, дінімізге
жасалған шабуылдарға телміре қарайды. Өйткені, олар айтып жүрген «қазақ исламы»
ұлттық формат тұрғысында қарастырсақ, түп негізінде тәңіршілдікке, пұтқа
табынушылыққа алып барады.
- Шииттерде «тәкия» – екіжүзділік тактикасы бар. Мұны елдің ішіне кіріп
бүлдіру, шииіттендіру мақсатында қолданады. Сопылық тариқаттарға жасаған
зерттеуім мені осындай ойға жетелейді. Сіздің осы мәселе бойынша пікіріңіз
қандай?
- Қазақ халқының тарихында, кең тараған болмаса да, суфизмнің болғаны рас. Суфизмнің
түркі халықтарында болғаны рас. Орта Азияда, Кавказда, Түркияда суфизм
тариқаттарының дамығаны рас. Болған нәрсені «болған жоқ» деп айта алмаймыз.
Проблема, қасірет дейікші, суфизмнің жоқ болғанында емес, бар болғанында.
Сондықтан, қазір бізге «суфизм керек пе, жоқ па?» деген сұрақты талқылау өте
маңызды. Меніңше қазіргі заманда суфизмнің бізге еш қажеті жоқ.
Ислам дінінде суфизм жоқ. Біздің Пайғамбарымыз суфм пірі болған жоқ. Мен бұл
жерде дін туралы айтып отырмын. Суфизм Пайғамбар заманынан 250-300 жылдан кейін
ІХ‑Х ғасырда шықты. Мұсылмандар Месопотамия, Сирия, Кавказ, Мысыр, Үндістан сияқты
өзіндік мәдениеті бар аймақтарды бағындырды. Кейбір патшалар исламды өз еркімен
қабылдады. Сонда жергілікті халықтардың әдет-ғұрпының, наным-сенімдерінің көп
элементтері мұсылман мәдениетіне еніп кетті. Зороастризм, маздакизм, манихеизм
уағыздаушылары, будда монахтары, христиандар мен йаһұдилер өздерінің діни сенім
қағидаларын, өздерінің иерархиялық жүйесінің элементерін мұсылмандарға әкеп құя
берген. Мысалы, Бұхара деген қаланың атауы этимологиялық жағынан алғангда
буддизмдегі «вихара» – «аскеттерді дайындайтын оқу орны» деген сөзден шыққан
деген болжам бар. Суфизм христиандықтың аскетизмін, йаһұдиликтің каббала
мистицизмін, буддизмнің «нирвана» – «кәміл адамға жету философиясы»,
шаманизмнің безгектей зікір салуын және пұтқа табынушылықтың көптеген
нышандарын жинақтаған. Кейбір суфи тариқаттарда шиизмнің элементтері де бар.
Мысалы, «әл-Мәһди» нанымы, өздерін «Мәһдидің сарбаздарымыз» деп санауы шиизмді
еске түсіреді. Әрине, ішінде исламның элементтері де бар. Мысалы, олар «Құран»,
«хадис», «шариғат» сөздерін келтіріп, Пайғамбарымызды да айтуы мүмкін, кейбір мұсылман
ғибадаттарын, діни ресімдерді жасауы да мүмкін. Бірақ, біз суфизмнің арғы
мақсатын айтатын болсақ, Аллаһқа, исламға бармайды. Барлық мәселе осында.
Ал, қазақ арасында суфизмнің нақшибандия тариқаты болған. Иассауия тариқаты
Ахмет Йассауи өлген соң бірнеше ғасырдан кейін жойылып кеткен. Өйткені, жаңадан
тариқат ашқан пір ескі тариқаттың шәкіртерін өзіне бағындырып алатын болған.
Мысалы, ХІІ ғасырда өмір сүрген Йассауи тариқатында «жария зікір» – дауыстап
зікір салу әдеті болған. Ол мына «исматуллашылардың» зіркілдеген зікірінен басқаша
болатын. Ал, ХV ғасырда Йассауи тариқатының орнын басқан Мұхаммед Баһауидин
Нақшибанди «жария зікірге» тыйым салған. Ол «құпия зікірді» – яғни, зікірді
іштей айтуды дұрыс деп санаған. Бұл суфизмнің өз ішіндегі үлкен келіспеушілік.
Сөйтіп, түркі жұртында нақшибандия кеңінен таралған. Жойылып кеткен Йассауи
тариқатын жаңғыртпақ болып жүргендер үшін А.Йассауи қабірінің қазақ жерінде
болғаны жеткілікті. Йассауия тариқатында «исматуллашылар» қазір жасап жүрген
ғибадаттар болды ма, болмады ма, оны ешкім білмейді, бұл даулы мәселе. Егер А.Йассауидің
қабірі Қырғызстанда болғанда, исламды бөлшектеушілер сонда баратын еді. Бұл
Батыстан жасалып жатқан саяси жобаның бір қыры. Әр елге өзіндік тактика
қолданады.
Суфизм деградацияға ұшыра отырып, әсіресе, ХV-XVIIІ ғасырларда кеңінен қанат
жайды. Суфи тариқаттары ислам әлемін бөлді. Ислам өркениетіндегі регресс
суфизмнің прогресімен басталды. Суфилардың жақсы көретін мынадай мақалы бар:
«Пірі жоқтың пірі шайтан», «Ұстазы жоқтың ұстазы шайтан». Бұл нені білдіреді? Аллаһты
мансұқтау, Аллаһтың құдіретіне шек келтіру және фәни адамға табындырудың жолы.
Ғылымның жойылуы, рационалды ойлаудың жойылуы суфизмнің кең таралуымен
басталған. Суфизм адамнан оның ақылын ажыратады, адамды санасыз құлға
айналдырады, адамнан зомби жасайды. Олардың түсінігінде белгілі зікірлерді,
тапсырмаларды орындап тұрсаң, ұстазыңның, піріңнің, тақсырыңның разылығына ие
болсаң, сен ең бақытты адамсың. Сөйтіп адамды адамға құл етеді. Адамның тағдырын
Аллаһ емес, тақсыр мен пір шешеді. Адамның қалай жатып, қалай тұратынын, кіммен
үйленетінін, ажырасатынын, не жазатынын, не айтатынын, бәрін-бәрін тариқат
көсемдері шешеді. Христиандыққа ұқсайтын тұстары да бар. Мысалы, христиан
дінінде Құдай бар, бірақ ол әріде тұрады, барлық мәселені шіркеу шешеді, Папа
шешеді. Кімнің тозаққа баратыны, кімнің пейішке баратыны патриархтың қаулысымен
шешіледі.
Суфилер халықты адастырғанда, «суфизм жүректі тазарту жолы, асылдың асылы, әр
адамға қонбайды, әркім суфи бола алмайды» деп айтады. Жүректі тазарту, ізгі жан
болу, жақсы адам болу, нәпсіні тыю, көркем мінезді болу, рухани тазару деген
мақсат болса, оның бәрі қасиетті Құранда жазылған. Олар айтқандай, жақсы адам
болу үшін исламнан шығып, суфизм жолына түсудің еш қажеті жоқ. Құранның жолы
біздерге жеткілікті. Онда бәрі бар.
‑ Әңгімеңізге рахмет.
мына фобиямен абден ауырган гой деймин. Шизофрения десе де болатын шыгар? расында да туркияда билим беру таяз екен немесе Булутай коп сабактарга катыспаган гой. Алде оны "уаххаб" деп айтуы бекер емес пе? Ораз Алимбек те бирдеме дейтин болыпты гой. 31-ден кеткен сон коныз терип кетип еди.
Мүкең өзін дүзеп алсын... Ал сосын суфизімде көп шындық бар. Мұхаммед ғ.с пайғамбар болудан бұрын ылғый тауға шығып тыныш үңгірде жалғыз отыратын... Алла тағала осыны себеп етіп Мұхаммед ғ.с ның ерекше ихуаттарын,көңіл көзін ашып,оны елші етті, Құранан,Хадистен білеміз; Ол кісі әдеттегі адамдар көрмегенді көреді, естиді, біледі.... Яғни бірдеме десе, ол кісі көріп, естіп, сезініп, біліп айтады...ал көп адам пайғамбар былай деген деп көрсоқырлықпен, көрмей , білмей, сезінің түйсінбей сөйлейміз, бұл әлінен асқандық шығар. Көп нәрсені адамның ақылы түсінбейді, ақыл қарапайым түйсіктен жоғары шығар,бірақ ақиқатты тануға әлде жеткіліксіз, ақлыдан жоғары бір саты бар,соны ашу керек, яғни ол Мұхаммеддің ғ.с пайғамбарлы басталардың алдындағы сияқты тыныш жерде ұзақ ұзық отырулар сияқты жаттығулар арқылы қолға келеді...
وإذا قال: أنا محتاج إلى محمد في علم الظاهر دون علم الباطن، أو في علم الشريعة دون علم الحقيقة؛ فهو شر من اليهود والنصارى الذين قالوا: إن محمداً رسول إلى الأميين دون أهل الكتاب، فإن أولئك آمنوا ببعض وكفروا ببعض فكانوا كفاراً بذلك، وكذلك هذا الذي يقول: إن محمداً بعث بعلم الظاهر دون علم الباطن، آمن ببعض ما جاء به وكفر ببعض فهو كافر ، وهو أكفر من أولئك؛ لأن علم الباطن الذي هو علم إيمان القلوب ومعارفها وأحوالها هو علم بحقائق الإيمان الباطنة، وهذا أشرف من العلم بمجرد أعمال الإسلام الظاهرة.
И если скажет некто[из тех, кто претендует на статус "авлия"]: "Я нуждаюсь в следовании за Мухаммадом в 'Ильм уз-Захир, но не в 'Ильм ул-Батын", или скажет "Я нуждаюсь в следовании за Мухаммадом в 'Ильм уш-Шари'а, но не в 'Ильм уль-Хакика", то [утверждающий это] хуже евреев и христиан, которые говорят: "Мухаммад был послан только к неграмотным(т.е. к арабам), но не к ахль-Китаб". Поистине, таковые веруют в одну часть, и не веруют в другую часть, и по этой причине являются кяфирами. Тоже самое относится к тому, кто говорит: "Мухаммад был послан с 'Ильм уз-Захир, но не был послан с 'Ильм уль-Батын". Таковой верует в одну часть, и отрицает другую часть, и таковой является кяфиром. И его куфр более велик, чем куфр вышеперечисленных. Ведь 'Ильм уль-Батын - это наука, [исследующая] веру сердец("иман уль-кулюб"), познания их("ма'ариф") и состояния("ахваль"). Это - наука о сокровенной сути Веры("хака'ик уль-иман уль-батына"), и эта наука превосходит знание отвлечённых внешних деяний Ислама.
Шейхуль-Ислам Тукаюдин Абуфатх Мухаммад бин Али бин Вахб, известный как Ибн Дакик аль-Ид, родился в 625 году по хиджре. Его отец был ученым маликитского мазхаба и сам Ибн Дакик хорошо изучил этот мазхаб, а потом изучил у Ибн Абдусалама шафиитский мазхаб. Он издавал фетвы в соответствии с двумя этими мазхабами и достиг уровня муджтахида. Он преподавал в крупных научных центрах Египта и занимал должность судьи в Египте.
Ибн Аль-Имад в книге «Шазарату л-захаб» пишет, что Ибн Абдусалам говорил: «Египет гордится двумя людьми со своих окраин: Ибн Муниром из Александрии и Ибн Дакиком из Карса».
Аз-Захаби писал про него: «Верховный судья Египта, выдающийся ученый, шейх и ученейший муж Египта, предводитель, хафиз, образец для подражания, богобоязненный, ученый века - он был выдающимся ученым в двух мазхабах, разбирающимся в хадисоведении. Его книги стали известными…».
Ибн Касир писал про него: «Один из ученых своего времени. Более того – величайший, наиболее знающий, наиболее религиозный и богобоязненный из ученых своего времени…. У него имеются книги, которые пользуются большой популярностью. Он преуспел во многих науках, особенно в хадисоведении. В этом он превзошел своих современников и со всех концов исламского мира к нему за знаниями держали путь ученики…».
Следующая цитата из книги Тажуддина Ас-Субки дает наиболее полное представление о степени его учености и духовности: «Все наши ученые шейхи были единодушны в том что Ибн Дакик является ученым - обновителем седьмого столетия, о котором говорится в хадисе Пророка (мир ему и благословение), и что он - учитель своего времени в науках и религии».
Вместе с тем он был очень скромным и богобоязненным человеком. Он говорил: «Я не сказал ни одного слова и не совершил ни одного поступка, прежде не продумав, как я отвечу за это в Судный день перед Аллахом».
Что касается отношения к суфизму этого великого ученого, имам Аль-Яфии в книге «Миратул-джинан ва ибратул-якзан» пишет: «Он имел хорошее мнение о шейхах и праведниках. Я слышал, что он посещал одного из шейхов, и когда подъезжал к его дому, то слезал с лошади, снимал чалму и заходил внутрь лишь в простенькой шапочке на голове. Он пожаловался однажды одному из суфиев по поводу посторонних мыслей во время молитвы – и тогда шейх сказал ему: «Отвратительно сердце, в котором присутствует что-либо, кроме Аллаха. Когда при Ибн Дакике упомянули этого суфия, он сказал: «Он рядом со мной лучше, чем тысячи факихов».
Имам Ахмад Ханбаль. До знакомства с суфиями он говорил своему сыну Абдулле: "О мой сын, ты стремись к изучению хадисов и отдаляйся от тех, кого называют суфиями. Некоторые из них могут не знать норм своей религии". Когда же он подружился с суфием Абу Хамзой аль-Багдади и познал суфийский образ жизни, то сказал своему сыну: "О мой сын, ты стремись к сближению с этими людьми, они превзошли нас знаниями, самонаблюдением, страхом перед Всевышним, благочестием и высокой степенью решимости".(Амин Курди. Танвир аль-кулюб. С. 405.)
Имам Шафи´и говорил: "Я дружил с суфиями и получил от них в пользу только два выражения: "Время - меч, если ты его не разрубишь, то он срубит тебя" и "Если ты не увлечешь Аллахом свою низменную душу (нафс), то он увлечет тебя страстями" (Джалялюддин ас-Суюти. Та´йиду аль-хакикати аль-алийя. С. 15.)
Имам Малик сказал: "Кто стал ученым и не стал суфием, тот будет грешником. Тот, кто стал суфием и не стал ученым, тот будет еретиком. А тот, кто воплотит в себе науку и суфизм, тот, действительно, приобретает Истину".(Али аль-Адави. Хашия ´аля шарх аль-имами аз-Заркани ´аля матни аль-азийя фи- ль-фикхи аль-малики. Т. 3, С. 195).
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.