Шырмауық - Адасқан ағымдар - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 22:50
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 736
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Адасқан ағымдар


Шырмауық
2004 жылдың маусым айы. Өзбекстан. Ташкент қаласындағы АҚШ елшілігі мен Израиль елшілігінде алапат жарылыс болды. Көп кешікпей дәл осындай лаңкестік әрекет сол елдің Бас прокуратурасының ғимаратында да жалғасты.

Осы бір қанды қырғыннан екі адам мерт болып, тоғыз тұрғын түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жарылысты «Орталық Азия мүжахидтері жамағаты» ұйымдастырғаны мәлім болды. Кейіннен өзін-өзі өлімге қиған лаңкестердің қазақстан азаматтары екені анықталды.

Олар – 1972 жылы Семей қаласында туған Иса Еруов,  1966 жылы Тараз қаласында туған Әуезхан Шаюсупов және тағы бір семейлік 1972 жылғы Дулат Ысқақов. Ал осындай қастандықты ұйымдастырған 1980  жылғы Ербол Қадырсізов  халықаралық іздеуде жүр.  
«Әл Қаида» халықаралық лаңкестік ұйымына кіретін террорлық топ елімізде 1994 жылы пайда бола бастаған. Олар ислам дінін жамылып, көптеген қазақ жастарын теріс жолға түсірді. Солардың бодауында кетіп, қазір тар қапаста қамалып отырғандардың бірі – Қайрат Сәтбаев.
Ауылда жұмыссыз жүрген жігіт алғашында адасып жүрдім дейді. Кейіннен бұл жүрістен бір пәлеге ұрынатынын айтып туған-туысқандары ақыл қосқан. Содан дінге бет бұрып, мешітке бара бастаған. «2000 жылдары Семейдегі «Тыңбай» деген мешітке барып жүрдім. Кейіннен осы жерде Иса Еруовты көрдім. Ол Шымкенттен келгенін айтты. Бұрынғыдай емес, көп өзгерген. Сақалын өсіріп, өзін салмақты ұстайды. Осыларына қарап сыйламасқа лаж жоқ. Шымкентте оқып жүр екен». Осы кезде жұмыссыз жүрген Қайратқа Исаның қамқорлығы іздегенге сұраған болды. Сөйтіп, Шымкентке шақырған. «Шымкентте Иса күтіп алады. Барғандардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлеседі. Иса:  «Қазір бір кісі келеді, сол кісімен сөйлесесіңдер. Ары қарай қалайсыңдар ма, жоқ па, оны өздерің шешесіңдер», – деді. Содан Жақшыбек Бимұрзаев деген бір жігіт келді. Озін Хакіммін деп таныстырып, жиһад туралы сөз қозғады. Бұл сөзді теледидардан естігенім болмаса білмейді екенмін», – деп жалғастырады сөзін Қайрат. Жақшыбек: «Сендер – мұсылмансыңдар. Парыздарыңды өтеп, ораза ұстап, намаз оқып жүрсіңдер. Сол сияқты жиһад та – Аллаға деген құлшылық, парыз», – деп түсіндірген.
Жиһадты мұсылманның парызы деп түсінген Қайрат тура жолдан тайып кеткенін өзі де сезбей қалыпты. Лаңкестік ұйым өкілдері мұнда келгендерді психологиялық жағынан өздеріне бағындырып, құран сүрелерін бұрмалап алған. Тіпті жиһад қыламын деушілерге Ауғанстанға дейін жол ашып береміз деп уәде еткен. Әлгілердің айтқанына имандай сенген Қайрат пен оның жанындағы бір топ жігіт енді дайындықтан өте бастайды. Олар 2004 жылы Семей қаласының маңындағы лагерьде әскери өнердің қыр-сырын меңгеріп, шығыс жекпе-жегімен шұғылданған. Қайрат осы кезеңді былайша еске алады:
– Бекер отыра бермей, қолдарыңа қару алып, атып үйреніңдер. Шыны, тағы басқа заттарды көздеп, дәл тигізіңдер. Осыны үйреніп алсаңдар, ертең өздеріңе амал болады, – деп айтты. Сосын: «Сендер исламы жоқ елде тұрасыңдар. Басқа жамағатқа Алланың сөзін жеткізбесең, жиһад қылмасаң, харам болады», – дедi. Былайша айтқанда, Қазақстанда ислам жоқ дегенді айтты. Сонда біз барлығымыз күнәһар екенбіз. «Ұстап отырған ораза, оқыған намазымыздың бәрі бекер», – деді.
Ташкенттегі жарылысты ұйымдастырып, жанкештілерге жөн сілтегендердің бірі – Жақшыбек Бимұрзаев. 1976 жылы туған. Ұлты – қырғыз. Бейбіт халықтың берекесін алып, жарылыс жасаған Жақшыбек көп ұзамай қазақстандық құқық қорғау қызметкерлерінің құрығына ілікті. Қазір ол Арқалықтағы түрмеде жазасын өтеп жатыр.
«Ауғанстанда кімнiң кіммен соғысып жатқаны белгісіз. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін ұқпайды. Ол жерде бір-біріңді түсіну немесе ақ пен қараның арасын ажырату қиын. «Әл Қаида» үшін көптеген адам түрмеде отыр. Тіпті арасында Англиядан келген азаматтар да бар», – деп еске алады өткенін. Істеген ісіне жиіркенішпен қарайтын Қайрат қазір бармағын шайнап жүр. Жастарды өзі секілді өзгенің жетегінде кетіп, айтағына ермесе екен дейді. «Мен өмірімде көп кедергіге ұшырадым. Бірақ жетістікке жеттім, жиһад қылдым деп айт­паймын. Өзімді тежей алмаған кездерім болды. Олар жастарды ауғандық жиһад, шешендiк жиһад, ирақтық жиһад болуға үгіттейді. «Бұл – тозаққа бармаудың жолы» деп түсіндіреді. Қарапайым халық осыны түсінбей, бұрыс жолға түсіп кетеді. Олардың бізге қандай жол көрсеткенін енді ғана түсініп отырмын», – деген Қайрат өткен күніне өкінеді. Қазір оның бос уақыты көп. Діни кітаптарды ақтарған сайын өз ісінен өзі шошиды. Өзі түскен жолдың я қасиетті Құранға, я пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисіне сай келмейтінін түсінген. Яғни негізгі ізгі исламнан алшақтап, нағыз шайтанның жолына түскені, жалпы адамзатқа қарсы әрекет қылғаны өзегін өртейді. «Орталық Азия мүджахидтер жамағаты» ұйымының мүшелеріне қатысты сот ісі 2006 жылы аяқталған. Олардың әрқайсысы 8 ден 25 жылға дейінгі мерзімде жазаларын өтеуге кесілді. Ал он жыл арқалаған Қайрат Астана қаласындағы түрмеде қамауда жатыр.
P.S. ҚР Жоғарғы Сотының шешімі бойынша Қазақстанда «Орталық Азия мүжахидтер жамағаты» «Әл Қаида», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Өзбекстан Ислам қозғалысы», «Күрд халық конгресі» лаңкестік ұйым болып танылды. Сондай-ақ экстремистік бағыттағы «Асбат Әл Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Боз құрт»,  «Лашкар-и-Таиба», «Талибан», «Синрике», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Азия мұсылмандары комитеті», «Ислам даму орталығы», «Хизб-ут Тахрир», «Таблиғи Жамағат» діни бірлестіктерінің қызметіне тыйым салынған.


Ақпарат көзі: http://www.jasqazaq.kz

Категориясы: Адасқан ағымдар | Ендірген: Hayrulla (09.Қазан.2009) | Авторы: Диас Нұрақын, Дулат Жексенбайұлы
Көрілді: 1057 | Рейтингі: 4.4/7 |


Барлық пікірлер: 1
29.Сәуір.2011
1. Мэлс
Алла өзінің тура жолымен жүруді, әрдайым адаспай хақты ғана білуді жазсын.

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0